«Жылу, электр және жарық құбылыстары» Таңдаулы курсының бағдарламасы 8 сынып оқушыларына арналған
«Жылу, электр және жарық құбылыстары» Таңдаулы курсының бағдарламасы 8 сынып оқушыларына арналған
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушылардың қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады.
Физика-эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.
Бағдарламаны құруда 8-сынып оқушыларына арналған қосымша материалдар пайдаланылады.
Курстың өзектілігі: Жылу, жарық,,электр құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім беріледі.
Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады.Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.
Сонымен қатар бұл курс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, негізгі физика бағдарламасы материалын терең меңгеруге және қабілеті бар оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.
Бұл курстың теориялық бөлімі оқушылардың қазіргі заманғы техника туралы біліктерін жалпылауға, техникалық құрылғылардың негізгі принциптері туралы білімдерін жүйеге келтіруіне мүмкіндік береді. Сабақтар лекция, әңгіме, техникалық құрылғылар және приборларды құрастыруға арналған өзіндік жұмыстар, өздері дайындаған приборлармен зертханалық жұмыстар жүргізу түрінде өтіледі.
Теориялық сабақтар барысында зерттелініп отырған құрылғылар мен приборлардың физикалық принциптерін толық қарастыру қажет, өйткені бұл процесс оқушының салыстыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушының құрастыру кезіндегі жеке жұмысында технологиялық міндеттерді шешудегі шығармашылық дағдысын қалыптастырады.
Курстың мақсаты және міндеттері :
Курстың негізгі мақсаты— ғылыми білімнің іргелі негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету.Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;
мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу,
пәнаралық (химия математика т.б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;
белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру ,жаңашылдыққа баулу;
алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;
окушылардың негізгі физика курсындағы білімдерін тереңдету, қызығушылыктарын арттыру;
дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі- табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интелектуалды дамуын қалыптастыру
Курстың практикалық маңыздылығы
Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, есептер шығауға, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Курстың құрылымы:
Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған
Сабақты жүргізу әдістері:
Теориялық, практикалық сабақтар, семинар сабақтар.
Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:
— физикалық құбылыстарды талдау;
- физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;
- физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу;
- Біліктері:
- оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;
- алған өлшеу нәтижелерін талдап, жүйелеу;
— физикалық есептерді шығара алу жауапты талдау;
— қарапайым есептер құрастыра білу;
— есеп шығарудың аналитикалық, графиктік, эксперименттік әдістерін меңгеру;
Есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құбылысты сипаттай, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» тексере білу керек;
өзін-өзі бағалай алу
Оқушылардың білімін бағалау:
І.Тестілеу
1.Жылу құбылыстары
2.Электр құбылыстары
3.Электромагниттік құбылыстар
- Жарық құбылыстары
ІІ. Бақылау жұмыстары
1.Жылу мөлшері.Отын энергиясы.Термодинамика бірінші заңы
- Ом заңдары. Өткізгіштерді әртүрлі қосу.Токтың жұмысы мен қуаты.
Джоуль-Ленц заңы.
3.Магнит өрісінің күш сызықтары.Индукциялық ток.Трансформатор
4.Линзада кескін алу.Оптикалық күші. Фокус аралығы.Линзаның үлкейтуі
. Бейімделген бағдарлама мен оқытқанда оқушылар материалды терең түсінеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын
Тақырыптың мазмұны
Жылу, жарық және электр құбылыстары- 34 сағат
8 сынып, аптасына 1сағат,барлығы 34 сағат
Кіріспе (2 сағат)
Кіріспе.Термодинамика және электродинамика дамуындағы физика ғалымдарының еңбегіне шолу.
Жылу құбылыстары ( 7 сағат)
Ішкі энергия.Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері.Жылу мөлшері.Энергияның жылу процестеріндегі сақталу және айналу заңы.Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы.Жылу құбылыстары бойынша есептер шығару.№1 зертханалық жұмыс Шыны түтікті әртүрлі формаға майыстыру.№2 зертханалық жұмыс Бу машинасы моделін жасау
Электр құбылыстары (8 сағат)
Электрдің тұрмыстағы маңызы.Электрленген денелердің өзара әсері.Электр өрісі. Жермен қосу.Денелерді ықпал арқылы электрлеу.Электр тогы. Вольта және гальвани элементтері. Атмосферадағы электр құбылысы.Найзағайдан қорғану.
Электр тізбегі және оның құрама бөліктері.Токтың кернеу мен кедергіге тәуелділігі.Электр тогы жұмыс мен қуаты. Электр энергиясын есептеу.Қрғағыштар.№3 зертханалық жұмыс Джоуль мен калория арасындағы қатынасты табу.№4 зертханалық жұмыс Электр қыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау.
Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)
Магниттік құбылыстар.Токпен магниттеу.Ықпал арқылы магниттеу.Компас.Электр қоңырау.Электр телеграф.Электромагниттік реле. Телемеханика туралы ұғым. Телефон.Электр қозғалтқыштың қолданылуы. Айнымалы ток генераторы.Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы.Трасформатор.Электр энергиясын алыс жерге жеткізу үшін трансформатор қолданылуы.№5 зертханалық жұмыс Электромагнит релесін құру және оны сынау №6 зертханалық жұмыс Тұрақты ток электр қозғалтқышын құрастыру.
Жарық құбылыстары. (9 сағат)
Жарық сәулесі.Жарық шоғы.Жарықтың жазық-паралель пластинкадан және призмадан өтуі. Линзалар. Нәрселердің линзадағы кескіні.Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Микроскоп. Көз және көру. Көздің кемістіктері. Көздің гигиенасы. Қоян, жылқы т.б. көру өрісі. Ақ жарықтың түстерге жіктелуі. Дененің түсі №7 зертханалық жұмыс Сәуленің жазық-паралель пластинкада және үш бұрышты призмада сынуын бақылау. №8 зертханалық жұмыс Линзаны пайдаланып кескін түсіру.
Оқу- тақырыптық жоспар
Реті | Сабақ реті | Тақырыбы | Сағат саны | Білім нәтижесі | Оқыту әдіс тәсілдері | Ескерту | |
лекция | практика | ||||||
1 | Кіріспе | 1 | Танымын кеңейту | Ауызша түсіндіру | |||
2 | Термодинамика және электродинамика дамуындағы физика ғалымдарының еңбегіне шолу. | 1 | Қызығушы лығын арттырады | Ауызша түсіндіру, лекция | |||
3 | Ішкі энергия.Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері | 1 | Танымын кеңейту | Ауызша түсіндіру | |||
4 | Жылу мөлшері Энергияның жылу процестеріндегі сақталу және айналу заңы | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
5 | Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. №1 зертханалық жұмыс Шыны түтікті әртүрлі формаға майыстыру | 1 | Қызығушы лығын арттырады | Практикалық сабақ | Түзу шыны түтіктер, спиртшам | ||
6 | Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы | 1 | Танымын кеңейту | түсіндіру | |||
7 | Жылу құбылыстары бойынша есептер шығару | 1 | Шығармашылыққа баулиды | Жазбаша есептер шығару | |||
8 | .№2 зертханалық жұмыс Бу машинасы моделін жасау
| 1 | Қызығушы лығын арттырады | Практикалық сабақ | Сүт қалайысы, спиртшам, шыны түтік, | ||
9 | Бақылау | 1 | Теориялық білімін кеңейтеді | Жазбаша есептер шығару | |||
10 | Электрдің тұрмыстағы маңызы. Электрленген денелердің өзара әсері.Электр өрісі. | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
11 | Жермен қосу .Денелерді ықпал арқылы электрлеу | 1 | Танымын кеңейту | түсіндіру | |||
12 | Вольта және галь вани элементтері. Атмосферадағы электр құбылысы . Найзағайдан қорға ну.
| 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
13 | Электр тогы жұмыс мен қуаты. Электр энергиясын есептеу | 1 | Танымын кеңейту | Эксперимент жасау арқылы | |||
14 | №3 зертханалық жұмыс Джоуль мен калория арасындағы қатынасты табу | 1 | Қызығушы лығын арттырады | Практикалық | 250мл стакан, термометр, ток көзі, амперметр,вольтметр, таразы,секундамер,кілт,керосин,жалғағыш сымдар | ||
15 | Тест. Есептер шығару | 1 | Шығармашылыққа баулиды | Жазбаша есептер шығару | |||
16 | .№4 зертханалық жұмыс Электр қыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау.
| 1 | Қызығушы лығын арттырады | Практикалық | Электр плитка,суы бар ыдыс,термометр,сағат,таразы, мензурка | ||
17 | Бақылау | 1 | Теориялық білімін кеңейтеді | Жазбаша есептер шығару | |||
18 | Магниттік құбылыстар.Токпен магниттеу.Ықпал арқылы магниттеу.Компас | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
19 | Электр қоңырау.Электр телеграф.Электромагниттік реле. Телемеханика туралы ұғым. Телефон. | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
20 | Электр қозғалтқыштың қолданылуы. Айнымалы ток генераторы.Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
21 | Трасформатор.Электр энергиясын алыс жерге жеткізу үшін трансформатор қолданылуы | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
22 | №5 зертханалық жұмыс Электромагнит реле | 1 | Қызығушылығын арттырады | Практикалық сабақ | Электромагнит,ток көзі, кілт,шам | ||
23 | №6 зертханалық жұмыс Тұрақты ток электр қозғалтқышын құрастыру | 1 | Қызығушылығын арттырады | Практикалық сабақ | Динамо метр, шар,жіп, өлшеуіш сызғыш, раразы, гирлер | ||
24 | №6 Зертханалық жұмыс. «Энергияның сақталу және айналу заңын пайдаланып сырғанау үйкелісінің коэффициентін анықтау» | 1 | Қызығушылығын арттырады | Практикалық сабақ | Білеуі бар лабор-қ трибометр,динамометр, таразылар гирлер,жүк жиынтығы, штангенциркуль,жіп | ||
25 | Электромагниттік құбылыстар тақырыптарына есептер шығару.Бақылау
| 1 | Қызығушылығын арттырады | Жазбаша есептер шығару | |||
26 | Жарық сәулесі Жарық шоғы.Жарықтың жазық-паралель пластинкадан және призмадан өтуі. | 1 | Танымын кеңейту | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
27 | Линзалар. Нәрселердің линзадағы кескіні.Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Микроскоп. | 1 | Қызығушылығын арттырады | Демонстрация бойынша түсіндіру | |||
28 | №7 зертханалық жұмыс Сәуленің жазық-паралель пластинкада және үш бұрышты призмада сынуын бақылау | 1 | Қызығушылығын арттырады | Практикалық сабақ | Пластина,призма,сызғыш,транспортир,түйреуіш, қағаз | ||
29 | Көз және көру. Көздің кемістіктері. Көздің гигиенасы. Қоян, жылқы т.б. көру өрісі. Ақ жарықтың түстерге жіктелуі. | 1 | Қызығушылығын арттырады | Ауызша түсіндіру | |||
30 | . №8 зертханалық жұмыс Линзаны пайдаланып кескін түсіру.
| Қызығушылығын арттырады | Практикалық сабақ | өлшеуіш лента, электр шамы,ойыс линза, дөңес линза,экран, жұқа тақтайша | |||
31 | Линзада кескін алу есептер шығару | 1 | Танымын кеңейту | Жазбаша есептер шығару | |||
32 | Қиын есептерді талдау | 1 | Шығармашылыққа баулиды | Жазбаша есептер шығару | |||
33 | Бақылау | 1 | Теориялық білімін кеңейтеді | Жазбаша | |||
34 | Тест | 1 | Теориялық білімін кеңейтеді | Жазбаша |
Әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:
- А.А Покровский. Аударғандар: Ү. Уақасова, К. Желеуова. Орта мектептегі физика практикумы . Алматы «Мектеп». 1983
2 .О.Ф. Кабардин и др; Под редакцией
О.Ф. Кабардина, В.А. Орлов. Методика факультативных занятий по физике: Пособие для учителя . Москва, Просвещение, 1988
- П.С.Карякин. Краткий сравочник по физике. Москва «Высшая школа»1964
- Л.Э. Генденштейн и др. Задачи по физике для основной школы спримерами решений. «Илекса» Москва 2005
- М.И.Блудов. Беседы по физике Москва.Просвещение 1970
- В.А.Балаш Задачи по физике. Москва.Просвещение 1983
- И.Н.Веселовский Физика и опыт Москва. Просвещение 1970
- Башарұлы Р,Қазақбаева Д,Тоқбергенова У. Физика және Астрономия.
Әдістемелік құрал.Алматы.Мектеп 2005 ж.
- Дүйсенбаев Б,Қазақбаева Д. Физика анықтамалық құрал. Алматы.Рауан 1996 ж.
- В.А.Золотов. 6-7 кластардағы физикадан сұрақтар мен есептер «Мектеп»баспасы Алматы1976
11.А.В.Постников Проверка знаний учащихся по физике 6-7 классы «Просвещение»Москва 1986
- Анарбаева А.Т. Физика есептерін шығару тәсілдері Алматы «Мектеп»1987
- Я.И.Перельман Қызықты физика «Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» Алматы-1956
- Н.К.Гладышева, А.Т.Глазунов Контрольные работы по физике
Москва.Просвещение 1986
- О.Ф.Кабардин Факультативный курс физики 7 класс Москва. Просвещение 1973
Оқушыларға арналған әдебиеттер
- А.В.Пёрышкин, Е.Я.Минченков Физика «Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» Алматы-1963
- С.Ф.Покровский Опыты и наблюдения в домашних заданиях по физике. «Издательство академии педагогических наук»,1963.
- Б.Г.Ахметова,Н.Б.Кадыров,Н.Қойшыбаев.Физиканы қайталайық «Мектеп»Алматы 1976
- С.П.Мясников,Т.Н.Осанова Пособие по физике «Высшая школа» Москва 1981
- В. Кем, Б. Кронгарт. Есептер жинағы «Физика және астрономия-8»
- Н.А.Родина Световые явления «Просвещение»Москва 1986
- Башарұлы Р,Қазақбаева Д,Тоқбергенова У. Физика және Астрономия.
Әдістемелік құрал.Алматы.Мектеп. 2005 ж.
- Дүйсенбаев Б,Қазақбаева Д. Физика анықтамалық құрал Алматы.Рауан. 1996 ж.
- В.А.Золотов. 6-7 кластардағы физикадан сұрақтар мен есептер «Мектеп»баспасы Алматы1976
- А.В.Постников Проверка знаний учащихся по физике 6-7 классы «Просвещение»Москва 1986
- Анарбаева А.Т. Физика есептерін шығару тәсілдері Алматы «Мектеп»1987
- Я.И.Перельман Қызықты физика «Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы» Алматы-1956
.
Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназия физика пәнінің мұғалімі А.К.Қуанованың
«Жылу,электр және жарық құбылыстары»
атты 8 сынып оқушыларына арналған бейімделген курсының бағдарламасына
ПІКІР
Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық, өндірістік дамуының тездетіп өсуіне байланысты техникалық мамандық иелеріне деген сұраныс артып отыр. Сол себепті де мектепте мектептерде физика пәнін тереңдетіп оқыту мәселесі қойылып отыр.Мұның бірден-бір дұрыс жолы физика пәнін тереңдетіп оқытатын бейімделген бағдарламаларды қолдануды дұрыс жолға қою болып отыр.
Бұл бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша ретінде ұсынылған.Бағдарлама 8 сыныпта физика пәнінен оқушылардың білім сапасының жоғарылауына, ойлау қабілетін, көзқарастарын және жеке тұлғаның интелектуалды дамуына мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларына қосымша материалдарды қамти отыра тереңдетілген және есептер шығару, практикалық жұмыстар, теориялық материалдар толық қарастырылған.
Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыруда, өз бетінше жұмыс атқаруына және оқу материалдарын жаңа технологияларды пайдалана отырып меңгертуге мұғалімге көмек ретінде ұсынады