Қолхат
Қолхат
Қолхат – белгілі бір іс — әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша, не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
Құрылымы :
- құжаттың аты;
- қолхат беретін адамның қызметі, аты – жөні, фамилиясы;
- ақша немесе құнды заттардың аты мен құны;
- уақыты мен қолхат берушінің қолы.
Қолхат
Мен, 10 “А” сынып оқушысы Асанов Тимур, мектептің бас бухгалтері В.В.Некрасовадан бір күнге 200теңге/екі жүз теңге/ қарызға алдым.
02.10.06ж қолы Т. Асанов.
1-тапсырма. Жағдаяттар бойынша қолхат жаз.
- Қарызға ақша алу
- Мекемеден уақытша еңбек кітапшасын алу