Визит карточкалары.
Визит карточкалары.
Визит карточкалары — іскер адамдардың қарым – қатынас жасауына арналған іскерлік құжат.
Құрылымы:
- аты – жөні, фамилиясы;
- қызметі;
- ғылыми дәрежесі;
- мекен – жайы;
- үй телефоны;
- жұмыс орнының толық адресі;
- жұмыс телефоны, факсы.
Стандарт көлемі: 50:90мм. Міндетті түрде қатты қағазда жасалады.
| ||||||
| ||||||
|
Дүние жүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа қатысты жағдайда қолданылатын, визит карточкалар арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескерте кеткен жөн.
“Pf” – құттықтау мағынасын береді
“Pr” – алғыс айту, рақмет айту, ризашылық білдіру мағынасын береді
“Р.С.”- көңіл айту мағынасын береді
“Р.р.”- ескі әріптесіңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс, кепілдеме хат орнында қолдану
“Р.р.с.”- қоштасу мағынасын береді.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік, іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Өмірдің барлық жағдайына жарамды.
1-тапсырма. Өзіңнің ата- анаңа визит карточка жаса.