Геометрияның элементтері
Сабақтың тақырыбы: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата білу, олардың қасиеттері, периметрін және ауданын есепте, оларды салу, әріппен белгілеу)
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, периметрін және ауданын есептеуді пысықтау)
- Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
- Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1-слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді деп ойлаймын.
Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік тілеу
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 6-тапсырма.
І. Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен 2-слайд
ІV. Жаңа тақырып
3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Геометрияның элементтері
Мұғалімнің басшылығымен 2-тапсырма орындалады.
- кесінділер: ЕД
- түзулер: АВ,СА
- сәулелер: СЕ,МС
- үшбұрыштар: СКЕ,КМВ
- төртбұрыштар: СДАО, МДЕК
4-слайд өз беттерімен жұмыс
№3 А, В, С, Е ,Д, К нүктелерін белгіле. Оларды кесінділермен тізбектей қос. Шыққан көпбұрыштың атауын жаз.
5-слайд №4 Ауызша түсіндіріп, тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын табу.
6-слайд 5. Ойын «Кім тез?»
ені | ұзындығы | ауданы |
2 см | 3 см | ?см |
2 см | 6 см | ?см |
2 см | 12 см | ?см |
2 см | Х см | ?см |
- 7-слайд Дәптермен жұмыс Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы сыз. Әріптермен белгіле. Ауданың және периметрін тап.
8-слайд V. Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау
9-слайд Есепте, тексер
401 ● 2 – (543+177)
796+203-330 ● 3
3●240-910 :5
916:4+(176+245)
10 –слайд «Тез есептеп үйрен» ойынын ұйымдастыру.
(400●2+200-1000)+(50●2:2:20:5)-(900:9:100-300●2:600)
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
VІІ. Бағалау
11 слайд. Үйге тапсырма: 12бет, №7