Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына даярлаудың тиімді әдістері мен формалары

 

2.2.Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына даярлаудың тиімді әдістері мен формалары

 

  1. Қайсы қоғамда болмасын қоғамның дамуындағы еңбектің шешуші рөлін, оның әлеуметтік — экономикалық мәнін адам ғана атқаратындықтан, оқыту арқылы оқушылардың еңбекке деген қабілетін дамыту.
  2. Еңбек адамдарының қандай қоғамда болсын алатын орнын оның қоғамды қозғалтудағы өндірістің негізгі қожасы, өндіруші еңбектің иесі екендігін үйрете отырып, оқушыларды Отаншылдыққа, іскерлікке, адамгершілікке, шеберлікке баулу.
  3. Жеке адамның дамып жетілуінде еңбектің негізгі құрал екенін, еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда, ата — бабасының ұлттық дәстүрлері мен қолөнерін одан ары дамыту.

Осындай адамның міндеттері орындаудағы іс — тәжірбиелерді насихаттау, озат мұғалімдердің іс — тәжірбиесін таратуда ғылым мен техника жаңалықтарын оқып үйренуде арнайы ғылыми — педагогикалық журнал аса қажет еді. Бұрын Совет Одағы кезінде еңбекке баулу жөнінде Ресейден шытатын “Школа и производство” деген орыс тілінде шығатын ғылыми — әдәстемелік журнал бар еді. Соңғы жылдары ол журналдың бізде таралуы азайды. Енді міне, біз күткен “Мектептегі технология. Технология в школе” журналы дүниеге келді.

Бұрын еңбекке баулу сабағы оқушыларға екі бағытта ұлдарға техниканы, ал қыздарға үй шаруасынан ғана білім беретін. Ал бігінгі технология пәні орта білім стандарттарының талабына сай, сегіз бағытта білім береді. Оқушылардың  қабілеттеріне қарай кәсіпкерлікке баулиды.

Қазіргі таңда дамыған елдерде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды.

Сондықтан, адамдардың алдына жаңа функционалдық талаптар қойыла басталды. Жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек.

Ғылымның тез қарқынмен  дамуы және жаңа технологиялармен енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде екі — үш мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды. Технология білім саласы жалпы білімнің базалық негізіне кіреді. Мұнда технология білім саласының тұрақты бөлігі базалық мазмұнды игеруге жеткілікті.

“Технология”  атты жаңа интегративті білім саласының базалық бөлімдерін оқып үйренуге лайықты оқу материалының базасына сай арнайы дайындықтан өткен мұғалім ұстаздардың жетекшілігі мен оқушылардың шығармашылық дамуы қарастырылатын жоба жүйесінде кең тараған және болашақ технология мен әдістемені іскерліктерін оқушылардың жалпы еңбек, жеке арнайы білім мен қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, олардың ителлектуалдык, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын және қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Егер еңбектің политехникалық экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғары технологиялармен танусуға жеткілікті көңіл аударылса, ондағы жұмыстардың сан алуын орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақтық, жанұя дәстүрлерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды қайта жаңғыртатын және сақтауға бағытталса аталған мақсаттарға жетуге болады.

Технология білім саласының басты мақсаты оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындауға, бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Соған опай мына болжамдар қарастырылады:

 1.Экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік білімдерді қабылдау барысында затты, энергияны және ақпараттық материалдарды түрлендірудін қазіргі және болашақ технологиялармен жастардың танысуы олардын политехникалық дамуы.

2.Оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуы оқушылардың өзін — өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып үйренуін өзіндегі кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Технология саласын оқыту барысында мынандай міндеттер іске асырылуы қажет:

  1. Кең тараған және болашақтық технология жайында политехникалық білімді ақыл — ой, сезімдік әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру.
  2. Жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру. Қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету негіздерімен таныстыру.
  3. Оқушылардың өз бетімен және қабілеті арқасында жобалау мен шығармашылық есептерді шешуін дамыту.
  4. Кәсіптіліктің өзіндік айқындалу мақсатында ҚР жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңестігін білуді, кәсіптік бағдарын сынап анықтай алуды, оқушылардың өзін — өзі танып білуін қамтамасыз ету. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты,жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру.
  5. Нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін іске асыруға мүмкіндік жасау.
  6. Тұтыну бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету. Мектеп жергілікті, ұлттық, аймақтық еркшеліктері мен сол жердің материалдық қорын ескере отырып, әр түрлі кәсіпкердің бір түрі ьойынша кәсіби оқыту жағдайын қарастыруға болады.

Жастарды еңбекке тәрбиелеу бағытындағы педагогикалық білім беру құрылымының негізгі мәселесі — технология пәнінен сабақ беретін мұғалімдердін әдістемелік шеберлігі мен кәсібтік дайындығын жақсарту. Қазіргі кезде әр түрлі мамандықты меңгерген алдыңғы қатарлы мүғалімдерді дайындау мақсатында жан — жақты зерттеу жұмыстары зерттелуде. Педагогтар дайындайтын жоғары оқу орындарында да осындай мақсатта жұмыс жоспарын құру қажеттілігі туындайды.

Педагогикалық зеттеулерде “модель” терминін нақты арнайы саладағы маманға берілетін кәсіптік баға ретінде қабылдаған жөн. Маман моделін талдау барысының бірнеше тұжырымдамасы бар. Түрлі мәселелерді зеттеу тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктері ескеріледі, кейде маман моделінің кейбір аспектілері бөлек қаралады. Біз Е.Смирнованың тұжырымдамасын жемісті деп есептейміз, себебі, ол тұжырымдамада маман моделін жасаудың кеңейтілген жиынтығы қарастырылған. Жоғары оқу орындары білімді мамандарды осы тұжырымдамаға сәйкес даярлауы керек.

Осы үлгі қазіргі талапқа ғана сай емес, болашақта да жетістікке, білім дағдымен қоса кәсіптік сапа, бағдар бүкіл адамзаттық мәдениет, дуниеге, қоршаған ортаға көзқарасты қамтиды. Осындай әдіспен құрылған маман моделінің практикалық қажеттілікті  өтейтін жауапты маман даярлаудағы мүмкіндігі мол. Бұл модель ірі үш бөлімнен тұрады.

  1. Арнайы кәсіби ортада оқытылатын мамандардың қызметі.
  2. Маман қызметіне психологиялық мінездеме.

Мұғалімнің кәсіпқой маман ретінде құрылымын зерттей келе, тұжырымдамада көрсетілген талапқа сәйкес технология пәні мұғалімінің моделдік қызметін анықтауда біршама жұмыстар жүргізілді. Сондықтан технология пәні мұғалімінің қызметін сипаттайтын жалпы үш бөлімінің әрқайсысына жекелеп тоқталайық.

Модельдің бірінші бөлімі арнайы кәсіби ортадағы маман қызметі жұмыс сапасына өз пәніне сүйіспеншілігіне одан алатын әсеріне байланысты.

Модельдің екінші бөлімі негізінен мына аспектілерді — кәсіптік тәлім — тәрбиелік, саяси қоғамдық қызметін қарауды ұсынады. Бұл аспектілер маман мұғалімдер даярлауда негізгі рөл атқарады. Саяси қоғамдық аспектісі иұғалімнің мектептегі қоғамдық қызметін қамтиды.

Менің пайымдауымша, жалпы мұғалімнің қызметі, оның ішінде технология пәнінің мұғалімі туралы әңгіме болғанда, тәрбиелік кәсіби аспектілер шешуші рөл атқару керек. Сондықтан негізгі қызметтің бес түрлі аспектісін қарастыруымыз қажет.

  1. Технология пәні мұғалімінің шешетін мәселелері.
  2. Олардың орындайтын міндеті.
  3. Жұмыста кездесетін қызмет түрлері.
  4. Мамандығына сәйкес білімі.
  5. Кәсіптік шеберліктегі дағдысы мен біліктігі.

Маман моделін қалыптастыруда көрсетілген сипаттама зерттеушілердің еңбектерінде жиі қолданылады. Аспектілер бірімен бірі тығыз байланысты. Оларды меңгеру арнайы маман қызметіне терең де толық талдау жасау үшін қажет.

Технология пәні мұғалімінің модельдік қызметін жасау үшін Ю.Васильевтің ғылыми — жаратылыстану қоғамдық экономикалық пәндер және еңбекке баулу циклін анықтайтын жобасына сүйенген дұрыс.

Маман моделінін қызметін зерттеушілер мен талдаушылардың еңбектерін саралай келе. Стандартқа сәйкес модельдеудің сипаттамасын қарастырып келдік. Стандарт тізбелері қызмет сипатының негізгі құрылымын көрсетеді. Ары қарай зерттеу барысында, бұл бірнеше деңгейде қайта қаралып, жұмыстын негізігі моделін болжап,қызметін атқарады және тиянақтайды.

Үшінші бөлімде маман қызметінің психологиялық сипаты қарастырылады. Бұған технология пәнінің мұғалімінің жеке сапасын және кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл модель бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптар деңгейін зерттеуіміз қажет. Сол арқылы қазіргі жағдайда орта мектептің технология пәнінің мұғалімінің қызметі жөнінде айтуымызға болады. Сондай — ақ, қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік педагогикалық шеберлігі мен дүниетанымын кеңейту қаралады. Осындай модель технология пәні мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау және болашақта кәсіптікдеңгейі жоғары, салалы маман даярлау үшін қажет.

Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылармен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында еңбектеніп келемін.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсықтандыру қажеттігі баса айтылған. Демек, осы педагогикалық технологияларды оқушыларды дамытуға бағытталған оқу- тәрбие жұмысының бір — бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.