Жалын» орталығында жүргізілетін «Математикалық сандықша» тақырыбындағы факультативтік курсын жүргізуге арналған

№19 орта мектебінің оқу әдістемелік кеңесінің 01.09.2011 жылғы №1 қаулысымен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырғын:                           Математика пәнінің мұғалімі

Құттымұратова  Гүлнар

 

 

 

Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің  математика пәні бойынша

7 сыныптарда

 

 

«Жалын»  орталығында жүргізілетін «Математикалық сандықша» тақырыбындағы факультативтік курсын жүргізуге арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаға түсінік хат

Қазіргі информатизациялау дәуірінде  математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің  бірден – бір негізгі элементі болып табылады.

Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.

Бұл бағдарлама мектептегі 7 сынып математика курсының бағдарламасына қосымша ретінде жасалды.  Математика курсының мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Олар: есептеулер, санау жүйелері, нақты сандар алгебра, геометрия, анализ.

   Курстың мақсаты:

  • қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, сыбайлас мәндерді меңгерту, білімді әрі қарай дамытуүшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;
  • оқушының жан-жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау;
  • ғылыми және техникалық универсал тілі , үрдісі мен құбылыстарды модеьдеу тәсілі ретінде математиканың идеясы мен әдістерін қалыптастыру;
  • математика тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін математиканың алатын орнын білу

 

   Курстың міндеттері:

  • білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру;
  • оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;
  • айналадағы геометриялық фигураларға өлшеулер жүргізе білу;
  • сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.

Пәнаралық кіріктіру:

   Алгебра,  геометрия, сызу, тарих, физика, информатика, биология, ауыл шаруашылығы, экология.

 

Тақырып жоспарының мазмұны.

Жалпы бағдарлама 68 сағатқа бөлінген. Аптасына 2 сағат

 

К у р с   б а ғд а р л а м а с ы н ы ң   т а қ ы р ы п т ы қ

ж о с п а р ы н ы ң   м а з м ұ н ы

  1. Жай сандар (12 сағ)

Жай сандар жиынның шексіздігіЭратосфен решетосы. Бөлінгіштік белгілері Жай Диофант теңдеулері.

Жиындар теориясы (12 сағ)

 

ІІ. Рационал сандар (36 сағ)

Шапшаң есептеу тәсілдері (ауызша санау). 1-ге, 5-ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200-ден асқан сандардың көбейтуі. 100-ге, 1000-ға жақындаған сандардың көбейтуі. Бүтін сандарды қосу. Бүтін сандарды азайту. Көп таңбалы сандарды көбейту Процент және пропорция құруға арналған есептер. Қозғалысқа арналған есептер. Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер. Кері есептер құрастыру әдісі. Бөлінгіштікке арналған есептер.

 

ІІІ. Санау жүйелері (20 сағ)

Позициялық және позициялық емес санау жүйелері.

Екілік және сегіздік санау жүйелері

Сандарды ондық санау жүесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесінде натурал сандарға қолданылатын амалдар. Екілік санау жүйесін ЭЕМ – де қолдану.

 

7 -сынып
р/сТақырыбыСағат саныУақыты
1Жай сандар12 сағ
1Жай сандар жиынның шексіздігі2
2Эратосфен решетосы2
3Бөлінгіштік белгілері3
4Жай Диофант теңдеулері2
5Тарихи мәліметтер.

Өзіндік жұмыс

2

1

ІІРационал сандар36 сағ
1Шапшаң есептеу тәсілдері

(ауызша санау)

1-ге, 5-ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200- ден асқан сандардың көбейтуі

 

 

3

2100-ге, 1000-ға жақындаған сандардың көбейтуі 

3

3Бүтін сандарды қосу2
4Бүтін сандарды азайту2
5Көп таңбалы сандарды көбейту3
6Процент және пропорция құруға арналған есептер3
7Қорытпалар және қоспаларға арналған есептер4
8Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер3
9Қозғалысқа арналған есептер2
10Құюға арналған есептер2
11Кері есептер құрастыру әдісі2
12Бөлінгіштікке арналған есептер4
13Уақыт қоры3
ІІІСанау жүйелері20 сағ
1Позициялық және позициялық емес санау жүйелері3
2Екілік және сегіздік санау жүйелері3
3Сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру4
4Екілік санау жүйесінде натурал сандарға қолданылатын амалдар5
5Екілік санау жүйесінің ЭЕМ-де қолдану2
6Уақыт қоры3

 

Курсты ұйымдастыру формасы:

  • лекция
  • шығармашылық-ізденіс жұмыстары
  • топтық-жұптық жұмыстарды орындау

 

Курсты аяқтау формасы:

  • реферат
  • жоба
  • қаптама

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау

  • тестік тапсырма
  • бақылау жұмысы
  • математикалық диктанттар

 

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

 

Мұғалімдер үшін

  1. Басова Л.А, Шубин, Энштейн «Лекции и задачипо математике» Москва: Просвещение, 1981.
  2. Вилекин Н. Я. Индукция Комбинаторика,    Москва: Просвещение, 1976
  3. Газета «Математика», Приложение к газете «1 сентября» №29,31, 32-2003
  4. Ю. М. Колягин «Сборник задач по алгебре» 6-8 кл.
  5. Кордемский Б.А., Ахадов А.А «Удивительный мир чисел», Москва: Просвещение, 1986
  6. Кострикина Н.П. «Задачи повышенной трудности» Москва: Просвещение, 1980
  7. Қырық қазына (қазақ халқының ауыз есептері).
  8. «Математика және физика әдістемелік журналдар.»

 

Оқушылар үшін:

  1. Н.Я. Вилекин «Алгебра» 8 сынып (тереңдетілген бағдарлама бойынша оқытыларын оқулық)
  2. Тест тапсырмалар жинағы (2002-2011 жж)
  3. Печурин Л.Ф «За страницами учебника алгебры» Москва: Просвещение, 1990
  4. Исмаил Акиол «Математика-1»Шың кітап Алматы 2006