«Ұлттық шешендік өнер» Қазақ әдебиеті 6 сынып

 

 

Таңдаулы курс:   «Ұлттық шешендік өнер»

                              Қазақ әдебиеті   6 сынып

 

Түсінік хат

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған.

Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 6 сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама 6 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алынған.

6 сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

Сөйтіп «Ұлттық шешендік өнер» деген атпен құрастырылған бағдарлама бірыңғай шешендердің айтысын немесе билердің дауын бейнелемейді, сонымен бірге халық даналығынан туған асыл ойларды, өсиет-насихат сөздерді, өткір мысқыл, әзіл, тапқырлық сындарды, т.б. қамтиды. Мұнда шешендік нақыл, тапқырлық сөздермен қатар ақындық терме, толғаулар да аз емес. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

 

Курстың  мақсаты:  Бұл шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты, оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен  ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

Курстың міндеттері:

1.Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

2.Көркем шығармаларды оқуға деген  қызығушылығын дамыту;

3.Шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

4.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;

7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

 

І.Мазмұндық бөлім.

Курстың мазмұны

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай, шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік арнау адам арасындағы қарым-қатынасты, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.

 

ІІ.Нормативті бөлім.

«Ұлттық шешендік өнер» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:

Сабақ ретіТарауларСағат саныОның ішінде
теориялықпрактикалықөзіндік жұмыс
ІКіріспе22
ІІШешендік өнер туралы түсінік211
ІІІЖақсыдан үйрен,

жаманнан жирен

3111
ІVҰлттық шешендік өнер4211
VШешендік арнау7421
Шешендік толғау6231
VІІШешендік дау7421
VІІІҚайталау11
ІХСынақ2

 

         ІІІ.Ақпараттық әдістемелік бөлім.

Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары

Таңдаулы курсты оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмыс арқылы жүзеге асады. Бағдарлы, бейімді оқытудың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарына дайындық болғандықтан жоғары білім беретін оқу жүйесіндегі әдістерді қолданған тиімді. Мысалы: дәріс-семинарлар, пікір алмасу, практикалық сабақтар, т.б.

Білімдерін тексеру және  бағалау жүйесі:

1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.

2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.

3.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.

4.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде  «тапсырылды» деп бағаланады.

5.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».

        

         Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Оқушылар білуге тиіс:

-шешендік өнер тарихын;

-шешенге қойылатын талаптар;

-шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибратты;

-ұлттық шешендік өнердің ерекшеліктерін;

-қазақ тарихындағы белгілі би-шешендер мен билер жайлы мағлұмат.

 

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;

-әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;

-кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра отырып баға беруі.

 

Әдебиеттер:

1.Адамбаев.Б. «Шешендік сөздер»  -Алматы: «Отау» 1992.

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журнал  №2, 2007.

3.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал  №11, 2007.

  1. «Қазақ тілін жедел оқыту». Қапасова.Б.Қ, Әбдіжүсіпова.Б.Х, Жұмаділова.Ш.Т -Астана: «Арман- ПВ» баспасы, 2007.