7 — орыс сыныбына арналған «ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ» курсының бағдарламасы
Түсінік хат
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер — білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызмет зор. «Практикалық қазақ тілі» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерге» жасалды.
Негізгі мақсаты— оқушыларды кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау,қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.
«Практикалық қазақ тілі» курсының мақсаты- ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер;
-оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту,
-тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы төменгі кластарда алған теориялық білімдерін жүйелеу:
-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдеру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:
-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 5 сағаты бақылау мен тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 2 сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кенесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \ лексика,фонетика\, С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» \морфология\, М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \синтаксис\ атты еңбектері пайдаланылды.
Курстың жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
- Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану.
- Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.
- Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу.
- Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың даңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу.
- Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Курс бағдарламасын оқығаннан кейін оқушыдан күтілетін нәтиже:
-салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
-практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу.
-саутты жазу, саутты сөйлеу,
-өзіндік ой дербестігінің болуы;
«ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ» курсы бағдарламасының мазмұны .
Барлығы — 34 сағат.
Апталық сағаты — 1
- Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары.
Фонетика, лексика, морфология ,синтаксис,пунктуация туралы ұғым- тү
сініктерін кеңейту.
- Фонетика. Дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары
3-тақырып. Дауыссыз дыбыстардың емлесі.Фонемалардың құрылыстық және өзіндік ерекшеліктері, сөйлеу кезіндегі өзгерісі мен фонемалар жүйесінің ара қатынасын зерттейтін заңдылықтар.
4-тақырып.Орфография мен орфоэпия.
Орфографияның қарастыратын мәселері, негізгі принциптері.
5-тақырып.Үндестік заңы.
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың үйлесімі. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері..Сингармонизм заңы.Ассимиляция мен диссимиляция.
6-тақырып.Буын.Тасымал.екпін.
Буынның сипаты.Буынның түрлері.Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.Екпін түспейтін буындар.
7-тақырып. Бақылау жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.
8-тақырып. Сөздердің көп мағыналығы. Сөз мағынасының өзгеруі. Лексиканың салалары туралы.
9-тақырып. Синоним. Омоним. Антоним.
10-тақырып.Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы. Сөздік қор мен сөздік құрам.
11-тақырып.Диалекті және кәсіби сөздер.Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламалары.
12.-тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.
13-тақырып.Бақылау жұмысы.Лексика бөлімін қорытындылау.
14-тақырып. Морфология.Сөз және оның морфологиялық құрылымы.
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.
15-тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.
16- тақырып. Сөз таптары.Зат есім. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы туралы..Зат есім жасайтын жұрнақтары.
17-тақырып. Сын есім.Заттың түрін, түсін,сапасын,салмағын,көлемін білдіретін сөз табы туралы.
18-тақырып. Сан есім.Заттың саның,ретін білдіретін сөз табы туралы.Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.
19-тақырып.Есімдік Зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы туралы.Есімдіктердің түрлері.
20-тақырып.Етістік. Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіретін сөз табы туралы.
21-тақырып. Есімше мен көсемші. Етістіктің мағыналық ерекше түрлері.
22-тақырып. Етіс. Етістің түрлері.
23-тақырып. Үстеу. Туынды үстеулердің жасалу жолдары..Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
24-тақырып.Бақылау жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін қорытындылау.
25-тақырып.Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.
26-тақырып. Сөйлем. Оның құрамы
27-тақырып. Салалас құрмалас сөйлем.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.
28-тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем.Олардың түрлері. Жасалуы,жалғаулықты,жалғаулықсыз түрлері.
29-тақырып. Аралас құрмалас сөйлем..
30-тақырып. Бақылау жұмысы. Тест. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.
31-тақырып. Төл сөз.Автор сөзі. Төлеу сөзі.
32-тақырып. Пунктуация. Тыныс белгілеріндұрыс қоя білу,қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.
33-тақырып. Сынақ сабағы.Тест тапсырмалары.
34-тақырып. Қорытынды сабақ.Жыл бойы өткен материалды қайталау.
Тақырыптық — оқу жоспары.
№ |
Өтетін тақырыбы | Барлық сағаты | теория | практика |
Қолданатын әдістер |
Күтілетін нәтижесі | Ескерту |
1 | Кіріспе сабақ . Казақ тіл білімі | 1 | 1 | әңгімелесу | Салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру. | ||
2 | Фонетика. Дауысты дыбыстар. | 1 | 1 | түсіндіру | |||
3 | Дауыссыз дыбыстарының емлесі | 1 | 1 | Талдау, салыстыру | |||
4 | Орфография және орфоэпия | 1 | 1 | ||||
5 | Үндестік заңы | 1 | 1 | Деңгейлік тапсырмалар | |||
6 | Буын. Тасымал. Екпін | 1 | 1 | ||||
7 | Бақылау жұмысы. | 1 | 1 | Тест. Қайталау. | |||
8 | Сөздердің көп мағыналығы.
| 1 | 1 | Түсіндіру. | |||
9 | Синоним. Омоним. Антоним | 1 | 1 | Жаңа технология элементтері | Тілдік және әдеби білім-дерінің толығ. | ||
10 | Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы. | 1 | 1 | ||||
11 | Диалекті және кәсіби сөздер | 1 | 1 | түсіндіру | |||
12 | Тұрақты сөз тіркестері | 1 | 1 | ||||
13 | Бақылау жұмысы. | 1 | 1 | Лексикалық білім мен біліктілікке жету | |||
14 | Морфология. Сөз және оның морфологиялық құрылымы | 1 | 1 | 1 | Білімін тексері | ||
15 | Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. | 1 | 1 | Топтық жұмыс | |||
16 | Сөз таптары. Зат есім. | 1 | 1 | ||||
17 | Сын есім | 1 | 1 | ||||
18 | Сан есім | 1 | 1 | ||||
19 | Есімдік | 1 | 1 | Кубизм әдісі баяндау Жинақтау, талдау салыстыру | Практикалық танымдық шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу. | ||
20 | Етістік | 1 | 1 | ||||
21 | Есімше мен көсемші | 1 | 1 | ||||
22 | Етіс | 1 | 1 | ||||
23 | Үстеу | 1 | 1 | ||||
24 | Бақылау жұмысы | 1 | 1 | ||||
25 | Синтаксис. Сөз тіркесі | 1 | 1 | Білімін тексеру | |||
26 | Сөйлем | 1 | 1 | Түсіндіру | |||
27 | Салалас құрмалас сөйлем | 1 | 1 | Ойландыру. | Синтаксистік білім мен біліктілікке жету. | ||
28 | Сабақтас құрмалас сөйлем | 1 | 1 | Сын тұрғ.ойлау | |||
29 | Аралас құрмалас сөйлем | 1 | 1 | Талдау | |||
30 | Бақылыу жұмысы | 1 | |||||
31 | Төл сөз.Автор сөзі | 1 | 1 | қайталау | Өтілген тақырыптардан алған білімдерін пысықтау | ||
32 | Пунктуация | 1 | 1 | түсіндіру | |||
33 | Сынақ сабағы | 1 | 1 | ||||
34 | Қорытынды сабақ | 1 | 1 | Білімін тексеру | |||
Курсты жүргізетін мұғалімдердің пайдаланатын әдебиеттер:
1.Мырзахмет М. Абайтану тарихи. Алматы: « Ана тілі» 1994 — 192 б.
- Мырзахметұлы М. Ұлы Абайды таныту тарихы// Абай.-2006.-№1.-б.5-16
3.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі.-Алматы, Ана тілі, 1995.-272 б.
4.Оралбаева Н.,Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
5.Досмұхамедұлы Х. Абай — Шәкәрім 1991 155-б.
6.Құлкенов М. Отарбаева Р. Ғылым, 1992. 47-б.
- Ай, заман-ай, заман-ай…бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. — а.,1991
8.БайтұрсыновА. Тіл тағдыры. Алматы. Ана тілі 1992 ж, 8-б.
9.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А- 1988 ж.
10.»Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары. 2005-2007 ж.ж.
- «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналдары 2004-2008
- Абай. өзекті мәселелері. Алматы.»Рауан» 2000ж.
- Нығмет Ж.Н. Қазақ тілі 1999 ж, Алматы.
- Нұрахметов Н.Н. Жадрина М.Ж. Байжасарова Г.З. Мектеп.2002 ж.
- Жұмабаев М. Абай және біз. Ғылым.1992 ж.
16.Жұмабаева Ш.З. Абдрахман. 25 б..
- Қазақ әдебиеті Алматы-1999ж
- Қазақ тілі мен әдебиеті» журнал №1 1995 ж. № 2 1999 ж.
Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
- Абай Құнанбаев, Шығармаларының толық жинағы, 1-2-томдар. Алматы, 1995.
- Ахметов З., Лермонтов и Абай, Алма-Ата, 1954.
- Әуезов М., Абай Құнанбаев, Алматы, 1995
- Габдуллин Б., Этические воззрения Абая, Алма-Ата, 1970.
- Оразалин К., Абай ауылына саяхат, Алматы, 1994.
- Оразалинов С., Абай елі-На земле Абая, Алматы, 1994.
- Шалабаев Б., История казахского романа (Проза Абая), Алма-Ата . 1975
- Абай өмірі мен шығармашылығы туралы кестелер.
- Ұлттық энциклопедия, Алматы, 1999, №1
- Энциклопедия, Абай, Алматы, 1995.
11.М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі .Жоғары сынып оқушылары мен студентерге арналған.»Болашақ балапандары балалар шығармашылығы мен балалар баспасөзінің мемлекеттік емес мекмесі. Алматы.»Рауан» 1997 ж.
- Мырзахметұлы А.»Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зертелу жайы»
15.Қазақ әдебиеті.журнал 2000-2008 ж. № 5.12.7.15.
- Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы. 2000 ж.
17 Абай поэзиясының тілі. Ахметов Г. 1989 ж.
- Абайтану тарихи 1994 ж.
- М.Әуезов және абайтану проблемалары. 1982 ж.
- Абай және біз. Сильченко С.1965 ж. 15-б.
7 — орыс сыныбына арналған
«ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
курсының бағдарламасы
Құрастырған : Павлодар облысы,
Ақсу қаласы №4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Әлмағанбетова Гүлжан Семёновна
2013 жыл