Ағылшын тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған тереңдетілген оқу бағдарламасы

Бекітемін:

Мектеп директоры

Кожаханова Ш. Т.

«__»__________2013 ж.

Келісемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

Еңсебаев Р.Е.

«__»__________2013 ж.

Каралды:

ӘБ жетекшісі

Хайруллина М. Д.

«__»__________2013 ж.

 

 

 

 

Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылы

А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі орта білім беру деңгейінің

ағылшын тілі пәнінің тереңдетілген

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(8 сынып)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Енсебаева А.А., А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы
1. Түсініктеме хат

 

Ағылшын тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған тереңдетілген оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасын (5-9 сыныптар) басшылыққа ала отырып құрылды.

Бұл бағдарлама оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және коммуникативтік құзыреттерін кеңейтуге, сөйлеу дағдыларын және әлеуметтік-мәдени біліктерін толықтырып жетілдіруге көптілді тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, оқу бағдарламасында тілді үйретумен қатар ұлттық мәдениетті және тілін меңгеріп отырған елдің мәдениетін үйрету үрдісі, салыстырмалы түрде Қазақстан мен АҚШ-тың білім беру реформасы, ағылшындық атақты ақын-жазушылардың еңбектерін таныстыру, т.б. негізгі мәселелер қарастырылды.

Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат (стандарт бойынша 2 сағат, оқушы компонентінен 2 сағат), оқу жылында 136 сағат.

Көрсетілген сағат сандарына оқушылардың білім тексер үшін бақылау жұмыстары, білім бекіту үшін қайталау сабақтары енгізілген.

       

        Бағдарламаның мақсаты: Оқушының қарым-қатынас мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық ережелерді ескере отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу, үйрету.

        Міндеттері:

  • сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу;
  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
  • шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  • оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.

        Күтілетін нәтижелер

  • мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы;
  • маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы;
  • сұрақ-жауап түрінде сөйлеу;
  • танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы;
  • естігенақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі;
  • жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу.

 


2. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

 

8-сынып курсы үшін әлеуметтік-техникалық, оқу-еңбек және әлеуметтік-мәдениеттік салалары қамтылған оқу бағдарламасына төмендегі оқу тақырыптары енгізілген:

1)       «Менің Отаным — Қазақстан», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақстанның географиялық жағдайы», «Экология мәселелері (біздің елімізде және тілін үйреніп отырған елде)» (23 сағат);

2)       «Ғылыми-техникалық прогресс», «Қазақстанның ғылыми ұйым-дары», «Ғылым адамзаттың игілігі үшін», «Туынды» (13 сағат);

3)       «Білім», «Мектеп және білім беру ұйымдарының түрлері», «Қазақстандағы және АҚШ-ғы білім беру жүйесі», «Мамандық» (28 сағат);

4)       «Жануарлар және өсімдіктер әлемі (біздің елімізде және тілін үйреніп отырған елде)», «Релефь, АҚШ-тың экономикалық және географиялық жағдайы» (40 сағат);

5)       «Ағылшын тілді елдер», «АҚШ-тың саяси-әлеуметтік құрылымы», «АҚШ-тың атақты адамдары және олардың әлемдік мәдениет пен өркениетке қосқан үлестері» (32 сағат).

8 сыныпта лексикалық бірліктер көлемі стандарт бойынша 250 және 130 өнімді лексикалық минимумдар қосылады: олардың ішінде көп қолданыстары тұрақты сөз тіркестері, бағалау лексикасы,  ағылшындардың дәстүрін суреттейтін сөйлеу этикетіндегі клишелер.

Оқушылар төмендегідей  жаңа сөзжасам құрылымдарын меңгере білуге тиісті.

Жаңа сөз жасам түрлері 1)  етістіктер аффиксы –ify, en-;     зат есім – ance;-ence; 2)  қос сөздер: сын есім + сын есім 3)   қысқарған өздер: the USA, the UK.

Лексикалық минимумның орфографиясы. Мысалы exemplifying-especially, particularly, for example, such as, reason: because, due to, since, as. Предлогтар: from, to, at, in, by, into, on, off, out, out of.

Сонымен қатар жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру жалғастырылады: Present Continuous Passive, Past Continuous Passive Tense, Past Future Perfect Continuous Active,  Could+ Perfect Infinitive, Should+ Perfect Infinitive, Need+ Perfect Infinitive;  Second Conditional; Participle One, төл сөз бен төлеу сөз; есім сөздер that, which. where, when; If only, I wish.

Оқытудың коммуникативтік бөлімі бойынша оқушылар диалогтық сөйлеуді әрі қарай бірдеңені сұрай білу, біреуден сұрағанына жауап беру, іс-әрекетке қызығушылығын білдіріп, сөйлесу дағдыларын дамытуға тиісті. Өзінің ойын 70-80 сөз көлемінде айта және жаза білуі керек.

Өзінің бірдеңеден алған әсерін білдіру, арманын, ойын, қалауын жеткізе білу. Кітаптың немесе фильмнің желісін айтып бере алу, өз ойын білдіру.

 

 


3. Оқу-тақырыптық жоспар

 

І тоқсан (36 сағат)

р/сСабақтың тақырыбыСағат саныЕскерту
 1.     Менің отаным – Қазақстан23 
11Менің отаным — Қазақстан1 
22Тәуелсіз Қазақстан1 
33Нөлдік бақылау жұмысы1 
44Қазақстанның географиялық жағдайы1 
55Қазақстанның географиялық жағдайы1 
66Қазақстандағы туризм1 
77Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері1 
88Қазақ халқының салт-дәстүрлері және қолөнері1 
99Қазақ халқының салт-дәстүрлері және қолөнері1 
1010Қазақ халқының ақын-жазушылары1 
1111Қазақ халқының ұлттық тағамдары1 
1212Қазақтың ұлттық ойындары1 
1313Қазақстандағы және менің өмірімдегі спорт1 
1414Қазақстанның олимпиада чемпиондары1 
1515Астана – Қазақстанның бас қаласы1 
1616Алматы – Қазақстанның мәдени астанасы1 
1717Қазақстандағы ірі қалалар1 
1818Қазақстандағы ірі қалалар1 
1919Менің туған қалам (ауыл)1 
2020Қазақстандағы экология мәселесі1 
2121Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы дәстүрлі мерекелер1 
2222Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы дәстүрлі мерекелер1 
2323Қайталау «Қазақстан және қазақ халқы»1 
 2.     Ғылыми-техникалық прогресс13 
2424Ғылым және ғылымның дамуы1 
2525Қазіргі заманғы жаңа технологиялар1 
2626Қазақстандағы ғылыми ұйымдар1 
2727Ғылымның адамзатқа әкелген пайдасы1 
2828Атақты өнертапқыштар1 
2929Әлемдік өнер туындылары1 
3030Қазақстандағы өнер туындылар1 
3131Қазақстандағы ірі өнеркәсіптер1 
3232Ғылыми-техникалық прогресс  және экологиялық проблемалар1 
3333Табиғатты қорғау және экологиялық мәселелерді шешу1 
3434Бақылау жұмысы №11 
3535Қазақстандағы және ағылшын елдеріндегі ғалымдар1 
3636Қайталау «Ғылыми-техникалық прогресс»1 
 

ІІ тоқсан (28 сағат)

 3.     Білім28 
371Мектеп. Мектептің түрлері1 
382Менің мектептегі күн тәртібім1 
393Қазақстандағы білім беру жүйесі және мектептері1 
404Қазақстандағы білім беру жүйесі және мектептері1 
415Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру1 
426Бастауыш білім беру1 
437Орта білім беру1 
448Арнаулы орта білім беру1 
459Жоғарғы білім беру1 
4610Қосымша білім беретін ұйымдар1 
4711«Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде білім алу1 
4812«Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде білім алу1 
4913АҚШ-тағы білім беру жүйесі және мектептер1 
5014АҚШ-тағы білім беру жүйесі және мектептер1 
5115Қазіргі заманғы мектептер1 
5216Болашақ мектептер1 
5317Білім және ғылым1 
5418Әлемдегі ең әйгілі оқу орындары1 
5519Әлемдегі ең әйгілі оқу орындары1 
5620Назарбаев мектептері1 
5721Назарбаев университеттері1 
5822Мамандықтар.1 
5923Менің болашақ мамандығым1 
6024Қазіргі заманғы мамандық түрлері1 
6125Менің ата-анамның мамандығы1 
6226Бақылау жұмысы №21 
6327Ең ерекше мамандықтар1 
6428Қайталау «Білім»1 
 

ІІІ тоқсан (40 сағат)

 4.     Жануарлар және өсімдіктер әлемі28 
651Фауна1 
662Фауна1 
673Флора1 
684Флора1 
695Қазақстандағы өсімдіктер және олардың түрлері1 
706Қазақстандағы өсімдіктер және олардың түрлері1 
717Қазақстандағы жануарлар және олардың түрлері1 
728Қазақстандағы жануарлар және олардың түрлері1 
739Өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау1 
7410Қызыл кітап1 
7511Үй жануарлары1 
7612Менің сүйікті жануарым1 
7713Зоопаркта1 
7814Океанариум1 
7915Жемістер мен көкеністер1 
8016Гүлдер1 
8117Бөлме өсімдіктері1 
8218Табиғат және біз1 
8319Табиғат құбылыстары1 
8420Қазақстанның ғажайып табиғат жерлері1 
8521Ағылшын тілді елдердің жануарлар әлемі1 
8622Ағылшын тілді елдердің жануарлар әлемі1 
8723Ағылшын тілді елдердің өсімдіктер әлемі1 
8824Ағылшын тілді елдердің өсімдіктер әлемі1 
8925Ағылшын тілді елдердің ғажайып табиғат жерлері1 
9026Ағылшын тілді елдердің ғажайып табиғат жерлері1 
9127Тропикалық жемістер мен өсімдіктер1 
9228Қайталау «Жануарлар және өсімдіктер әлемі»  
 5.     АҚШ-тың экономикалық және географиялық жағдайы12 
9329АҚШ рельефі1 
9430АҚШ рельефі1 
9531АҚШ-тың географиялық жағдайы1 
9632АҚШ-тың географиялық жағдайы1 
9733АҚШ-тың экономикалық жағдайы1 
9834АҚШ-тың экономикалық жағдайы1 
9935АҚШ-тың экология мәселесі1 
10036АҚШ-тың экология мәселесі1 
10137АҚШ-тың тарих беттерінен1 
10238АҚШ-тың тарих беттерінен1 
10339Бақылау жұмысы №31 
10440Қайталау «АҚШ-тың экономикасы және географиялық жағдайы»1 
 

ІV тоқсан (32 сағат)

 6.     Ағылшын тілді елдер32 
1051Ұлыбритания1 
1062Ұлыбритания еліне саяхат  
1073Канада1 
1084Канаданың халқы  
1095Австралия1 
1106Австралия – ағылшын тілді ел  
1117Жаңа Зеландия1 
1128Жаңа Зеландия еліне саяхат  
1139Ирландия1 
11410Ирландия – сәттілік аралы  
11511Америкаға саяхат1 
11612Бүгінгі штаттар1 
11713АҚШ-тың үлкен қалалары1 
11814АҚШ-тың үлкен қалалары  
11915АҚШ-тың рәміздері1 
12016АҚШ-тың саяси-қоғамдық құрылымы1 
12117АҚШ-тағы ақша (қаржы) жүйесі1 
12218АҚШ-тағы саяси партиялар1 
12319АҚШ-тағы басқару жүйесі1 
12420АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі1 
12521АҚШ-тың атақты адамдары және олардың әлемдік мәдениетке қосқан үлестері1 
12622Бенджамен Франклин – Америкарның қоғам қайраткері және ғалым1 
12723Джордж Вашингтон – АҚШ-тың тұңғыш президенті1 
12824Барак Обама – АҚШ-тың 44-інші президенті1 
12925Уильям Шекспир – ағылшын драматургы және ақыны1 
13026Чарльз Диккенс және оның әлемдік әдебиетке қосқан үлесі1 
13127Марк Твен көрнекті ағылшын жазушысы1 
13228АҚШ-тағы өнер мен мәдениеттің дамуы1 
13329Бақылау жұмысы №41 
13430Қайталау «Ағылшын тілін меңгеретін елдер»1 
13531Қайталау «АҚШ-тың қоғамдық саяси құрылымы»1 
13632Қайталау «АҚШ-тың атақты адамдары және олардың еңбектері»1 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  1. Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

 

Оқушылар:

  • тақырып ауқымындағы қатысымдық жағдаяттарға қажетті актив және пассив сөздерді біледі;
  • қысқа монолог құрайды;
  • қысқа мәтіннің мазмұнын көрнекілік негізінде жеткізеді;
  • сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау және басқа да тілдік этикеттерді қолданады, сұхбатқа қатысады (тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді);
  • қарапайым мәтіндерді есту барысында танып және оның негізгі мазмұнын ажыратады;
  • хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің интонациясын мағынасына қарай түсінеді;
  • ағылшын тілінің барлық  дыбыстары мен  дыбыс тіркестерін дыбыстай алады және  оларды  естігенде  бір-бірінен ажыратады (бағдарлама шеңберінде);
  • ауызша сөйлесімде 8 сынып тақырыптарының шеңберінде үш сала бойынша (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-еңбек) лексикалық  бірлікті қолданады;
  • who, what, when, where, how much сұрақтарын қолданып сұрақ қояды және оған жауап береді;
  • коммуникативті мәселеге сәйкес сөз/сөйлем орындарын толықтыру тапсырмаларын жасайды;
  • орта білім беру деңгейінде әр түрлі жағдаяттарда ағылшын тілді ортадағы сөйлеу этикасын біледі және қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасы – Астана, 2013.
  2. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал – Ағылшын тілі мектепте, 2010-2012.
  3. Голицынский Ю.Б. Пособие по разговорной речи, — Санк-Петербург: Каро, 2004.
  4. Кауфман М.Ю., Кауфман К.И. Страницы британской истории, — Огнинск: Титул, 2004.