Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы. 3.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен өңдеу тәсілдерін таңдау.

Зергерлік  бұйымдардың  өңделу  технологиясы.

3.1. Зергерлік  бұйымдарға  қажетті  құралдар мен

өңдеу  тәсілдерін  таңдау.

 

Әйел  әшекейі —  әйел   затының  тиымдылығын  одан  әрі  тартымды  ете  түсіп, той  болатын  ортаны  сұлулықпен  сүйкімділікпен  толықтыра  түседі. Осыншалықты  сәнді  киім  кешекпен  бұымдарының  ішінде  кеудеге  тағатын  әшекей, алқалар  айрықша  ерекшеленеді. Сондықтан  да  алқаларды  қыздар  салтанатты  жиындарға, үлкен  тойларға  ғана  тағатын  болған. Әйел  алқасы  әйел  адамның  және  қыз  баланың  сән  үшін  тағатын  бұйымы.

Әйел — әшекейі  жасалу  жолдары  бірінші  әйел  алқасының  жобасын  ақ  параққа  жақсылап  сызамыз. Жоба  бойынша  мельхиор  сым  жуаны  жіңішкесі  болу  керек. Содан  кейін  тастар  әр  түрлі  тастар  мысалы; Асат, береза, малахит  және  т.б. болуы  қажет. Тастар  сопақша  дөңгелек  болады. Жоба  бойынша  қырқып  алынған  мельхиорға  домалақ  тастарды  қойып  көреміз. Тастарға  жұқа  мельхиордан  тастың  шетін  қаст  қырқып  аламыз. Мельхиор  листан  биіктігі  5  мм, ал  ұзындығы  тастың  көлемімен  бірдей  етіп  қырқып  алып  газ  балонға  жалғанған  гарелкамен  қыздырып  дәнекерледім. Сөйтіп, мельхиор  сымдарды, электр  бұрғысымен  ширатып  аламыз, сымды  қыздырып  болған  соң  кастың  жиектеріне, бір  ширатылған  екінші  түзу  сымды  дәнекерледім. Каст  ол  тастың  шетіне  қойылатын  мельхиор  болуы  керек. Ал  қаға  кастар  дәнекерленген   соң  орталарына  ширатылған  мельхиор  сымнан  ою  жасап  алқаның  үстіне  дәнекерленеді. Ою  сымдардың  қайырылған  басына  жанындағы  бұрышына  зерін  қойылады. Зерін  жасалу  жолы; Мельхиор  сымнан  ұзындығы  4  мм  етіп  қырқып  алып, оны  кепкен  қатты  ағаштың  үстіне  қойып  гарелкамен  қатты  қыздырамыз. Мельхиор  сым  қызған  кезде  домалақ  болып  қалады. Осы  домалақты  зерін  дейміз. Үлкен  және  кіші  етіп, әр  түрлі  етіп  дайындап  аламыз. Алқаға  зерін  дәнекерленіп  болған  соң,  қышқыл  құйылған  ыдысқа  темір  қысқышпен  саламыз. Ерімей  қалған  бураларды  тазалап  аппақ  қылады. Қышқыл  салынған  ыдыстан  алып  тіс  щеткасымен  жақсылап  шайып  жуылады. Сөйтіп, электр  моторына  киіз  шарықты  салып, пастагой  жағып  тазалаймыз. Тазаланып  болған  соң  алқа  жылтырап  тазаланғаннан  кейін  тасын  саламыз. Тасты  салар  кезде  кілей  жағып  астына  содан  кейін  кастаға  отырғызамыз. Кастың  жиегін  қатты  ағашпен  қысып  шығамыз  айналдыра. Тас  өзі  бекем  болып  қалады. Енді  алқаның  мойынға  тағатын  шынжырын  тоқимыз  диаметрі  6  мм  етіп  пружина  сияқты  қатты  қысып  ораймыз  сөйтіп, темір  қайшымен  қырқып, домалақ  сымды  біртіндеп  дәнекерледім. Оларды  бір – біріне  кигізіп  тоқып  шықтым. Ұзындығы  басқа  сиятындай  етіп  тоқылған  соң, қышқылға  салып  тазалап, киізге  пастагой  жағып  тазалаймыз. Тазалаған  соң, тоқылған  сымды  алқаның  екі  басына  іліп  қысып  қоямыз. Алқаға  шынжыр  тағылған  соң  әдемі  бір  рең  беріп  тұрады. Енді  алқаның  білезігін  жүзігін  істеу  керек. Білезіктің  істелу  жолдары  мельхиор  шестан  17  см, енінен  3  см  етіп  қырқып  аламыз, темір  қайшымен  қырқып  алған  соң, бұрыштарын  егеумен  егуледім, кейін  қолға  кигенде  жырмас  үшін. Білезіктің  дәл  ортасына  домалақ  тастың  қасына  қойып  жұқа  мельхиордан  биіктігі  5  мм  етіп  қырқып  алып  дәнекерленеді. Білезік  алқа  сәйкес  болады  сондықтан  кастың  жанындағы  ою  сымдар  ұқсас  етіп  жасалады. Ою  сымдар  дәнекерленіп  болған  соң  оны  диаметрі  6  см  қалыңдығы  2  см  домалақ  темірге  желім  балғамен  жайлап  ұрып  қайырамыз. Қайырып  иіп  болған  соң  киізге  пастагой  жағып  тазалаймыз  жылтырап  тазарған  соң  тастарын  отырғызамыз. Сөйтіп, алқаны  білезікті  істеп  болған  соң  жүзігін  істейміз. Жүзік  те  алқаға  сәйкес  етіп  жобасы  істелінеді.

Қазақ  зергерлері  көбіне  жеке  дара  жұмыс  істеп, өнерінің  қыр – сырын  ұрпақтан – ұрпаққа  үйретіп  отырған. Олар  алдын  — ала  арнайы  дайындықпен  өтетін  белгілі  бір  құрал – саймандарды  ғана  қолданатын. Зергердің  соғатын  заттарының  түрлері  өте  көп. Оған  әйелдердің  әшекейлері  киім – кешекке  тағатын  түрлі  сәндік  бұйымдар  ас  су  жабдықтары, киіз  үйдің  ағаш  сүйегіндей  ою  өрнек  жиһаздық  заттар, ағаш  ыдыс – аяқ, тері  торсық, музыкалық  асапаптар, қару – жарақтар, ат  тұрман  әбзелдері  және  т.б.  жатады.

Бұларды  әсемдеу  үшін  көбіне  алтынды, әсіресе  күмісті  молырақ  қолданған. Зергер  металдың  өзін  ашу  шеберлігін  жете  білген. Соғу  арқылы  белгілі  бір  қалыпта  түсірілгенде  күмістің  өңі  күңгірттеніп  келетіндіктен  оның  үстіңгі  бетін  қатадан  билазбен  тазалау  арқылы  жалтыратып, майда  нақыштармен  шекім  алу  тәсілімен  өрнектеп  барып  тартымды  құлпырмадан  түске  келтіретін  болған. Сақтар  жасаған  неше  түрлі  әсем  металл  бұйымдары  жайлы  мәліметтер  Геродот  Стратон, Ктесия  сияқты  ежелгі  грек  авторларының  жазба  ескерткіштерінде  кездеседі. Зергерлер  мен  темір  ұсталары  көркем  бұйымдарын  металдан  негізінен  алғанда  күміс  пен  мыс  темірден  жасалған  әсемдік  затарды  негізінде  қазақ  арасында  дәулетті  адамдар  тұтынған, оны  жасаушы  халық  арасынан  шыққан  шеберлер  болған. Күмістер  ер  тұрманның  кейбір  бөліктері, қыз  келіншектердің  тағатын  бұйымдары  жасалып,  ерлердің   белдіктері   мен  күнделікті  тұрмысқа   қажетті  пышақ,  сандық,  киім  ілгіштер,  жүзік,  сырға,  шашбау,  тұмарша  және  тағы  басқа  неше  түрлі  зергерлік  әшекей  бұйымдарын  жасап  отырған. Сол  замандағы  жұрттың  көбі  діни  ұғым  бойынша  тілден, көзден  сақтауды, мысалы  әр  түрлі  кездейсоқ  пәле – жаладан  қорғап  жүреді  деп  бой  тұмар  болатын. Зергерлік  бұйымдардың  ұзақ  уақыт  осындай  қасиеті  болған. Халыққа  бұйымның  материалы  түрлі – түсті  өрнек  оюдың  діни  сенімдер  мен  аңыздарға  сай  алынатын. Ертеден  халық  шеберлерінің  жұмыстарының  қолайлы  жағдайы  болмаған.

Көбіне  зергерлер  жұмысты  өзінің  жанұясының  алдына  киіз  үйдің  бір  шетінде  өз  шәкіртін  ертіп  алып, (ел  қайда  болса, біз  сондамыз)  деп  жайлауда  жүріп  үй  иесінің  халықтың  тапсырмасын  өз  үйінде  жасайтын  болған. Кейіннен  олардың  кейбіреулері  өздеріне  жұмыс  істейтін  орын  шеберхана  салып  алды. Темір  ұсташылығы  мен  зергерлік  өнері  мен  әйелдерде  көбінесе  айналысқан. Егер  зергер  дүниеден  қайтып, оның  жолын  қуар  ешкімі  болмаса, кейбір  кезде  оның  зергерлік   қызметін  әйелдері  атқарған. Қайта  шебер  қолынан  түрлі  асыл  бұйымдарды  музейлерде  көріп  тамашалаумен  қатар, күнделікті  жұмыста  пайдалансақ  болатын  еді. Олар  үшін  халық  қол  өнерінің  бай  мұраларына  жанашыр  түр – сипат  беріп, оларды  жасап, техникасын  жетілдіру  қажет. Қазақ  халқының  талай  ғасырлық  ұзақ  тарихын  байқасақ, олар  жасаған  өнер  туындылары  табиғат  құбылысы  күнделікті  затты  ұрпақтан – ұрпаққа  уақыт  озса  да  бүгінгі  күнге  дейін  жетті. Өткен  заманда  қазақтың  халық  қол  өнерінің  жете  дамыған  түрлерінің  бір  зергерлік  өнер  ұлттық  мәдениетіміздің  тарихында  өзгеше  орын  алады. Бұл  өнердің  түп  тамыры  сонау  әріде  жатыр. Бір  замандардың  өзінде  Қазақстан  жерінде  алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын  тағы  қалыпқа  салу  арқылы  еңбек  құралдарын  әшекей  заттар  мен  әртүрлі  бұйымдар  жасалған.

Археологиялық  заттар  зерттеу  нәтижелері  осыны  дәлелдеді. Қазақстан  жерінде  жүргізілген  азба  жұмыстардың  нәтижесінде  ертедегі  көшпенділер  кеңінен  тараған  және  басқа  да  түсті  металдардан  жасаған  көптеген  әшекей  бұйымдары  табылды. Сол  табылған  заттардың  көпшілігін  жас  шебердің  қолынан  шыққан  нағыз  өнер  туындыларының  қатарына  жатқызуға  болады. Мысалы: Қарғалы  көмбесінен  табылған  бүкіл  әлемді  таңдандырған  аяқ  алтыны  кез  келген  тарихи  қазыналардың  мақтанышы  бола  алады. Зергерлер  күміс  бұйымдарды  асыл  тастардан, лағыл,  сафир,  зүбір,  жат  гауһар, азат, эрозолит, інжу  маржан, жауқуаттан, көз  қондыру  арқылы  да  әсемдей  түскен  түрлі – түсті  шынылардың  және  тағы  басқа  әсем  рең  беретін  заттарды  да  кәдеге  асырған.

Күміс  жұмсақ, қақтауға  төзімді, оңай  өңдейтін  металл  және  жарқыраған  ашық  түсімен  көз  тартады. Металды  көркемдеп  өңдеудің  әртүрлі  техникалық  әдістері, созу, құю, басу, қалыптау  зерлеу, темірге  күміс  қақтау, алтын  жалату  қолданылады. Заттарды  әшекейлеу  технологиясын  зергерлер  бұйымның  сыртқы  бейнесі  мен  сыртқы  формасын  үйлестіреді. Күмістен  шебер  алуан  түрлі  бұйымдар  жасайды.