«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Генетика  және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат

Түсінік хат

 

«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының негізгі ерекшелігі биология ғылымының салалары генетика және селекция негіздері бойынша  білімдерін, толықтыруға мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт бере алады. Курс генетика және селекция ғылымдарының жаңа жаңалықтарын білуге негізделген. Биология сабақтарында алған білімдерінің яғни, тірі ағзаларға тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын және генетика ғылымы мен селекция ғылымының арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді. Курсты оқыту кезінде оқуышлардың биология базалық білімінде алған білімдері кеңінен пайдаланылады. Генетика ғылымының заңдылықтарын есептер шешуде пайдалана білу. Адам генетикасының ерекшеліктерін, өзгергіштік заңдылықтарын. Қазақстандағы генетика мен селекция ғылымдарының табыстарын,гендік инженерия , биотехнология негіздерін оқып-үйрену болып табылады. Курс жоғары сынып оқушыларына арналған

Курстың мақсаты:

Генетика ғылымының негізгі заңдылықтарын оқыта отырып оқушылардың өздік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға, яғни генетикалық есептерді шешу жолдарын қарастыру. Селекция ғылымы мен генетика ғылымының арасындағы байланысты оқып – үйрену

Міндеттері:

  • Генетика және селекция негіздері бойынша алған білімдерін тереңдету
  • Оқушылардың өздігінен шығармашыл ізденуге, генетикалық есептерді сауатты шеше білуге тәрбиелеу

– ғылымның әлемдік бейнесін жалпы адамзаттық мәдениетттің компонентті ретінде  қалыптастыру;

– генетика және селекция негіздерін оқып білу үрдісінде, пәнге қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

– экологиялық және жалпы мәдениетке, өзінің және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, адам өмірі ең жоғарғы құндылық екендігін жетік түсінуге тәрбиелеу.

  • оқушылардың ғылыми-жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
  • Оқушыларға өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын кеңейту
  • Оқушылардың бейіндік оқуын таңдауға көмектесу
  • Жеке бас гигиенасын сақтай білу
  • Әртүрлі генетикалық жұқпалы аурулар туралы білімдерін кеңейту, және алдын- алу шараларын білу
  • Зертханалық жұмыстар арқылы теориялық білімді практикамен ұштастырып отыру

 

Сабақтың негізі түрлері: лекция; зертханалық жұмыс; сарамандық сабақ; есептерді шешу сабақтары

Бақылау түрлері: суреттер; формулалармен жұмыс жасау, кестелермен жұмыс істеу, тәжірибе қою және қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, алынған қорытындыларға қалыпты жағдаймен салыстыра отырып аналитикалық сараптама жасау, алынған зерттеу қорытындыларымен жеке сипаттамалар жаза білу

Оқушылар үшін әдебиеттер:

  1. Биология 10- сынып оқулық
  2. Интернет материалдары
  3. Биология негіздері бойынша жаттығулар жинағы

 

Бақылау түрлері мен формасы:

  • Әртүрлі  қиындық деңгейдегі тест тапсырмалары
  • Семинар сабақтар
  • Кестемен жұмыс істеу
  • Есептер шешкізу

Әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалары бар жеке карточкалар.

Құрастырған Семей қаласы №37 гимназия биология пәні мұғалімі Архыматаева

Арай Жаксылыковна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Генетика  мен селекция негіздері» бойынша бейіндік курстың тақырыптық жоспары

10 “б» сыныбы Аптасына 1сағат Жылына 34 сағат

р/сСабақтың тақырыбыСағат санымерзімі
1Генетика- тұқым қуалау мен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Қазіргі кездегі гендер  мен генотиптер ұғымдары мен терминдері.12-7.09
2Г.Мендель заңдылықтары.

Моногибридті және дигибридті будандастырудың  цитологиялық  негіздері. Есептер шығару

19-14.09
3Полигибридті будандастыру.116-21.09
4Тұқымқуалауда көптік аллельдер типі123-28.09
5Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі130-5.10
6Комплементарлық  және  эпистаз17-12.10
7Плейотропты және полимерлі гендердің әрекеттесуі.Ажырау типтерінің жүруі114-19.10
8Генетикалық әрекетттесудің  табиғи қатынасы121-26.10
9Тұқымқуалаудағы  тіркес  гендер.Томас Морган заңдылығы128-2.11
10Жыныстық                                                                       хромосомалар. Жынысын анықтау есептер шығару112-16.11
11Сүтқоректілердің  аталығындағы Х-хромосоманың көріну  ерекшелігі.Құстар мен бунақденелілерде  аналық жыныстарының белгілері118-23.11
12Тұқым қуалайтын  жыныстық және аутосомдық хромосомалар арқылы берілетін аурулар125-30.11
13Тұқым өзгергіштігінің  сәйкес  қатарлар заңы12-7.12
14Гендік , хромосомалық , геномдық  мутация  түлері1

 

9-14.12
15Адам генетикасы және әдістері116-21.12
16Адамның хромосомалық және  генетикалық шежірелігі123-28.112
17Адам генетикасында  генетикалық әдістің зерттелуі113-18.01
18Жасушадағы  биологиялық құбылыстың әсерінен  қатерлі ісіктің  өсуі120-25.01
19Популяциядағы  генотиптер арақатынасы. Харди –Ваинберг теңдеуібойынша есептеулер жүргізу127-1.02
20Генетика және эволюция теориясы13-8.02
21Медициналық генетикасы110-15.02
22Сұрыптау.Сұрыптаудың негізгі әдістері117-22.02
23Жақын туыстық будандастыру(инбридинг). Гетерозис124-1.03
24Көпплоидтылық және бағытты мутагенез өсімдіктерде қолданылуы13-8.03
25Саңырауқұлақтар мен ұсақ  ағзаларды сұрыптау  ерекшеліктері110-15.03
26Биотехнология. Гендік инженерия117-19.03
27Жасушалық және ферменттік инженерия11-5.04
28Генетика мен селекцияның табыстары. Жануарлар және өсімдіктердің гендік  инженериясы17-12.04
29Биотехнологияның медицинада және  селекциядағы  маңызы114-19.04
30Моногибридті, дигибридті будандастыруға , аллельді емес  гендердің әсерлеріне есеп шығару121-26.04
31Полигибридті будандастыру , көптік аллельдер  типіне есептер шығару.128-3.05
32Жыныстық тіркес белгілері бойынша  есептер шығару15-10.05
33Қазақстандағы жасөспірімдер мутацияға және кемістік ауруларына  ұшырау себептері112-17.05
34Қазақстандағы генетика  мен селекция негіздерінің  табыстары119-24.05