Хабарландыру
Хабарландыру
Хабарландыру – бір нәрсе жайында мәлімдеу, хабарлау.
Құрылымы:
- құжаттың аты;
- кімге арналған;
- негізгі мәтін;
- хабарландыруды берген адамның /ұйымның/ аты – жөні
Хабарландыру
Қымбатты мектеп бітірушілер! Маусымның 20 күні сағат 19-да 11- сынып оқушыларының кеші/ дискотека/ өткізіледі.
Бәріңді мектеппен қоштасу кешіне шақырамыз.
Комиссия мүшелері.
Хабарландыру
Құрметті оқушылар!
20.10.07.ж біздің мектепте шахмат үйірмесі ашылды. Үйірме сағат 9-дан 10-ға дейін жұмыс істейді.
Үйірме жетекшісі Т.А.Қасенов.
Хабарландыру
Құрметті ұстаздар!
07.03.07ж сағат 12- де 8 Науырыз мерекесіне арналған салтанатты концерт болады.
Ұйымдастыру комитеті.
- тапсырма Хабарландыру жаз.
- Алмас Кішкенбаевтың концерті туралы хабарландыру
- Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтеді
- Мекеменің атынан мамандықтар қажеті туралы хабарландыру