«Тіл дамыту» қазақ тілі пәні бойынша вариативтік курстың бағдарламасы
Қарағанды облысы Шет ауданы
Жарық орта мектебі
«Бекітемін» «Келісемін»
Аудандық білім беру бөлімінің Жарық орта мектебінің
бастығы________Қ.Б.Далабаев. директоры _______Қ.А.Ақашева
« » ___________ 20 « » ___________ 20
«Тіл дамыту»
қазақ тілі пәні бойынша вариативтік курстың бағдарламасы
2009 — 2010 оқу жылы .
Тіл дамыту бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары.
Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.
№ | Өтілетін тақырыптар | Сағаты | Уақыты
| Орындалатын жұмыс түрлері |
Курстың мақсаты мен міндеті. Оқушыларға қойылатын талаптар. Тіл дамыту сабағында біз не білеміз? | 1
| Абай «Білімдіден шыққан сөз», жаттау , сатылы кешенді талдау | ||
Синтаксистік талдау. Жай сөйлемді сатылай комплексті талдау | 2
| Мәтінді мазмұндау , сатылы кешенді талдау | ||
Бастауышты сатылай комплексті талдау | 1 | Мәтін құрастыру | ||
Баяндауышты сатылай комплексті талдау | 2 сағат
| Шығармашылық диктант | ||
Толықтауышты сатылай комплексті талдау | 2 сағат
| Жұмбақ құрастыру , сатылы кешенді талдау | ||
Анықтауышты сатылай комплексті талдау | 2 сағат
| Шәкәрім «Жастарға» мазмұндау | ||
Пысықтауышты сатылай комплексті талдау | 2 сағат
| Сценарий құрастыру | ||
Жалаң , жайылма сөйлемдерді сатылай комплексті талдау | 1 | Н.Назарбаев жолдаудан үзінді сатылы кешенді талдау | ||
Толымды , толымсыз сөйлемдерді сатылай комплексті талдау | 1 | «Әр өлеңі – бір әлем» Шәкәрім Қ. мазмұндау | ||
Жақты , жақсыз сөйлемдерді сатылай комплексті талдау | 1 | Н.Назарбаев «Абай туралы» сатылы кешенді талдау | ||
Атаулы сөйлемдерді сатылай комплексті талдау | 1 | «Аталар сөзі — ақылдың кені» сатылы кешенді талдау | ||
Етістіктің шақтарын сатылай комплексті талдау | 3 сағат
| «Тәлім сөз – тәрбие туралы» жаттау , сатылы кешенді талдау | ||
Етістіктің райларын сатылай комплексті талдау | 3 сағат
| Даналардан шыққан сөз» сатылы кешенді талдау | ||
Сөйлемнің байланысу түрлері мен тәсілдерін сатылай комплексті талдау | 2 сағат | «Аталы сөз — баталы сөз» сатылы кешенді талдау | ||
Қиысуды сатылай комплексті талдау | 2 сағат | Жұмбақ шешу шешіміне сатылы кешенді талдау | ||
Меңгеруді сатылай комплексті талдау | 2 сағат | Теориялық материалмен жұмыс | ||
Матасуды сатылай комплексті талдау | 2 сағат | Ақпарат сараптамалық, бағдарлама жасау | ||
Жанасуды сатылай комплексті талдау | 2 сағат | Баяндама жасату | ||
Сөз тіркесін сатылай комплексті талдау | 2 сағат | Ақпарат – сараптамалық, бағдарлама жасау |
Бұл бағдарлама тіл білімінің келесі бір саласы синтаксис бойынша тілдік материалдарды сатылай кешенді талдауға арналады.
Мұнда синтаксистік материалдарды сатылай кешенді талдау: сөз тіркесі, оның түрлері, жай сөйлем, олардың түрлері жайлы меңгерген теориялық материалдарын рет-ретімен сызба бойынша жүйелі талдап үйренуге, оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге, көркем мәтіндерді мәнерлеп сазына келтіріп оқуға, сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгеруге ықпалын тигізеді.
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдай меңгерту-оқушылар білімін тереңдетіп, берілген білімнің ұзақ уақыт естерінде сақталатындығын көрсетеді.
Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы. Тілдің рухы деген өте бір құдыретті ұғым. Олбіздің салт-санамыз, дәстүріміз, ұлттық психологиямыз, дүние танымымыз.
Бағдарлама 7 сыныптың қазақ тілі пәні материалдарын (тереңдетіп) кең көлемде меңгертуге арналған. Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан жүргізіледі.
Мақсаты:
- Тұлғаны синтаксистік материалдарды ашық ажырата білуге үйрету.
- Сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру.
- Көркем мәтіндерді мәнерлеп, сазына келтіріп оқуға баулу.
- Сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгере білуге қалыптастыру.
Міндеттері:
- Өз бетімен іздене білуге үйрету.
- Қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білу.
- Шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Міндетті деңгейге қойылатын талаптар:
- өз беттерімен мәтіндер, сценарийлер құрастыра білу;
- талдау, пікір айта білу;
- тарихи – мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгерту
- Шағын мақала, өлең, ертегілерді ойдан шығарту, талдау жасауға икемдеу.
Мүмкіндік деңгейге қойылатын талаптар:
- қазақ тілінің (танымдық) халықтық сипатын танытатын тілдегі сөйлемдердің түрлерін, олардың атқаратын қызметін, байланыс түрлерін терең меңгере отырып, қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап, талғап қолдана білу.
- Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- өздігінен шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады;
- сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады;
- сөздік қорын өз бетінше толықтырады;
- оқу материалдары бойынша дискурсқа (диалог, сұхбат, әңгіме, инсценировка, пікір алмасу) т.б. қажетті дағдыларды меңгерді.
Тіл дамыту бағдарламасының мазмұны
І Кіріспе
Курстың мақсаты мен міндеті . Оқушыларға қойылатын талаптар . Тіл дамыту сабағында біз не білеміз ?
Міндетті деңгей :
— Оқушыларға қойылатын міндеттер мен мақсаттар айтылады , синтаксистік
талдаудың сызбасымен таныстыру .
— Жай сөйлемнің түрлерін сатылы кешенді талдау.
Міндетті деңгей :
- Жай сөйлемді түрлеріне ажырата алады , (сөйлеу тілдері дамиды ), сызба арқылы талдауды үйренеді.
Мүмкіндік деңгей :
— Өлең немесе қара сөзбен жазылған шығарманы мазмұндай білуге үйренеді ,
пікір білдіруге қалыптасады , өсиет сөздерді күнделікті өмірде қолдану
қасиетін үйренеді .
Сөйлем мүшелері :
- Сөйлем мүшесін — әр уақытта сөйлем ішінде қарастырылатын синтаксистік
категория .
- Сөйлем мүшелерін грамматикалық — мағыналық белгілеріне , құрамына ,
құрылысына сатылы кешенді талдау.
- Сөйлем мүшелерінің құрамын , лексика – грамматикалық мағынасын ықшамдау
принципімен өрнектеу , сатылы кешенді талдау
- Сөйлем мүшелерінің қызметін сатылы кешенді талдау
Мүмкіндік деңгей :
— Мәнерлеп сөйлеуге үйренеді , жаттап алу қабілеттері дамиды .Өлеңнің , қара
сөздің мәнін түсіндіріп , ой қорытуға қалыптасады .
Міндетті деңгей :
— Сөйлем мүшелері туралы ұғымдары кеңейеді . Түрлерін тұлғасына ,
мағынасына қарай ажырата алады . Сатылы кешенді талдау арқылы сөйлеу
тілдері дамиды.
Жай сөйлем және оның түрлері
Жай сөйлемнің айтылу сазымен мазмұнына , түріне , құрлысына сатылы кешенді талдау
Міндетті деңгей :
Жай сөйлемнің қызметін сатылы кешенді талдау , лексика — грамматикалық мағынасын ықшамдық принципімен өрнектеу . Сауатты сөйлеп , жазуға үйрену.
Мүмкіндік деңгей :
Жай сөйлемнің мағыналық түрлері , құрамы , қызметі туралы берік ұғым қалыптасады . Ықшамдық принципімен өрнектеу тәсілін меңгереді . Жаңылтпаш , жұмбақтар арқылы ойлау дағдысы , ұйқастыра білу дағдысы қалыптасады.
Етістіктің шақтарын сатылы кешенді талдау
Міндетті деңгей :
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілін , шақтың мағынасын сатылы кешенді талдау
Лексика — грамматикалық мағынасын ықшамдау принципімен өрнектеу . Сауатты сөйлеп , жазуға үйрену
Мүмкіндік деңгей :
Мәтінмен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады , ойларынан мәтін жазуға үйренеді .Өз пікірлерін айта білу , дұрыс сөйлей білу қабілеттері артады .
Етістіктің райларын сатылы кешенді талдау
Міндетті деңгей :
Етістік қимылдық , іс — әрекеттің , жай – күйдің , өтуі бір жағынан айтушының ,
я сөйлеушінің пікірімен , екінші жағынан , ол пікірдің, ақиқат шындыққа катысын білдірумен байланысты екендігін терең түсінуге мүмкіндік беріледі .
Мысалдар арқылы ықшамдау принципі бойынша жұмыс істеуге қалыптасады .
Мүмкіндік деңгей :
Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің мәтінін түсіну сауатты түрде мазмұндай білуге үйрену . Өз пікірін білдіруге дағдылану .
Сөйлемнің байланысу түрлерін сатылы кешенді талдау.
Міндетті деңгей :
Сөз бен сөздің жалғаулар арқылы немесе жалғаусыз , іргелес , алшақ болмаса, ешбір жалғаусыз , қатаң орын тәртібі арқылы байланысу түрлері туралы ұғымдары қалыптасады ықшамдау принципімен өрнектеу тәсілін меңгереді .
Мүмкіндік деңгей :
Мәтінмен инсценировка құрауды үйренеді . Сөздерді өз орнына , мағынасына қарай пайдалануға дағдыланады. «Аталы сөз – баталы сөз» жаттау арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды . Сөздік қорын толықтырады .
Сөздердің байланысу тәсілдерін сатылы кешенді талдау .
Міндетті деңгей:
Сөздердің өзара қосымшалар арқылы , септеулік шылаулар , интонация немесе орын тәртібі арқылы байланысу тәсілдеріне сатылы кешенді талдау арқылы қалыптасу . Мәтінмен жұмыс барысында білімдерін толықтыру .
Мүмкіндік деңгей :
Мақала құрастыра білуге үйренеді .Ой толғау арқылы сөйлей алу , көпшіліктің алдында өз пікірін қорғай алуға үйренеді .
Сөз тіркесін сатылы кешенді талдау
Міндетті деңгей :
Сөздердің бір – бірімен мағыналық әрі тұлғалық байланысқа түскен түрі , кем дегенде толық мағыналы екі сөзден құралатындығын , бірі екіншісіне бағынатындығын ұғыну . Өздігінен жұмыс істей білу. Сатылы кешенді талдата отырып , тілдік материалды жүйелей білуге , айтылым , жазылым дағдысын сатылап дұрыс талдауға дағдыланады .
Мүмкіндік деңгей :
Шығармашылық , танымдық қабілеттері дамиды , өзіндік ой қорытуға , ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады . Халықтың қанатты сөздерінің мәнін , мағынасын түсіне білуге , одан тәрбие алуға үйренеді .
Мұғалім және оқушылар үшін пайдаланатын әдебиеттер.
- Сатылай комплексті талдау. Алматы 2003 ж.
(оқушылардың лабораториялық жұмыстары)
- Қазақ тілі «Шеберлік класы»
Авторы: Н.А.Оразахынова, Алматы 2002 ж.
Сатылай комплексті талдау (синтаксис)
- Қазақ тілі мен әдебиеті журналы № 8 2005 ж. № 9 2005 ж.
Оқушылар үшін пайдаланатын әдебиеттер:
- «Шың» № 4 2006 , № 1 2006 , № 4 2003 ж. баспа кітабы.
- «Жаңылтпаштар» Т.Дәуітұлы, Алматы 2004 ж.
- «Жыл он екі ай» журналы № 3 , № 4 2007 ж.