Түйіндеме / Резюме/

 

Түйіндеме / Резюме/

Түйіндеме – талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.

Құрылымы:

  • құжат аты;
  • талапкер туралы мәлімет/ аты – жөні, фамилиясы, туған күні мен жылы, туған жері/
  • мекен – жайы; телефоны;
  • автордың үміттеніп отырған ваканциясы;
  • үміткердің жұмыс орны, оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы;
  • қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
  • кейбір қосымша мәлімет / шет тілдері, түрлі курстар, шетел сапарлары т.б./;
  • ғылыми дәрежесі;
  • үміттенген ваканцияға қатысты жеке бастың кейбір қасиеттері, икемдігі;
  • қосымша ақпарат;
  • кепілдеме;
  • мерзімі;
  • қолы.

 

 

 

 

 

 

1 тапсырма Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйіндеме

Қайдарова Қарлығаш Бақытбекқызы

1970жылы 20 наурызда Семей қаласында тудым.

Мекен – жайым: Семей қаласы, 15 ықшамауданы 52-үй, 40- пәтер.

Үй телефоны: 34 –54 – 12

Жұмыс телефоны: 52 – 45 – 65

Мамандығым: дәрігер

Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері, дәрігер.

Білімі мен қызметі туралы мәлімет:  Семей мемлекеттік академиясының студенті 1981-1987ж.

№9 емхананың дәрігері 1987-1995ж

Балалық аурахананың бас дәрігері 1996-2006ж

Негізгі мәліметтер: Тұмау аурулары және оны емдеу жолдары мәселесімен айналасып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ресейде өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасадым.

Қосымша мәліметтер: Ана тілім – қазақ тілі. Ағылшын, орыс, неміс тілдерін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар.

Кепілеме туралы мәлімет: Семей қаласының денсаулық бөлімінің меңгерушісі берген кепілдеме қосымша  беріліп отыр.

 

17.02.07ж                                    қолы                             Қ.Б. Қайдарова.

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма.  Сөз тіркестерін аудар.

 

Түйіндеме толтыру, азаматтығы туралы, тілдік дағдылары, жұмыс тәжірибесі, нарық заманы, қысқа әрі нұсқа, жұмысқа орналасу, компьтерлік сауаттылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылым дәрежесі, отбасы жағдайы, еркін сөйлеу, жеке қасиеттері, қосымша ақпарат.