Сенімхат
Сенімхат
Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқығын екінші бір адамға берілгенін жазбаша түрде растайтын құжат.
Құрылымы:
- құжат аты;
- жазылған жері мен уақыты;
- сенімхат берушінің және алушының фамилиясы, аты- жөні, мекен – жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;
- ұйым мөрі басылған, растайтын жазба.
Сенімхат
Семей қаласы 02.06.06ж
Мен, Әбішева Айғаным Серікқызы, Қайдарова Ләззат Саматқызына/ Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 21-үй, 41- пәтер, жеке куәлік № 000776897 10.03.94ж ҚР ІІМ берген/ менің №30 орта мектебінен мамыр айындағы еңбекақымды алуына сенім білдіремін.
Қолы А.С. Әбішева.
А.С. Әбішеваның қолын растаймын:
№30 орта мектептің директоры: қолы Н.П. Зайцева.
МӨР
02.06.06ж
1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Сенімхат қандай құжат?
2.Сенімхаттың неше түрі болады?
- Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?
- Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
- Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?
6.Сенімхат қайда куәландырылады?
- Сенімхаттың құрылымы қандай?
2- тапсырма Сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.
Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхатқа қол қою, сенімхаттан бас тарту, өкілетті етемін.