ФИЗИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ

 

 

 

  Қаралды және бекітілді:

Педагогикалық кеңесте.

Хаттама №6

24мамыр 2006 ж.

Мектеп директоры:

 

__________ М.Ғ. Қазиев

 

  Келісілді:

Теректі аудандық ББ.

Хаттама № 3

21мамыр 2007 ж.

 

  БҚОПКБА және ҚДИ

сараптама кеңесінен өткізілді.

Хаттама № ___

“___” ________ 2007 ж.

 

 

 

БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСЫНЫҢ

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

Тақырыбы:

ФИЗИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ

ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ

 

Бағыты: жаратылыстану — математика

Бағдары: физика — математика

 

10-11 кластар

 

 

Құрастырушылар: Б.С. Ғабдығалиев – I санатты физика және

информатика пәндерінің мұғалімі

Г.Қ. Байбосинова – I санатты физика және

математика пәндерінің мұғалімі

 

 

 

 

 

Жайық орта жалпы білім беретін мектебі

 

 

 

 

Түсінік хат

 

Бұл қолданбалы курста Республикалық, Мәскеулік, Бүкілодақтық, Халықаралық, облыстық олимпиадалардың есептері шығарылады. Осы олимпиадалардың теориялық және практикалық сайыстарының тапсырмалары қамтылады. Көбіне есептерді, әсіресе жоғары қиындықты есептерді шығаруға сабақ уақыттары жетпей жатады. Сондықтан физика-математика бағдарында оқыту үрдісіндегі осы қолданбалы курстың орны ерекше.

 

Курстың мақсаты: Оқушылардың логикалық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, физикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және іскерліктерін жетілдіру. Оқушыларды техникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.

Курс міндеттері:

  1. Мектеп бағдарламасын қайталамай, сабақтарда алған білімдерге жаңа бағыт беру.
  2. Оқушылардың әрі кең көлемді, әрі терең физикалық білім алуларына жағдай жасау.
  3. Оқушылардың физикалық білімдерін тереңдету.
  4. Оқушыларды өзбеттерімен терең ойлануға үйрету.
  5. Оқушылардың қосымша физикалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  6. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  7. Шәкірттерді еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, жігерлілікке баулу.

 

Мамандыққа бағдарлау: инженер, механик, жүк тасымалдауды ұйымдастырушы, темір жол технологы, физик, радиотехник, электрик және т. б. техникалық мамандықтар.

Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия, сызу, химия, астрономия, биология, экология.

Қолданбалы курстың ұйымдастыру формалары: оқушылардың білімдерін тиянақтау сабақтары, есептер шығару, шығармашылық ізденіс жұмыстары.

Сондай-ақ курс барысында, дамыта, саралап, деңгейлеп, проблемалық, эвристикалық оқыту, шығармашылық ізденіс, өзіндік жұмыс,  ынталандыру, оқу сапасының мониторингі әдістері және т.б. пайдаланылады.

Қолданбалы курсты қорытындылау формасы: есептер шығару, бөлімді қорытындылау, сынақ жұмысы (олимпиада).

 

Курс барысында оқушылар келесі біліктіліктерді иемденеді:

  • Есептің (құбылыстың) мазмұнын талдау, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланыстарды анықтау.
  • Есепті шығарудың ең тиімді тәсілін таңдай білу.
  • Физикалық есепті шешудің жалпы тәсілін құру мақсатында есеп мәнін оның моделі арқылы жетік меңгеру.
  • Өз білімі мен біліктілігін жаңа жағдайларда қолдана білу.
  • Өзінің танымдық үрдісін басқару.
  • Есепті нақтылап, оны кішігірім есептерден тұратын жүйеге айналдыра білу.
  • Физикалық есептерді шешу кезінде сәйкес есептерді, алгоритмдерді, схемеларды,кестелерді, анықтамалықтарды және т. б. қолдана білу.
  • Адамның психологиялық ерекшеліктерін анықтай білу.
  • Ұжымдық, ынтымақтастық қарым – қатынаста жұмыс істеу.

 

Оқушыларға қойылатын талаптар:

  1. Өзінің оқу уақытын тиімді пайдалану.
  2. Өзінің негізгі оқу мақсатын және міндеттерін белгілеу.
  3. Оқып отырған материалдың басты мағынасын айқындау.
  4. Материалдағы мағыналық тірек бөлімдерін таба білу.
  5. Өзін-өзі бақылауды жүзеге асырып жүру.
  6. Оқылған тақырыптар бойынша есептерді жеңілінен бастап, біртіндеп күрделендіре шығарып жүру.
  7. Есеп шартының (берілгенінің) дұрыс жазылуын, формулалар мен сызбалардың дұрыс қолданылуын, есептеулердің дұрыс жүргізілуін тексере білу.
  8. Есептің шығарылу жолын қысқаша әңгімелеп бере білу.
  9. Есептерді мұғалімнің шығаруға бергенінен де көп шығаруға тырысу.
  10. Есеп шығару барысында қателесуден қорықпай, өз қатесін өзі түзете білу.
  11. Күрделі есептерден қорықпау.
  12. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуден (есепті толық дұрыс шығарудан) оңды әсер алып, қуанышқа бөлене білу.

 

Курс барысында оқушылардың білім деңгейлерін тексеріп, анықтау, оқу сапасының мониторингін жүргізу өте қажет. Осы мақсаттағы қорытындылау сабақтары әр бөлімнің соңында жүзеге асырылады.

Оқушылардың білімдерін бағалау шарттары мынадай:

94 -100% -ын дұрыс орындаса, бағасы “5”.

80% -ынан 94% -ына дейін дұрыс орындаса, бағасы “4”.

50% -ынан 80% -ына дейін дұрыс орындаса, бағасы “3”.

Оқушы тапсырмалардың 0% -ынан 50% -ына дейін дұрыс орындаса, бағасы “2”.

 

10 – 11 кластарға арналған осы курстардың соңында қорытынды сынақ жұмыстары (олимпиадалар) жүргізіліп, жүлделі орын алған оқушылар, әрі сынақтан өткен оқушылар анықталады.

Бағдарлы оқыту моделін құруға арналған әдістемелік көмекші құралда көрсетілгендей қолданбалы курстар бойынша оқушылардың дайындық деңгейлерін бағалау дихотомикалық (екілік) шкала бойынша жүргізіледі: “меңгерді” немесе “меңгермеді” (“сынақтан өтті” немесе “сынақтан өтпеді”).  Қорытынды сынақ (олимпиада) тапсырмаларының 50 — 100% -ын орындаған оқушы “меңгерді” (“сынақтан өтті”) , ал 0% -ынан  50% -ына дейін орындаған оқушы “меңгермеді” (“сынақтан өтпеді”) деп бағаланады.

 

Қолданбалы курстың мазмұны

10 класс

(Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

  1. I. Кіріспе (1 сағ)
  • Курс міндеттері. Физикалық есептерді шығаруды үйренудің маңыздылығы. Техникалық қауіпсіздік. (1 сағ)
  1. II. Механика (11 сағ)
  • Түзу сызықты және қисық сызықты айнымалы қозғалыс. (2 сағ)
  • Қозғалыстың салыстырмалылығы. (1 сағ)
  • Ньютон заңдары (1 сағ)
  • Механикалық жұмыс, энергия және қуат. (2 сағ)
  • Сақталу заңдары. (2 сағ)
  • Тепе-теңдік. Тепе-теңдік шарты. (1 сағ)
  • Архимед заңы. Бернулли теңдеуі. (1 сағ)
  • Тербелістер мен толқындар. (1 сағ)

III. Молекулалық физика (10 сағ)

  • Әр түрлі меншікті жылулар (1 сағ)
  • Газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеулері (1 сағ)
  • Идеал газ заңдары. Газдардағы изопроцестер. Реал газдар. (2 сағ)
  • Агрегаттық күйлер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері. (1 сағ)
  • Сұйықтың беттік қасиеттері. Салыстырмалы ылғалдылық. (1 сағ)
  • Идеал газдың ішкі энергиясы. (1 сағ)
  • Термодинамика заңдарын қолданып есептерді шешу. (1 сағ)
  • Адиабаттық процесс. Изопроцестерге термодинамиканың бірінші бастамасын қолдану. (1 сағ)
  • Жылу машиналарының жұмыс істеу принципі, пайдалы әсер коэффициенті. (1 сағ)
  1. IV. Электродинамика (басы) (10 сағ)
  • Электр өрісінің қасиеттері мен заңдылықтары. (1 сағ)
  • Электр өрісінің кернеулігі, потенциалы. Электр өрісі күштерінің жұмысы. (1 сағ)
  • Конденсаторларды қолдану. Электр сыйымдылығы. Электр өрісінің энергиясы. (1 сағ)
  • Ом заңдары мен Кирхгоф ережелерін қолдану. (2 сағ)
  • Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы. (2 сағ)
  • Әр түрлі ортадағы (сұйықтардағы, газдардағы, қатты денелердегі) электр тогы. (1 сағ)
  • Магнит өрісінің қасиеттері. Магнит өрісінің индукциясы. Ампер күші. Лоренц күші. Сол қол ережесі. Бұрғы ережесі. (2 сағ)
  1. V. Қорытындылау (2 сағ)
  • Қорытынды сынақ жұмысы (олимпиада). (1сағ)
  • Қателермен жұмыс. (1 сағ)

 

11 класс

(Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

  1. I. Электродинамика (жалғасы) (12 сағ)
  • Магнит ағыны. Электромагниттік индукция заңы. (2 сағ)
  • Ленц ережесі. Қозғалыстағы өткізгіштердегі индукцияның ЭҚК-і.

(1 сағ)

  • Өздік индукция. Индуктивтік. (1 сағ)
  • Токтың магнит өрісінің энергиясы. Электромагниттік өріс энергиясы.

(1 сағ)

  • Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі контурдағы процестерді сипаттайтын теңдеу. (2 сағ)
  • Гармониялық тербелістердің амплитудасы, периоды және жиілігі. Томсон формуласы. (2 сағ)
  • Тербеліс фазасы. Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері. (1 сағ)
  • Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор мен катушка. Трансформаторлар.

(1 сағ)

  • Электромагниттік толқынның жылдамдығы. Толқын ұзындығы. Электромагниттік сәулелер ағынының тығыздығы. (1 сағ)
  1. II. Оптика. Арнайы салыстырмалылық теориясы. (10 сағ)
  • Жарықтың түзу сызықты таралу, шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу. (2 сағ)
  • Жарық жылдамдығы. Жарықтың дисперсиясы. (1 сағ)
  • Жарықтың интерференциясы. Жарық толқынының ұзындығы. (1 сағ)
  • Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор. Жарықтың поляризациясы.(2 сағ)
  • Сәуле шығару және спектрлер. Электромагниттік толқындар шкаласы.

(1 сағ)

  • Салыстырмалылық теориясының постулаттары және олардан туындайтын негізгі салдар (Кеңістік. Уақыт. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы). (2 сағ)
  • Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергияның байланысы.(1 сағ)

III. Кванттық физика (10 сағ)

  • Планк формуласы және тұрақтысы. (1 сағ)
  • Фотоэффект заңдары. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі. (1 сағ)
  • Фотоэффектінің қызыл шекарасы. Фотондар. Жарық қысымы. (1 сағ)
  • Атомның құрылысы. Бордың кванттық постулаттары. Лазерлер. (1 сағ)
  • Радиоактивтілік. Альфа -, бета -, гамма — сәуле шығару. (1 сағ)
  • Радиоактивтік ыдырау заңы. Жартылай ыдырау. (1 сағ)
  • Атом ядросының құрылысы. Атом ядросының байланыс энергиясы.

(1 сағ)

  • Ядролық реакциялар. Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар.

(1 сағ)

  • Радиоактивті изотоптарды алу. Радиация. (1 сағ)
  • Кварктар. Глюондар. Аралық бозондар. Гравитондар. (1 сағ)
  1. IV. Қорытындылау (2 сағ)
  • Қорытынды сынақ жұмысы (олимпиада). (1 сағ)
  • Қателермен жұмыс. (1 сағ)

 

Тақырыптық жоспар

10 класс

(Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағ)

 

ТақырыпСағаттар саныСабақ түрі
Оқушылардың білімдерін тиянақтауЕсептер шығару
IКіріспе1  
1Курс міндеттері.  Физикалық есептерді шығаруды  үйренудің  маңыздылығы. Техникалық қауіпсіздік.11 
IIМеханика11  
1-2Түзу сызықты  және қисық сызықты айнымалы қозғалыс.211
3Қозғалыстың салыстырмалылығы.1 1
4Ньютон  заңдары.1 1
5-6Механикалық жұмыс, энергия және қуат.211
7-8Сақталу заңдары.211
9Тепе- теңдік. Тепе- теңдік шарты.1 1
10Архимед заңы. Бернулли теңдеуі.1 1
11Тербелістер мен толқындар.1 1
IIIМолекулалық физика. 10  
1-2Әр түрлі меншікті жылулар.1 1
3Газдың  молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеулері.1 1
4-5Идеал газ заңдары. Газдардағы изопроцестер. Реал газдар.211
6Агрегаттық күйлер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері.1 1
7Сұйықтың беттік қасиеттері.

Салыстырмалы ылғалдылық.

1 1
8Идеал газдың ішкі энергиясы.1 1
9Термодинамика заңдарын қолданып есептерді шешу.1 1
10Адиабаттық процесс. Изопроцестерге термодинамиканың бірінші бастамасын қолдану.1 1
11Жылу машиналарының жұмыс істеу принципі, пайдалы әсер коэффициенті.1 1
IVЭлектродинамика (басы)10  
1Электр  өрісінің қасиеттері мен заңдылықтары.1 1
2Электр өрісінің кернеулігі, потенциалы. Электр өрісі күштерінің жұмысы.1 1
3Конденсаторларды қолдану. Электр сыйымдылығы. Электр өрісінің энергиясы.1 1
4-5Ом заңдары мен  Кирхгоф ережелерін  қолдану.211
6-7Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.211
8Әр түрлі ортадағы (сұйықтардағы, газдардағы, қатты денелердегі) электр тогы.1 1
9-10Магнит өрісінің  қасиеттері. Магнит өрісінің индукциясы. Ампер күші.  Лоренц күші. Сол қол ережесі. Бұрғы ережесі.211
VҚорытындылау2  
1Қорытынды сынақ жұмысы (олимпиада)1 1
2Қателермен жұмыс1 1

 

11 класс

(Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағ)

 

ТақырыптарСағаттар саныСабақ түрі
Оқушылардың білімдерін тиянақтауЕсептер шығару
IЭлектродинамика (жалғасы)12  
1-2Магнит ағыны. Электромагниттік индукция заңы.211
3Ленц ережесі. Қозғалыстағы өткізгіштердегі индукцияның ЭҚК-і.1 1
4Өздік индукция. Индуктивтік.1 1
5Токтың магнит өрісінің энергиясы. Электромагниттік өріс энергиясы.1 1
6-7Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі контурдағы процестерді сипаттайтын теңдеу.211
8-9Гармониялық тербелістердің амплитудасы, периоды және жиілігі. Томсон формуласы.211
10Тербеліс фазасы. Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері.1 1
11Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор мен катушка. Трансформаторлар.1 1
12Электромагниттік толқынның жылдамдығы. Толқын ұзындығы. Электромагниттік сәулелер ағынының тығыздығы.1 1
IIОптика. Арнайы салыстырмалылық теориясы.10  
1-2Жарықтың түзу сызықты таралу, шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу.211
3Жарық жылдамдығы. Жарықтың дисперсиясы.1 1
4Жарықтың интерференциясы. Жарық толқынының ұзындығы.1 1
5-6Жарықтың дифракциясы.  Дифракциялық тор. Жарықтың поляризациясы.211
7Сәуле шығару және спектрлер. Электромагниттік толқындар шкаласы.1 1
8-9Салыстырмалылық теориясының постулаттары және олардан туындайтын негізгі салдар (Кеңістік. Уақыт. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы)211
10Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Масса мен энергияның байланысы.1 1
IIIКванттық физика10  
1Планк формуласы және тұрақтысы.1 1
2Фотоэффект заңдары. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі.1 1
3Фотоэффектінің қызыл шекарасы. Фотондар. Жарық қысымы.1 1
4Атомның құрылысы. Бордың кванттық постулаттары. Лазерлер.1 1
5Радиоактивтілік. Альфа -, бета -, гамма — сәуле шығару.1 1
6Радиоактивтік ыдырау заңы. Жартылай ыдырау.1 1
7Атом ядросының құрылысы. Атом ядросының байланыс энергиясы.1 1
8Ядролық реакциялар. Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар.1 1
9Радиоактивті изотоптарды алу. Радиация.1 1
10Кварктар. Глюондар. Аралық бозондар. Гравитондар.1 1
IVҚорытындылау 2  
1Қорытынды сынақ жұмысы (олимпиада)1 1
2Қателермен жұмыс1 1

 

 

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Физикадан аймақтық олимпиада. Батыс Қазақстан білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталығы. Орал, 1999 ж.
  2. Физика пәні бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жарыстарына арналған тестілік сұрақтар. В.И. Кем, Е.Э. Шафнер. Астана, “Дарын”,2002 ж.
  3. Облыстық техникалық олимпиадаға арналған тестілік сұрақтар жинағы (9, 10, 11 кластар). БҚОББ. БҚОПКБАжәнеҚДИ баспаханасы. Орал, 2004 ж.
  4. Всероссийские олимпиады по физике. Под ред. С.М. Козела. Москва, “ЦентрКом”, 1997 г..
  5. Всесоюзные олимпиады по физике. Слободецкий И.Ш., Орлов В.А. Москва, “Просвещение”, 1982 г.
  6. Международные физические олимпиады школьников. Кабардин О.Ф., Орлов В.А. Москва, “Наука”, 1985 г.
  7. Задачи Московских физических олимпиад. Под ред. Кротова С.С. Москва, “Наука”, 1988 г.