176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу

Тақырыбы: 176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жағдайларын меңгерту. Көбейту мен бөлудің өз ара кері амалдар екенін тиянақтау, өзара кері есептерді шығаруды жалғастыру, математикалық өрнектерді оқи білуді үйрету.

Б) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту үшін ауызша жазба есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

В) Тәрбиелілігі: Оқушылардың білім деңгейі мен ой-өрісінің жан-жақтылы-ғына, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, қиялын дамытуға әсер ету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет, кесте, үлестірмелі материалдар, үнтаспа.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма. Ойын: «Жылдамдылығыңды көрсет», «Рейтинг» әдісі арқылы соңғы жауабын тексеру.

124х3=372                        461х5=2305                         635х2=1270

372:124=3                         2305:461=5                         1270:635=2

 

Үнтаспадан «Бозжорға» әні орындалады.

Жарыс.

1-кезең. Математикалық диктант.

  1. Қандай санды 7-ге көбейткенде 63 шығады?
  2. 8 шығу үшін 72-ні нешеге бөлеміз?
  3. Ойлаған санды 8-есе арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап.
  4. Ойлаған санды 8-ге арттырғанда 80 шықты. Ойлаған санды тап.
  5. Мына сандардың арасынан 4-ке бөлінетін сандарды теріп жаз және теңдіктер құрастыр.

20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 30, 32.

2-кезең. Кім көп біледі?

Көбейту мен бөлу амалдарына байланысты қандай ережелер білеміз?

3-кезең. Ойлан тап?

1-топ. Ұзындығы 4 см, ені 2см тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.

2-топ. Ұзындығы 7 см, ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.

3-топ. Ұзындығы 6см, ені 4 см тік төртбұрыштың ауданын, периметрін тап.

Тез ойла!!!

а) 24 теңгенің 4-тен бір бөлігі.

36 теңгенің 6-дан бір бөлігі.

ә) 10 см-дің 2-ден бір бөлігі.

20 см-дің 4-тен бір бөілігі.

б) 28 сағаттың 7-ден бір бөлігі.

49 минуттың 7-ден бір бөілігі.

56 см-дің 7-ден бір бөлігі.

в) Кесіндінің 4-тен бір бөлігі 5см, кесіндінің ұзындығы қандай?

Есепте.

3квад.=3х3          5 квад.=5х5          8 квад.=8х8

10 квад.=10х10  4 квад=4х4            6 квад.=6х6

Жаңа материалды меңгеру.

Оқулықпен жұмыс. 190-бет.

 

1-мысал.

Өрнекті оқу: 176х4;  704:4

176           қысқаша: 176                     704  4             қысқаша:704   4

4                                  4                     4     176                           30     176

24                              704                    30                                      24

280                                                        28

400                                                       24

704                                                      24

0

Амалдарды орында және тексер

134                402   3                804  6           134

3                3       134             6     134           6

402               10                        20                804

9                         18

12                          24

0                             0

 

2-есеп.

А) 1-ж.-3 сағ. -15бұйым.-1сағ.- ? }

2-ж.-4 сағ. -16 бұйым. 1 – сағ. — ?  }  — ?

Екі ж. 5 сағ. — ? Бұйым

Жауабы: 15:3=5     16:4=4

5+4=9     9х5=45.

Б)

Бір сағ. жасалған бұйым саны.Жұмыс уақыты.Барлық бұйым саны
?5 сағ.25
?6 сағ.36

 

3-мысал.

(239-119)х3=120х3=360

(239-119):3=120:3=40

(101+111)х4=212х4=848

(101+111):4=212:4=53

5-мысал.

764               4                  500               5

(299+465) : (903-899) + (365+135) : (202-197) = 291

Өзіндік жұмыс.

72х4=                43х5=           64х6=

4х72=               5х43=            6х64=

6-мысал.

Жүздіктерді және ондықтарды 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз:

664;           646;        466;           464;         446;          667;

Жаңа сабақты қорыту.

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің қысқаша ыңғайлы тәсілді қолдануды меңгерді. Сабаққа жақсы, белсенді қатынасқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма. 7-мысал.