Арыз
Арыз
Арыз – мекеме басшысының атына белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын іс – қағаздың бір түрі.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшысының қызметі, атағы, аты – жөні;
- құжаттың аты;
- мазмұны
- қосымша болса, оған сілтеме;
- жазылу мерзімі;
- қолы, арызданушының аты- жөні, кейде мекен — жайы.
№30 орта мектебінің
І ауысымның оқу- ісінің меңгерушісі
Е.Ю. Ставскаяға
Арыз.
Сізге арыз беру себебім, 6”А” сыныбының сабақта тәртіптерінің нашарлығы. Соның нәтижесінде білім сапасының төмендігі. Айтылғандарды ескеріп, шара қолдануыңызды сұраймын.
24.12.06ж қазақ тілі пәнінің мұғалімі
________ С.Р.Қамбекова.
- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Арыз кімнің атына жазылады?
- Қандай жағдайларда жазылады?
- Арыздың құрылымы қандай?
- Мектеп асханасына байланысты арыз жаз.