Өтініш

Өтініш

Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек — өтінішті білдіретін құжат.

Құрылымы:

  • мекеменің толық аты:
  • басшысының қызметі, атағы;
  • өтініш иесінің аты — жөні, мекен – жайы, телефоны;
  • құжаттың аты;
  • мәтіні;
  • жазылған мерзімі;
  • өтініш иесінің қолы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласының

№30 орта мектебінің директоры

Н.П.    Зайцеваға

Өтепбаев көш.12-үйдің тұрғыны

Д. Қ. Әлиасқаровтан

Т.34 –35 — 64

 

 

 

Өтініш

 

Менің балам, Әлиасқарова Дананы, бірінші сыныпқа қабылдауыңызды сұраймын.

 

 

12.08.06ж                                   қолы                                         /Д.Қ. Әлиасқаров/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласының

№30 орта мектебінің директоры

Н. П. Зайцеваға

Әуезов даңғ., 24 -үйдің тұрғыны

Т.П. Семеновадан

Т.42 –42- 19

 

 

 

Өтініш

Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.

Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:

  1. Жоғары білім туралы диплом;
  2. Төлқұжаттың көшірмесі;
  3. Өмірбаян;
  4. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс – қағазы;
  5. Медициналық кітапша.

 

25.08.06ж                                                                   қолы            / Т.П. Семенова/