Жеделхат
Жеделхат
Жеделхат –телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды құжат.
Құрылымы:
- категориясы мен нөмірі;
- мерзімі, жіберілген уақыты;
- алушының аты – жөні, мекен – жайы;
- мәтін;
- қолы.
Жеделхат
ШҚО, Аякөз қаласы
Аталықова көшесі, 24- үй
А.Қ.Аитовқа
Мүшелтойың қайырлы болсын зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
1826 Омаров
Алматы қаласы
Сейфуллин көшесі 257
А.Т. Омаров
Жеделхат
Шұғыл
Қазақстан,
ШҚО, Семей қаласы
Өтепбаев көшесі, 14- үй
А.Қ.Сеитоваға
Тез арада факс арқылы төлқұжаттың көшірмесін жіберіңіз.
1826Ресей
Мәскеу қаласы
Пушкин көшесі 257
Жауапты хатшы Петрова А.С.
- тапсырма. Досыңды Наурыз мерекесімен құттықтап жеделхат жібер.
- Тапсырма. Сынып атынан өз мұғаліміңе құттықтаухат жаз.