Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың теориялық негіздері
І — тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың теориялық негіздері
1.1.Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі
Жалпы білім беретін мектептерде соңғы екі жыл көлемінде «Еңбекке баулу» пәнінің «Технология» болып өзгертілуі, оқушыларға оқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгертуде оқыту әдістемесінің жеткілікті болуын талап етуде. Қазіргі жаңа технология интегративті білім саласы негізінде жазылған оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын оқытудың тиімділігін арттырудағы ең басты тірек. Қандай пәнді оқытқанмен, ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты болады. Осылардың ішінде білім беруді нақыштап, мазмұны мен көлемін анықтауда оқулық негізгі орын алады. Өйткені оқулық мазмұны берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасатынын, немен аяқталатынын анықтайды. Басқа қолданылатын қосымша құралдар осы мазмұнға тәуелді түрде пайдаланылады.
Оқулық қай заманда да сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет деңгейі мен халықтың салт — дәстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал болып табылады. Білім негіздері ұрпақтан — ұрпаққа оқулықтар арқылы беріліп келеді. Білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын оқу құралдарының мазмұны оқулық мазмұнына байланысты өзгереді. Әр пәннің көздейтін мақсатына қарай оқулық мазмұны құрылады.
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа ендірілетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде оқушылардың зерттеушілік әркеттеріне жағдай тууы қажет. Себебі, оқулық мазмұны тікелей сол пәнді оқытуға қойылатын талаптан туындайды.
Оқулық мазмұны оқытудың тиімділігін арттырудағы басты тірек. Қандай пәнді оқытсақ ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты оқытудың әдістемесі анықталады. Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің айналып келген, әлде де пайдаланатын оқулықтар баршылық. Олардың қатарына — оқулық және қосымша оқу құралдары (сыныптан тыс уақыттарға арналған, көркем шығармалар, сөздіктер т.б.) жатады. Осылардың ішінде білім беруді бағыттап, оның мазмұны мен көлемін айқындауда оқулық негізгі орын алады. Қазіргі заман мәдениетіне байланысты мағлұматтарды, оқушының ой — өрісіне лайықты мағлұматтарды бере отырып, олардың дамуына жағдай жасайтындай. Соның ішінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай келетін оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуге әлеуметтік — гуманитарлық (тарих, қоғамтану, жағрапия, қазақ әдебиеті (орыс тілі) т.б.), жаратылыстану (математика, физика, химия, информатика т.б.) пәндерді оқытуда ескеруге болады. Мұнда оқушылардың туған елге, жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып дүниеге қызығушылығын күшейту үшін оларға алғашқы мәліметтер береді. Қоршаған ортамен таныстыру — адам, табиғат, өсімдік, жануарлар болғандықтан білім көзін
осылардан бастау керек. Экологиялық проблемалармен байланысты денсаулық сақтау. Оқулықтардың әдістемелік нұсқаулары, ғылымилығы, тәрбиелік мәні, өмірмен байланыстылығы ескеріліп, оқушылардың қазіргі заман талаптарындағы өмірге деген икемділігін байқауға болады.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға қазіргі заман мәдениетіне тән әлеуметтік — гуманитарлық пәндерде мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:
- оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
- мәтін көлемі шағындығымен қатар, тақырып мазмұнының ғылымилығы, әсерлілігі, бейнелілігі;
- берілген тапсырма оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс — әркетіне түрткі туғызуға сай келуі;
- берілетін білімнің оқушылардың өмір тәжірбиесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы.
Оқушылар жанұя, табиғат, қоғам мен ортамен арасындағы қатынас. Мәдениетті танып білуі үшін, өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра, оқып білген, тәжірибеден үйренген білім арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаларға да үйретеді. Біртіндеп өмір жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі.
Оқушыларға білім беруге арналған құралдардың ең негізгісі оқулық болып саналғанымен, оның мазмұны мемлекеттік құжат — бағдарлама талабынан алшақ кете алмайды. Жеке пәндерді оқытуда оқушыларға ғылыми ұғым беру қажет, ол ұғымдардың саналы меңгеруді жүзеге асырып, ептілікті қалыптастырудың негізгі мүддесі. Нақты заттар мен құбылыстар негізінде бақылау ұйымдастыру біртіндеп ұғымға ұласпақ. Ұғым — өте күрделі психологиялық процесс. Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы техникалар, түрлі машиналар, компьютерлер дәуірі қоғамның өрлеуіне, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне әсерін тигізіп отыруда. Бұлардың барлығы адамның өсіп — өнуіне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтанда ол қазіргі жастар өмірінде жаңаша мәдениетті талап етеді. Оны алдымен оқушыларды еңбекке даярлау қолданылатын бағдарламаларды зерделеу барысында қарастыру қажеттілігі туындайды.
Осы тұста Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа ұсынған «Технология» жалпы білім беретін мектепке арналған интегративті білім саласы негізінде жарыққа шыққан оқулықтарға тоқталамыз.
Қазақстан тарихында алғаш шыққан «Технология» оқулығында бұрынғы кезде еңбекке баулу сабағында өтілетін технология элементтері қамтылған. «Технология» ежелгі гректің «tecno» — өнер, шебер, білгір және «logos» ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология — шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылым. Адам баласының іс — әрекетіне қажет технологияның да сан алуан түрі кездеседі. Дегенмен әрбір адамға үнемі қажет технологиялар да жоқ емес. Олар: тамақ әзірлеу, үй мүлкін күту, ақпараттандыру т.б. технологиялары. Сонымен бірге оқулықтарда бағдарлама тарауларына байланысты шығармашылық жұмыстары, жоба берілген. Бағдарлама тарауларына сәйкес қолөнер бұйымдарын әзірлеуге қолөнерге, тамақ әзірлеу технологиясына, үй мәдениеті және тұрмыстағы техника, кәсіпкершілік және жанұя экономикасының элементтері тарауларына оқытуда қазақ халқының көне атауларына, оны қалай үйреткендігіне салыстырмалы талдаулар жасалынбаған.
Мысалы, қазақша мата атаулары, қазақтың ұлттық киімдерінің аттары, ыдыс атаулары, қазақша өлшем аттары, қазақ халқының бояу жасау дәстүрі, сабын жасау түрлері, бесіктің түрлері, киіз үй жиһаздары, киіз үй түрлері.
Ал, бағдарламаның мақсаты: оқушыларды ұлттық тәрбие негізінде өздігінен еңбек етуге, бұқаралық кәсіпті бейімділіктерін айқындау үшін тәжірибе элементтерін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында және жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен салт — дәстүрлерін оқып — үйрену үшін жағдайлар жасау, оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай — ақ тілін, салт — дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы негізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылыми — зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, оны әлі де болса тереңдей білімді қажет етеді. Қазақ халқында бұрын «Технология» деп атамаса да, май шайқап, құрт жасау, киімді әр түрлі тәсілмен тігу, сәндеу, тері өңдеу, кесте және кілем тоқу, киіз басу, арқан есу, ши тоқу, бала бағу, т.б. секілді жұмыстарды атқарған.
Міне, осы жоғарыда аталған технологиялар жайлы «Технология» оқулығында мәліметтер толығымен қарастырылмаған. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне аса көңіл бөлінбеген. Атап айтатын болсақ: 7-ші сыныптарда иықтық киімдерді әзірлеу технологиясына түнгі көйлек және камзол берілген. «Камзол» дегенде оқушы бірнеше киім түрлерін түсінуі мүмкін. Ал, егер камзол жеңімен болатын болса онда оқушылар жеңнің сызбаларымен бейтаныс болады. Егер камзол жеңсіз болса, онда киім атауларына көбірек көңіл бөлу қажет болады.
Тарихи деректемелерде қарағанда «камзол»,»жилет» терминімен сәйкес келеді. Мұндай жағдайда мұғалім камзол, бешпент әзірлеуді жоба тарауында ескеруі тиіс. Оқу — тәрбие процесі мұғалім мен оқушының қарым — қатынасынан тұратыны педагогика ғылымында дәлелденген, яғни мұғалім белгілі бір белгілі тақырып бойынша жинақтаған білім жүйесін оқушыға меңгерту үшін оны оқып — үйреніп, өз тәжірбиесінде қолдана бліуі тиіс. Сондықтанда болашақ маман иесі бағдарламамен етене таныс болып қоймай оны оқушылардың тәлім — тәрбиесінде тиімді пайдалану үшін, ондағы тақырыптар бойынша ғылыми — теориялық, практикалық, кәсіби білімдермен жеткілікті дәрежеде қаруланған болу қажет. «Фитодизайн» жайлы оқулықта мәліметтер қарастырылмаған.
Оыс секілді, 8-ші сыныпта «батик» технологиясы берілген. Батиктің суық және ыстық түрлері болады. Ал, мектеп жағдайында батикті жасау қазіргі экономикалық жағдайларда күрделі келеді. Сондықтанда жоғарыда келтірілген бояу жасау дәстүрін мұғалімнің сабақ барысында пайдалануды ескергені жөн. Себебі бояуларды рауғаштың тамырынан, талдың қабығынан, жосадан (қызыл топырақтан), қынадан, анар жемісінен алуға болады.
9-ші сыныпта мынадай сөйлем берілген: «Моншақтан бас киім, камзол, жейде тігу». Моншақтан киім жасау технологиясы берілмеген. Мүмкін, моншақпен бас киімдерді сәндеу деп қарастыру қажет секілді. Сонымен қатар «камзол» әзірлеу процесс 7-ші сыныпта қарастырылатындықтан ол қайталанып келген. Бұл жайлы мәліметтер теориялық және графикалық түрде берілгені жөн. Сол сияқты, моншақпен «камзол» әзірлеу емес, сәндеу келтірген дұрыс болар.
Кілем түрлері және тоқылу технологиялары жайлы мәліметтер оқулықтарда өте аз берілген. Мұндай мәліметтерді мектеп оқулықтарында қарастыру аса қажетті мәселе болып саналады. Себебі, оқушылардың бойында қазақи тәрбие мен қазақи «технологияларды» қалыптастырудың бірден — бір жолы, ұлттық қолөнер болып саналады.
Сол секілді, мектеп оқушыларын алаша, терме алаша, «жұлқыш», бау- басқұр, жалпы айтқанда киіз үй жабыдқтары жайлы мәліметтермен мейлінше толығырақ қаруландыру қажет.
Қазіргі таңда дамыған елдердің ақпараттары мен технологияларын кеңінен қолдауына байланысты қойылып жатқан жаңа талаптар жастардың тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білу, шешім қабылдау, шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі қажеттігін байқатады. Соның біріне тігін машинасында кестелеу жұмыстарын орындау болып табылады.
Кестелеу жұмыстары бүгінгі таңдағы тәрбиенің негізі болып саналатын қолөнер туындыларының тарихы ретінде санап, оны естен шығармау қажет. Осындай жұмыстарды орындау арқылы қазақ жастарына өздерінің дінін, тілін, салт — дәстүрін естеріне түсіріп отыруға мүмкіндік береді. Еңбек пәнінің бағдарламасына сай оқулықтарының мақсаттары, қарастырылатын ептіліктерінің айқын тізбегіне, берілген нұсқауларға зейін аудар келе, бағдарламаның мазмұны төмендегідей кемшіліктерге ие деп есептейміз:
- Бағдарламада тақырып бойынша пәнаралық байланыстар берілмеген.
- Қолөнер түрлері толық қамтылған.
- Бағдарламаның түсінік хатында оқушыларды қалыптастырылуға тиіс еңбектік және кәсіби ептіліктер тізбегі келтірілмеген.
- Бағдарламада кейбір сөйлемдері үйлеспеген.