Қоршаған орта 2 сынып
Қоршаған орта
2 сынып
Барлығы 34 сағат аптасына 1 сағаттан
№ | Тақырыптары | Сағат саны | Мақсаты | Мерзімі |
І тоқсан (9 сағат) | ||||
1 | Біздің айналамызды қоршаған орта. | 1 | Айналамызды қоршаған орта туралы ойларын жинақтап, жүйелеу, дүние-танымын кеңейту. | 5.09. |
2 | Күзгі табиғат. | 1 | Күзгі табиғат туралы көзқарастарын жетілдіре отырып, ерекшеліктерін та-ныту. | 12.09. |
3 | Өсімдіктер әлемі. | 1 | Оқушыларды өсімдіктер әлемінің қызықтарымен таныстыра отырып, өз ойларын айта білуге үйрету. | 19.09. |
4 | Өсімдік мүшелері. | 1 | Өсімдіктердің мүшелерімен таныстыру. | 26.09 |
5 | Көкөністер, олардың пайдасы. | 1 | Көкөністердің түрлерімен таныстыра отырып, пайдасын ұғынуына мүмкін-дік жасау. | 3.10 |
6 | Жеміс-жидектер, олардың пайдасы. | 1 | Жеміс-жидектердің түрлерімен та-ныстыра отырып, пайдасын ұғынуы-на мүмкіндік жасау. | 10.10 |
7 | Бөлме гүлдерін өсіре білеміз бе? | 1 | Бөлме өсімдіктерін таныту, оларды өсіру, көбейту жолдарын көрсете отырып көздерін жеткізу. | 17.10 |
8 | Дала гүлдері | 1 | Оқушыларды дала гүлдерінің ерек-шеліктерімен таныстыру. | 24.10 |
9 | Дәрілік өсімдіктер. | 1 | Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі орнын таныту. | 31.10 |
ІІ тоқсан (7 сағат) | ||||
10 | Орман – біздің байлығымыз. | 1 | Жасыл желектің, әсіресе ағаштардың пайдасын және түрлерін ұғынуына мүмкіндік туғызу. | 14.11 |
11 | Жергілікті жердің өсімдіктері. | 1 | Жергілікті жердің өсімдіктері мен пайдасын ұғындыру арқылы дүниетанымын кеңейту. | 21.11 |
12 | Жануарлар әлемі. | 1 | Жануарлар әлеміндегі өзгешеліктер-дің орнын ұғындыру, адам өміріндегі жануарлардың алатын орнын таныту. | 28.11 |
13 | Жануарлардың түрлері және пайдасы. | 1 | Жануарлардың көптүрлілігін ұғындыру. | 5.12 |
14 | Сүтқоректілердің ерекшелігі. | 1 | Сүтқоректілердің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, өмірдегі олардың алатын орнын танып білуіне жағдай жасау. | 12.12 |
15 | Бунақденелілердің ерекшелігі. | 1 | Бунақденелілердің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, өмірдегі олардың алатын орнын танып білуіне жағдай жасау. | 19.12 |
16 | Бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің ерекшелігі. | 1 | Бауырымен жорғалаушылардың және қосмекенділердің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, өмірдегі олардың алатын орнын танып білуіне жағдай жасау. | 26.12 |
ІІІ тоқсан (10 сағат) | ||||
17 | Құстар – біздің досымыз. | 1 | Құстардың түрлері, олардың пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы оқу-шылардың түсінігін кеңейту, құстар-ды аялауға баулу. | 9.01 |
18 | Жануарлар әлемінде талай қызық бар. | 1 | Жануарлар әлеміндегі қызықты жағ-дайларды таныта отырып, оқушылар-дың танымын арттыру. | 16.01 |
19 | Жергілікті жердің жануарлары.Шағын кітапша жасау. | 1 | Жергілікті жердің жануарларымен таныстыра отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. | 23.01 |
20 | Өсімдіктер, жануарлар және адам арасындағы байланыс. | 1 | Өсімдіктер, жануарлар мен адамдар арасындағы тығыз байланысты көр-сете отырып, маңыздылығын таныту. | 30.01 |
21 | Қызыл кітап туралы білеміз бе? | 1 | Қызыл Кітап туралы түсініктерін кеңейту. | 6.02 |
22 | Қорықтар деген не? | 1 | Қорықтар туралы алғашқы мағлұмат-тар беру арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу. | 13.02 |
23 | Үй жануарлары. | 1 | Үй жануарларын сүюге, күте білуге, қамқор бола білуге үйрету. | 20.02 |
24 | Төрт түлік мал-ырысым. | 1 | Төрт түлік малдың адам өміріндегі маңызын таныту. | 27.02 |
25 | Малдан алынатын өнімдер. | 1 | Төрт түлік малдың пайдасы мен одан алынатын өнімдер туралы түсінікте-рін жетілдіру. | 6.03 |
26 | Көктем. Наурыз. | 1 | Көктемде келетін Наурыз мерекесінің орнын ұғындыру. | 13.03 |
ІV тоқсан (8 сағат) | ||||
27 | Табиғатта өзіңді ұстау ережелері. | 1 | Адамның төрт мезгілдегі еңбегінің түрлерімен таныстыру, еңбекті сүюге баулу, адам әрекеттерінің ережелерін таныту. | 3.04 |
28 | Менің Отаным. | 1 | Отан туралы алған білімдерін жетіл-діру, Отанды сүю, қорғау- парыз еке-нін ұғындыру. | 10.04 |
29 | Ауылым – құтты мекенім. | 1 | Ауылымыз туралы мағлұматтар беру, оның тарихымен таныстыру, туған жерді сүюге тәрбиелеу. | 17.04 |
30 | Отбасы – алтын діңгек. | 1 | Отбасы ұғымын жетілдіру, отбасы-ның орнын ұғындыру, мейірімділікке тәрбиелеу. | 24.04 |
31 | Менің достарым. | 1 | Достық туралы ұғымдарын кеңейту, достардың түрлерін білуге үйрету, достықты қадірлеуге тәрбиелеу. | 1.05 |
32 | Мектебім – алтын ұям. | 1 | Мектеп-білім ордасы екендігін таны-та отырып, оның орнын ұғындыру. | 8.05 |
33 | Жергілікті жерге саяхат. | 1 | Қоршаған орта туралы алған білім-дерін қорыта отырып, жергілікті жер-дің табиғатына саяхат жасау арқылы байқампаздыққа тәрбиелеу. | 15.05 |
34 | «Мені қоршаған орта» сурет көрмесін ұйымдастыру. | 1 | Әсемдікті тани, көре білуге баулу. | 22.05 |
Түсінік хат.
Бағдарлама «Қоршаған орта»
Бұл бағдарлама табиғатты жаңа танып келе жатқан 2 — сынып оқушыларына арналған. Ол дүниетану са-бағына қосымша ретінде аптасына 1 сағаттан 34 сабаққа арналып жасалған.Ұсынылып отырған бағ-дарлама оқушыларға тірі және өлі табиғат, адам және табиғат арасындағы қарым — қатынас туралы білімді игеруге көмектеседі. Ол оқушыларға экологиялық тәрбиемен қатар қоршаған ортаға, табиғатқа мейірімділікпен қарауғатәрбиелейді.
Негізгі ұғымдар дүниетану пәнімен байланыса отырып, ҚР білім стандартына негізделіп алынған.
Пәннің мақсаты – бізді қоршап тұрған табиғат пен адам арасындағы қарым — қатынас туралы білімдерін кеңейту. «Қоршаған орта» бағдарламасы оқулықтың мазмұнын толық ашуға көмек беру мақсатын және оқушының танымдық қабілетін дамытуды көздейді. Беріліп отырған материалдың алуантүрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін ұйымдастырған кезде саяхат — сабақ, экскурсия — сабақ, викторина — сабақ сабақтардың формалары ұсынылады. Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар білімді әр түрлі деңгейде(репродуктивті, продуктивті, шығармашылық), қабылдауға, оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталып жасалады. Әр тақырыпқа белгіленген сағат саны көрсетілген. Бастауыш буында алған білім одан кейінгі алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болады.
Мақсаты:
Оқушылардың қоршаған ортаны, табиғатты, өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемін ұғынуға, өзінің туған жерін, Отанын танып білуге бағыт-бағдар беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- Өсімдіктер әлемі туралы білім беру;
- Жануарлар әлемі туралы білім беру;
- «Қызыл кітап», қорықтар туралы білімін кеңейту;
- Қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылығын арттыру;
- Отан ұғымын кеңірек таныту, әлемдегі орны мен рөлі туралы ұғынуға көмектесу;
- Табиғатты қорғау саласында оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау
- Жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктерін кеңейту;
- Баланың эмоционалды сезімін байыту. Табиғаттың сенімді досы болуынакөмектесу.
- Берілген тақырып бойынша өздігінен ізденуге дағдыландыру;
- Шағын кітапшалар жасап, оқуға, сөзжұмбақ шешуге үйрету
Күтетін нәтиже:
- Оқушы өсімдіктер әлемі туралы мағлұмат алады;
- Жануарлардың көптүрлілігімен танысады;
- Жергілікті жердің табиғаты туралы мағлұмат алады;
- «Қызыл кітап» туралы білімін кеңейтеді;
- Әлемдік көлемде өз Отанының алатын орны мен рөлі туралы мәліметтермен танысады;
- Оқушы қоршаған ортада өзінің орнын білетін дәрежеге ие болды;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
- Дүниетану.Әдістемелік құрал. Алматыкітап 2013
- Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006
4.Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы.Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар. 2010.
5.КовшарьА.Ф.Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен.Алматы.Алматыкітап ААҚ.2004
6.«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» республикалық конкурсының материалдары.Астана қаласы.2011
7.Бастауыш мектеп. 2008ж №2 10-11-беттер