Үлгітүр және дизайн

Үлгітүр   және   дизайн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:                                             Қайсағалиева Бақытгүл

                                                                   Информатика  пәні  мұғалімі

                                                                            

 

 

 

 

Ганюшкин — 2010

Түсінік  хат

 

 

Орта  білім  беру  жүйесіндегі  информатиканың  рөлі  әлемнің  жүйелі  ақпараттық  бейнесін, адам  мен  ақпараттық  ортаның  тиімді  өзара  қарым – қатынасын  қалыптастырудағы  ақпараттық  білімнің  мәнімен, қазіргі  заманғы   ақпарттық  қоғамдағы  кәсіби  қызметтің  негізгі  құраушысы   ретіндегі  ақпараттық  технологияны  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырумен  анықталады.

Тез  дамып   келе  жатқан   қоғамның   қай   саласына   болмасын, нәтижелі   жұмыс көрсете  алатын, жаңа   типті  маман  керек. Қазіргі  заман  талабы  мамандарға  нарық   еңбегін  құрайды. Болашақ   маманның   құндылығы – оның  өз  бетінше  дұрыс  жауапты  шешім    қабылдауға  қабілетті, бірігіп  командада  жұмыс істеуі, алдына  қойған   мақсатының   нәтижелі  жетістіктерін  көру, қолайсыз  жағдайларда  әрекет   ете  білуі, білім  шыңын   игеруге   талаптануы.

Қазіргі   мектеп    бітірушілер   өз   білімін   жалғастыруда   болашақ    мүмкіншілігін бағыттай   алмауы,  ол  мемлекет   дамуының  экономикалық, технологиялық   және  қорғаныс  потенциалы  мен   болашақ  кәсіби   іс-әрекетінің  қарым – қатынасының    жоқтығында.

Бұл  жағдайдан  шығудың   бірден – бір  жолы  жоғарғы   сынып  оқушыларына   болашақ   кәсіби  әрекет   саласына  бағдарлау,  мектеп   жұмыстарына   маңызды   өзгерістерді   енгізу  болып  табылады.

Бүгінгі  таңда  компьютерлік  дизайн, web – дизайн, жүйелік  программалаушы, администратор т.б. мамандардың  қажет  екендігін түрлі жарнамалық    газеттерден, бұқаралық    ақпарат  құралдарынан  да  көруге  болады. Аталған  мамандықтарды   қалай  дайындап, оларға   қандай  программалық   құралдарды  үйрету  арқылы    жетілдіруге   болатыны   таңдау  курсының    өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.

Оқытудың  негізі  мақсаты  оқушылардың  оқу  процесінде  компьютерлік  технология   арқылы  өз  бетінше  тиімді  білім  алуы  және  өзін — өзі  анықтауы  үшін  мүмкіндік туғызу   болып  табылады. Оқыту  мазмұны  информатиканың дүниетанымдық   және  пайдаланушылық  аспектілерін  қалыптастыруға  бағытталған. Мұндай  мазмұн  мемлекеттік  ақпараттандыру   бағдарламасының  мақсаты  мен  міндеттерінен  туындайды. Ол  компьютерді  оқу  құралы   ретінде  оқушылардың  оқу – танымдық  қызметіне  тұрақты  пайдалануын  көздейді. Бұл  бағдарламаның  мазмұны  оқушылардың оқу  танымдық   қызметінде  компьютерлік  техниканы  еркін  пайдалану  дағдысын қалыптастыруға   қажет  материалдарды қамтиды  және  ақпараттық  технологияны  кеңінен пайдалану  жағдайындағы  оқуға  даярлайды. Курс  аптасына  1 сағаттан  жалпы  көлемі  34  сағатқа  есептелген.

 

 

Мақсаты:

 

Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық  негізін  қалыптастыру, оқушылардың  кәсіби    өзін-өзі анықтауға  арналған   құзыреттілігін  қалыптастыру  оқушылардың ойлау  қабілетін  дамыту.Оқушыларды  өмірге, еңбекке  және  білімдерін  одан  әрі  жалғастыруға  даярлау.

 

Міндеттері:

 

  • Ғылымның негізін  қалайтын  үш  ұғымның (зат, энергия, ақпарат) бірі  болып  есептелетінін, қазіргі  таңдағы  әлем  бейнесін  құрудың  негізін  құрайтын, ақпарат  ұғымын қалыптастыру;
  • Қоршаған ортаны  жаңа – ақпараттық  тұрғыдан  зерттеу  көзқарасын  қалыптастыратын  ақпараттық  үрдістірді, табиғат, қоғам, техника  аймақтарында  қарастыру;
  • Оқушылардың теориялық, шығармашылық  ой  қабілеттерін  арттыру;
  • Ақпараттандыру құралдары, ақпараттық  технологиялар  саласында  білім, білік  және  дағдыларды  қалыптастыру және  оларды  дамыту;
  • Формалдау, модельдеу, компьютерлік тәжірибе және т.б. ғылыми танымның  жаңа  әдістерімен  қаруландыру

 

Оқушылардың  дайындығына   қойылатын талаптар:

 

  • Графикалық бейнелердің айырмашылығын  ажырата білуді;
  • анимация және  мультипликацияларды  ұйымдастыру  негіздерін;
  • презентация жасау  ережелерін;
  • Басып шығару публикациясын құру және  өзгерте білуді ;
  • Файлдарды жазу және  монтаждауды;
  • Web – беттерін құру  тұжырымдамасын, оны  жасап,безендіруді

 

 

Оқыту   мазмұны:

 

Power Point бағдарламасында   слайд-фильм  құру. MS Publisher   бағдарламасымен  макет  құру. Adove Photoshop бағдарламасымен  жұмыс. Windows Movie Maker  бағдарламасында  фильмді монтаждау. WEB бет құру  дизайні. Гипертекст,гиперссылка.

 

Кәсіптік  бағдары: компьютерлік  дизайн, web – дизайн, жүйелік  программалаушы, администратор,секретарь–референт

 

 

Пән  аралық  кіріктіру:  экология, қазақ әдебиеті,бейнелеу,ағылшын,өнер

 

 

 

 

 


Білімді   меңгеру  дейгейлерінің   мазмұны, әдіс – тәсілдері, түрі,

құралдармен  өзара  байланысы

 

 

КезеңӘр  кезеңдегі оқытудың  шағын  мақсаттарыӘр кезеңдерде  қолданылатын әдіс – тәсілдерҰйымдастыру

түрі

Әр  кезеңде  пайдаланылатын құралдар
 

І

MS Office-тік программа-ларды еркін  меңгеріп игерген,

кез келген  электрондық,  дидактикалық макет  материалдар  дайындай алуға  үйрету

 

Шығармашылық  жұмыс

 

Сайыс  сабақ

 

Талдау, жинақтау

 

Жекеше

 

Топтық

 

Жұптық

 

Жұмыс  папкасы

 

Оқулық

 

Анықтамалар

 

ІІ

Windows Movie Maker  бағдарламасының  мүмкіндік

терін  қолданып, шығармашы

лық  потенциалын  дамытуға, өз  бетімен  танымдық  және  эксперименттік – зерттеушілік қызметін  меңгереді

 

Практикалық әдіс

(сарамандық  және практикалық)

 

 

 

Жекеше

 

Топтық

 

Жұптық

 

Фотосурет

 

Бейнеклиптер

 

Әуендер

 

ІІІ

Ақпаратты  тарату  және  қолдана  білу  арқылы    әлемнің  қазіргі  ғылыми  бейнесін  қалыптастыру, жеке  сайттарын  құра  білуге  үйрету 

Сұрақ – жауап

 

Эвристикалық  әдіс

 

 

 

Жекеше

Топтық

Жұптық

 

Электрондық сайттар  адрестері

 

Үйретуші  программалар

 

КезеңОқушылардың  танымдық

 іс — әрекеті

Мұғалімнің

іс — әрекеті

Әр  шағын  мақсаттың  нәтижесін  бағалау
І 

 

Барлық  оқушылар  орындауға  міндетті. Алған  білімін тиімді пайдалану  барысында ойлау  қабілеті  дамиды

Компьютерді  оқу  процесінде де, кәсіби  қызметте де  ұтымды  пайдалану

 

Оқушылардың  білім  негіздері  туралы  түсініктерін  тереңдету.

Курста  оқушылардың  білімпаздық дағдыларын, білгендерін  өз  беттерінше  жүйелеп, ақпараттық кеңістікте  қажетті  бағытты  анықтап  үйренуін, шығармашылық   тұрғыда  ойлана  білуін  қалыптастыру

Тест

Шығармашылық  жұмыс беру

ІІ

 

 

 

Компьтерлік  тест  алу
Шығармашылық  жұмыс беру

ІІІ

 

 

 

Шығармашылық  жұмыс беру

 

 

 

 


Мұғалімге  арналған  еңбектер  тізімі :

 

 

  1. ҚР жалпы орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға   

    міндетті  стандарттары         Алматы — 2002

 

  1. Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал)     Алматы – 2004

 

  1. 3. Как работать с MS Office 2000 .   Корпарация Microsoft

 

  1. Информатикадан 30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,

А.Б. Дәулетқұлов       Алматы  — 2004

 

  1. Информатика негіздері   № 1 – 6     2005 жыл

 

6.100%  самоучитель Windows ( Все  версии от  98 до  ХР )

Гаевский А.Ю.

 

  1. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова,

Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев

 

  1. www.metod-kopilka.ru сайты

 

 

 

Оқушыларға  арналған  әдебиеттер:

 

 

  1. Информатикадан 30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,

А.Б. Дәулетқұлов       Алматы  — 2004

 

  1. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова,

Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев

 

  1. Web- беттерін құру  негіздері      М.А.Ғалымжанова

Атырау – 2006

 

  1. Интернет сайттары : www.google.kz

www. mail.ru

www.yandex.ru

www. rambler.kz

 

 

 

 

   ТақырыпСағат саныМерзіміӘдіс-тәсіліЕскерту
1Бағдарламамен қамтамасыз  ету. Компакт  дискіден бағдарламаны  іске қосу, орнату 

1

 

Сұрақ – жауап

 

Талдау,жинақтау

2Графиктік деректер  туралы   жалпы  мағлұмат.Үлгітүр және дизайн.1
3Power  Point бағдарламасы Слайд   құру.1

 

Сайыс  сабақ

 

«Көрнекті  жарнама»

байқау  өткізу

 

Шығармашылық сабақ

4Презентация  жасау,  безендіру  жолдары, демонстрациялау1

 

5Автомазмұн шебері көмегімен1
6Үлгітүр  көмегімен1
7-8Шығармашылық  жұмыс2
9MS Publisher   бағдарламасымен  жұмыс,параметрлері,макеті1

 

Сұрақ-жауап

 

« Шебер дизайнер» байқау  өткізу

 

Шығармашылық сабақ

10-11Басып  шығару  публикациясы2
12Бос  публикация1
13-14Шығармашылық жұмыс2
15Adove Photoshop бағдарлама сымен танысу1 

Сұрақ-жауап

 

« Ең  әдемі коллаж» байқау  өткізу

 

Шығармашылық сабақ

16Бейнелерге сурет салу,редак-у1
17Мәтінмен  жұмыс жасау негіздері1
18Фотолармен  жүргізілетін тәжірибелер1
19-20Шығармашылық  жұмыс2
21Windows Movie Maker  бағдарламасы1Сұрақ-жауап

 

«Үздік  ролик» байқау  өткізу

 

Шығармашылық сабақ

22-23Фильммен  орындалатын операция2
24Фильмді    монтаждау1
25-26Шығармашылық  жұмыс2
27Web бағдарламасы,тораптар  құру, дизайн1Ізденіс

 

Саяхат  сабақ

 

«Мазмұнды  торап» байқау өткізу

 

Эвристикалық

(проблемалық)

28Гипертекст,гиперссылка1
29Үлгітүр көмегімен торап құру1
30Шебер  көмегімен торап құру1
31FTP протоколы бойынша торапты серверде жариялау1
32-33Шығармашылық жұмыс2
34Қайталау1Талдау, жинақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаны  дайындаған

информатика  пәнінің мұғалімі:                                    Қайсағалиева Б

 

 

 

 

Бағдарлама  информатика  пән  бірлестігінде  талқыланды.

Хаттама  № 1   28.08.2010 жыл

 

 

Бағдарлама   мектептің  №1  педкеңесінде  талқыланып  бекітілді.

Хаттама №1    27.08.2010 жыл

 

 

 

 

 

Мектеп  директоры:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тез  дамып   келе  жатқан   қоғамның   қай   саласына   болмасын, нәтижелі   жұмыс көрсете  алатын, жаңа   типті  маман  керек. Қазіргі  заман  талабы  мамандарға  нарық   еңбегін  құрайды. Болашақ   маманның   құндылығы – оның  өз  бетінше  дұрыс  жауапты  шешім    қабылдауға  қабілетті, бірігіп  командада  жұмыс істеуі , алдына  қойған   мақсатының   нәтижелі  жетістіктерін  көру, қолайсыз  жағдайларда  әрекет   ете  білуі, білім  шыңын игеруге   талаптануы. Сонымен   қатар  адамзатқа   қойылған   негізгі   міндет   ол   жауапкершілік, сапалық  және   жеке  адамның   қасиеттілігі.

Қазіргі   мектеп    бітірушілер   өз   білімін   жалғастыруда   болашақ    мүмкіншілігін бағыттай   алмауы,  ол  мемлекет   дамуының  экономикалық, технологиялық   және  қорғаныс  потенциалы  мен   болашақ  кәсіби   іс-әрекетінің  қарым – қатынасының    жоқтығында.

Бұл  жағдайдан  шығудың   бірден – бір  жолы  жоғарғы   сынып  оқушыларына   болашақ   кәсіби  әрекет   саласына  бағдарлау,  мектеп   жұмыстарына   маңызды   өзгерістерді   енгізу  болып  табылады.

Жалпы  орта  білім  беру  мектебінің   жоғары  сатысы, қазіргі  білім  жүйесінің  негізі  бола  отырып, кәсіби    білім  жүйесі   мен   жастардың  сапалы   кәсіби  іс — әрекетін  анықтайды. Білімнің   жоғарғы сатысы  білім  кеңістігінде  тұлғаның  әлеуметтілігі, кәсіпшілігі, азаматтылығының, өзін-өзі  анықтау  қабілеттілігін  айқындау  болып  табылады. Кәсіби  білікті  маман  болу  үшін  қоғамда  азаматтық  парызы  мол, адамгершілік  қасиеті   жоғары, кәсіби  қызметінің  бағытын  саналы  түрде   таңдауға  дайын  жоғары  маманданған  тұлға  болуы   қажет.

Егеменді   тәуелсіз  Қазақстан   бүкіл  дүниежүзілік   интеграциялық     білім  беру   кеңістігіне  кіру   мақсатында   маңызды    жаңа     білім      жүйелерін   құрды.Қазақстан                  Республикасының  «Білім   туралы  Заңында»   мемлекет  саясатының  күрделі    қағидалары  анықталды, соның ішінде   жалпы  орта  білім  беру  вариативтілігі, кәсіби  бағдарлау, түрлі  бағыттағы  білім    беру   ұйымдарын  құру, кең  ауқымды   балама  оқу  бағдарламасы, соның  ішінде  тереңдетілген  және  бейіндік  кәсібиалды   дайындық.

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпы  білім  беру   стандартының  қағидаларында   жоғарғы  сатылы   жалпы  білім  беру   мектептері    одан  әрі   қарай  дами  бастады. Қазақстанның   мектеп  реформасының  дамыту  шеңберінде (МЖМББС 2002)  ережелеріне  сәйкес  2006-2007  оқу  жылынан бастап 10 – 11   сыныптарға  жаратылыстану- математикалық , қоғамдық –гуманитарлық  бағыттағы   бейіндік   пәндер  енгізіліп,  біздің   мектептің  оқушылары   сол  бағыттар  бойынша  бөлініп, оқытылып   жатыр.

Бейіналды   дайындық  жүйесіне  мектептің  жалпы  білім  берудің  негізгі  сатысына  арналған  жаңа  компонеттер  енгізілді (таңдау  курсы, кәсіби  бағдар, психологиялық – педагогикалық  демеу).

Біздің   мектепте  жалпыға  міндетті  білім    беру  және  бейіндік  оқуға  дайындық  басталып  та  кетті.  Өзім  жаратылыстану – математикалық бағыттағы  сыныптар  бойынша   информатика  пәнінен    сабақ   беремін. Сонымен  қатар  10  сыныпқа    бейіналды  дайындық    жүйесінің   бір  компоненті  «Шаблон мен дизайн»  атты   таңдау  курсын   жүргізіп  келемін. Бұл    таңдау     курсы   оқушыға    өзінің   қабілетін   бағалауға, болашақ   жоспарын  жоспарлауға  көмектеседі. Бұл  таңдау  курсында  бағдарлама  шеңберінен  тыс  тақырыптарды  енгізіп, оқытып  жатырмын. Әр  сыныптан   өз  таңдаулары  бойынша   курсқа   оқушы  тартылып,   өзімнің  құрған   бағдарламам   бойынша    дәріс    беріп  жүрмін. Өзімнің жұмысымда бұл бағдарламаны  қолдана отырып оқушыны өмірдің өзгерісіне, ағымына икемделе білетін, болашағына дұрыс таңдау жасап, ұтымды шешім қабылдай алуға дайындау міндетін қоямын.

Сіздердің   алдарыңызға  10 сыныпқа  арнап  жасаған  таңдау  курсының  бағдарламасын  ұсынамын.