Физика және Қазақстан энергетикасы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №213 «Қыркеңсе» орта мектебінің физика пәні мұғалімі Әкімбаев Бауыржанның бағдарламасы (11 сынып)
Бағдарлы оқытудың курсына арналған бағдарлама
Қолданбалы курс
Бағыты: жаратылыстану – математика
Бағдары: физика — технологиялық
Қолданбалы курс: Физика және Қазақстан энергетикасы
Мақсаты: Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдаланудың физикалық негіздерін ұғындыру. Оқушыларды техникалық бағытқа бейімдеуде энергетиканың негізгі салалары: жылу электр станциялары, гидро электр станциялары, атом электр станцияларының негізгі құндылықтарын мәліметтер беру.
Міндеті:
— Оқушыларды энергетика саласына бейімдеу
— Оқушылардың теориялық, практикалық білімін кеңейту.
Мазмұны: Энергетика саласын оқытудың теориялық тұжырымдамасын, негізгі заңдылықтарын, құрылғылардың жұмыс істеу принципін, электр энергиясын қолданудың негізгі құндылықтарын, Қазақстан территориясындағы АЭС,ГЭС, ЖЭС жобаларын салудың негізгі проблемалары жайында түсіндіріп, болашақ жастардан үміт күту.
Ж о с п а р ы
р/с | Бағдарлама тақырыбы | сағат саны |
1. | Электр енергиясының басқа энергия түрлерінен айырмашылығы. | 2 |
2. | Электр энергиясын генерациялау | 2 |
3. | Электр станцияларының түрлері | 2 |
4. | Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстан гидроэнергетикасы” | 2 |
5. | Қазақстанның су қоры | 2 |
6. | 1-практикалық жұмыс “Кескін картаға Қазақстанның ірі өзендері мен су қоймаларын бейнелеу” | 2 |
7. | Су қорын энергетикалық мақсатқа пайдалану. Су электр станциялары | 2 |
8. | 2-практикалық жұмыс. “Кескін картаға Қазақстанның су электр станцияларын түсіру” | 2 |
9. | Ядролық отын-уран кен орындары. Уран өндіру | 2 |
10. | Ядролық отынның басқа да түрлері | 2 |
11. | Физикалық практика “в,г бөлшектердің жүтылуын зерттеу” | 2 |
12. | Тізбекті ядролық реакцияның энергетикалық шығуын есептеу | 2 |
13. | Физикалық практика. “Гейнер санағышы арқылы қоршаған ортадағы радиоактивтік фонды анықтау”. | 2 |
14. | Атом электр станциялары | 2 |
15. | Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы” | 2 |
16. | Физикалық практика “Радиоактивті ыдырау заңын тексеру” | 2 |
17. | Атом энергетикасының , болашағы | 2 |
18. | Атом энергетикасының экологиялық проблемалары | 2 |
19. | Оқушының жобалау жұмысы “Уран өндірудің экономикалық-экологиялық проблемалары” | 2 |
20. | Ядролық қалдықтары консервациялау | 2 |
21. | Физикалық практикум “Динамикалық компьютерлік модельдер арқылы ядролық реактрлардағы физикалық процестерді зерттеу” | 2 |
22. | Оқушының жобалау жұмысы “Гелиоқондырғылардың әр түрлі модельдері” | 2 |
23. | Конференция “Электр станцияларының әр түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері” | 2 |
24. | Қазақстандағы ядролық ғылыми зерттеулер(ядролық физика институты, ядролық технопарк) | 2 |
25. | Дәстүрлі емес энергия көздері | 2 |
26. | Оқушының жобалау жұмысы “Адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі-энергетикалық проблеманы шешу жолдары” | 2 |
27. | Жел және күн энергиясын игеру | 2 |
28. | Биоэнергетика | 2 |
29. | Өндірістік және түрмыстық қалдықтар энергиясын пайдалану | 2 |
30. | Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі | 2 |
31. | Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстанның біріңғай энергетикалық жүйесі” | 2 |
32. | 3-практикалық жұмыс “Қазақстанның біріңғай энергетикалық жүйесінің картасын тізу” | 2 |
33. | Қазақстанның энергетикалық ресурстар қоры және оның дүниежүзілік экономикадағы орны | 2 |
34. | Оқушының жобалау жұмысы “Қазақстанның энергетикалық картасы” | 2 |
Барлығы | 68 |
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ғылыми –техникалық мерзімдік басылымдар
а) Электроэнергетика
ә) Энергия.Экономика. Техника
б) Энергорынок
в) Ядерная физика
- ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттары Алматы 2002 ж
- И.И.Эльшанский. Законы природы служат любим. М, Просвещение 1978
- А.Г.Глазунов. В.Г Разумовский, В.А. Фабрикант. Физика и научно-технический процесс Москва Просвещение 1988
- О.Мұсабеков. Ғылыми-технологиялық революция кезеңінде физикалық білім беру. Математика және физика журналы 2003 ж №5
- О.Ф. Кабардин, В.А. Орлов. Факультативный курс физики. 10 класс М, Просвещение 1973
- А.А.Покровский. Практикум по физике в средный школе. М, Просвещение 1973
- 7-11 сынып физика және астрономия оқулықтары Мектеп баспасы 2004-2007 ж
Дайындаған : Б.Әкімбаев