ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Ғ.Мұратбаев  атындағы №91 орта мектеп

Ғ.Мұратбаев ауылы  Қазалы  ауданы  Қызылорда  облысы.

 

 

 

Бағдарлы курстың тақырыбы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

Түсінік хат

 

Қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес жаратылыстану бағыты бойынша химия пәнінен 8- сыныпқа арналған  «Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері»  атты арнайы бағдарлы курстың жоспарын ұсынып отырмын.

Аптасына 1 сағатқа, жылына 34 сағатқа есептеліп жасалған.

Химияны оқып-үйренгенде жаттығулар орындау мен есептер шығарудың алған теориялық білімді бекітіп, проблемалық жағдайларда оқушыларды шығармашылықпен шешім қабылдауға және жүйелі ойлауға үйретуде маңызы зор. Есептер шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыланады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және  арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі,зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. Кейбір есептерді шығарудың бірнеше әдістері беріледі.

 

 

 

 

 

Мақсаты:

Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асыру, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасау, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашу.

 

Міндеттері:

  • Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру;
  • Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;
  • Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.

 

Күтілетін нәтиже:

Алдына мақсат қойып,оған жету жолында тынымсыз ізденгіш,қиялы бай, ойы кең, шыдамды да алғыр, жан-жақты, дербес жеке тұлға тәрбиелеу.

 

 

Курстың оқу-тақырыптық жоспары

ТақырыбыСағат

саны

Мерзімі Ұйымдастыру

формалары

1Кіріспе14.09. 12Лекция
2Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу.111.09.12Лекция

 

3Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын, массалық үлестерін есептеу.118.09.12Практикум
4Зат мөлшері.125.09.12Лекция
5Молярлық масса, молярлық  көлем.12.10.12Практикум
6Авогадро саны19.10.12Практикум
7Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер116.10.12Лекция
8Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер (химиялық реакциялар кезінде  зат массасының сақталу заңы)123.10.12Практикум
9Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер(заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша  басқа заттың массасын есептеу)130.10.12Практикум
10Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы.113.11.12Лекция
11Газдардың көлемдік қатынасы120.11.12Практикум
12Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер127.11.12Лекция
13Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер14.12.12Практикум
14Ерітіндіге байланысты есептер.111.12.12Лекция

 

15Ерітінді тығыздығы119.12.12Практикум
16Ерігіштік.125.12.12Лекция
17Молярлық концентрация115.01.13Практикум
18

19

Типтік есептер шығару тәсілдері222.01.13

25.01.13

Лекция

Практикум

20Орынбасу реакциясына байланысты есептеулер15.02.13Практикум
21Химиялық формуланы анықтау есептері112.02.13Лекция

 

22-23Теңдеулер бойынша есептеулер мысалдары219.02.13

26.02.13

Практикум
24-25Заттың сапалық құрамын анықтау22.03.13

12.03.13

Лекция

Практикум

26Эксперимент есептерінің түрлері және шығару тәсілдері119.03.13

 

Лекция

 

27-28Заттардың қоспасына есептер шығару22.04.13

9.04.13

Лекция

Практикум

29-30Теориялық мүмкіндіктер, салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер216.04.13

23.04.13

 

Лекция

Практикум

31-32Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу

 

230.04.13

7.05.13

Лекция

Практикум

33Иондарды сапалық анықтау. Электролит ерітіндеі алмасу реакциялары.114.05.13Лекция

Практикум

34Қорытынды сабақ121.05.13Тест

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар жинағы». Алматы «Мектеп» 2005,2009
  2. И.Нұғманов,Р.Жұмаділова,Ж.Аганина «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп»2009
  3. Ә.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар». Алматы «Мектеп» 2004
  4. Ә.Темірболатова, Н.Сағымбекова, С.Әлімжанова «Химия» Тапсырмалар жинағы 11 Алматы «Мектеп» 2007
  5. И.Нұғманов, Р.Мулкина «Химия» оқу кітабы. Алматы «Мектеп» 2009
  6. Т.Т.Омаров, М.Р. Танашева «Бейорганикалық химия» Алматы 2008
  7. Р.Болатқұлова «Органикалық химия сабақтарында есептер мен жаттығуларды пайдалану». Алматы
  8. Тест жинақтары 2003-2011жж
  9. «Химия мектепте» журналы
  10. «Химик анықтамалығы» журналы