Бұйрық
Бұйрық
Бұйрық – жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар. Бұйрықтың мынандай реквизиттері бар: елтаңба, мекеменің аты , құжат аты, жазылған күні, ороны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші (констатациялық) және жарлық, Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлігінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық рай ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т.б.) және бұйрықты орындаушыны (лауазымы адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.
Құрылымы:
-бланк штампының реквизиттері;
-құжат аты;
-күні, нөмірі;
-шыққан жері;
-мәтін тақырыбы;
-бақылау туралы белгі;
-қолы;
-виза:
-құжаттың орындалғаны туралы белгі.
«№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ
15.01.2007. №03-16 /72
Семей қаласы
Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызын жұмысқа қабылдау туралы
Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызы математика пәні мұғалімі қызметiне аптасына 18 сағаттық жүктемемен «15» наурыз 2007ж . бастап, ЖЕШ-на сәйкес жұмысқа қабылдансын.
Негіздеме: Қ.С. Байжұманованың өтініші.
Директор қолы Сүлейменов Б.Ш.
Бұрыштама белгі
Бұйрықпен таныстым қолы
«№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі