Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар

 

№ 3 Смирнов орта мектебі

Аққайың ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш     буын пәндеріндегі тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі:

С.С.Мейрамова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010-2011

 

 

Алғы сөз

 

Қазіргі мектеп мұғалімдері педагогика ғылымындағы жетістіктерді игере отырып, оны мектеп жағдайында қолдану бағытындағы алуан ізденістердің үлгісін көрсетіп отыр. Алдарыңыздағы құрал осы ізденістердің бір көрінісі.

Бүгінгі күні баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыруға бағытталған әр түрлі әдістер, бағдарламалар, технологиялар мектеп практикасына енуде.

Бүгінгі таңдағы барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет: Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін әр сала қызметкерлері барынша ат салысып, өз үлестерін қосуы. Бұл тұрғыдан білім беру салаларына да қойылып отырған тапсырма жауапкершілікті талап етеді. Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде пайдалану, мектептерінің білім сапасының деңгейін көтеруі сөзсіз.

Педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-жақты тұлға етіп дамыту үшін бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді: білімді ең жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы — өмір талабы.

Қазіргі кезде интерактивті тақталарды оқу үдірісінде қолдану қолға алына бастады. Бұл бастауыш білім беруді жетілдірудің, оның ішінде математикалық білім, дағдыны жетілдірудің келешегі.

Қызығушылықты оятуда құрастырылған әдістемелік бастауыш сыныптардағы әріптестеріме көмегін көрсететді деп ойлаймын.

Шығармашылық көзқарас, жаңаша жұмыс істеу – оқушының шығармашылық қабілеттерін, дарындылығын арттыруға өз үлесін қосады.

Құралымның негізгі мақсаты: жас мамандарға іс-тәжірбиемді тарату және мұғалімнің басты мақсаты – терең де тиянақты білім беру, сапасын арттыру үшін әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау қажеттілігін көрсету.

Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев бірнеше жыл бұрын «Бастауыш мектеп – тәрбиенің қайнары» деген. Өзімнің алдыма қойылған мақсатым – оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу арқылы оқуға деген қызығушылықтарын, ойлау қабілеттеріне, еркін дамуына жол ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Адамгершілік сабақтары» –Б.Қ.Игенбаева
  2. «Бастауыш мектеп» журналы -№2 №6 №8—1996ж
  3. «Сынып жетекшісі» журналы №2-2004

4.«Ұстаздан ұлағат» кітабы. С.А.Назарбаева

5.«Ата-аналарға арналған кітабы…» А.С.Макаренко

  1. Бастауыш мектеп. — 1989. — № 8.-14-17 бет
  2. 7. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп, 1978.
  3. Баржықпаева С. Көрнекілікті тиімді пайдалану / С.Баржықпаева Бастауыш мектеп.- 1991.-№ 8.- 46-48 бет.
  4. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.
  5. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.

11 Қайырбекова А. Қазақ тілі. 1 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.

  1. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 2 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.
  2. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 3 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.
  3. Қайырбекова А. Қазақ тілі. 4 сынып, Алматы, «Атамұра», 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмүны

1.Алғы сөз

2.Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш     буын пәндеріндегі тапсырмалар

3.Сабақ үлгілері

4.Ата-аналар жиналысы

5.Қосымша тапсырмалар

  1. Білім сапасының диаграммасы

7.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық-коммуникативтік технологияның пайдалануымен бастауыш буын пәндеріндегі тапсырмалар

 

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі   бір көлемдегі білім дағдыларды меңгертумен бірге, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,  оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Математиканы бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс-әрекеттер туады:

  • математика тілін меңгеру;
  • математикалық түсінікті меңгеру;
  • математикалық білік, дағдыларды меңгеру;
  • математикалық жалпы интеллектуадық біліктілігін меңгеру;
  • оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдысын меңгеру, — деп есептейді И.Ф.Тесленко.

Математиканы оқытудағы білім берудің негізгі міндеті —  жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің    әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

Жаңа технологияны сабақ үрдісінде қолдану үшін  әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың  жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

Математиканы оқытудағы төменгі сыныптар оқушыларының  қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында бірнеше жұмыс жасау керек, сонымен  бірге қазіргі кезде жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі түсті жұмыстар жүргіземін. Солардың бірі: оқушыны деңгейге бөліп оқыту. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік  тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі.Оқушының алған білімін   жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен  жұмысты орындауға, бейімділігі  бақылауға алынады. Оқушының белсенділігі мен  іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.Деңгейлеп  оқыту барысында біліктілікке  жетеді. Оқушы өз қабілетіне қарап есеп  шығарып, оның оңай жолын қарастырады, есепті өз бетімен құрастырып,  схемалық есеп   шығарады, тестік жұмыстар арқылы білім деңгейлері тексеріледі.

Шығармашылық дамыту мақсатында логикалық есептер, кроссвордтар,  ребустар шешу сияқты тапсырмалар беріледі. Соның нәтижесінде  шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары деңгейдегі  және екінші деңгейдегі оқушылар саны көбейе түседі.

Қазіргі жаңа оқулықтардағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп берілген.

Математика пәніне осы технологияны қолданып жүрмін. Мұндағы мақсатым: өз бетімен дами алатын, білімді оқушыны тәрбиелеу.Жаңа технологияны сабақ үрдісінде жүзеге асыру үшін көп ізденіс қажет. Мұғалім өз шеберлігіне   байланысты оқушылардың жас ерекшелігін  ескере отырып деңгейлік  тапсырмаларды таңдап алады. Оқушының қабілетін байқау оны ары қарай дамытуға көмегін тиеді. Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды.

Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі бастауыш мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны жан-жақты дамытып,   білімге деген сенімін нығайту, іскерлігін,  дүниетанымын қалыптастыру, оқуға қызығушылығын оятып ынтасын арттыру болып табылады.

Бала ақыл-ойының дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты.

Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар  құрастыру, есептер шығару – баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.

Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгілі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Басты мақсат: жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, ұлттық өнерін,  дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру.Математика сабақтарында дидактикалық ойындар қолдану, оқушыларды табандылыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Еліміз үшін  жас ұрпақтың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айырықша маңызды.Мысал ретінде, математика сабағында мақал-мәтелдерді пайдалану өте тиімді және де балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.

Көп сөйлейді залым би, аз сөйлейді әділ би.

Қорқақтың қолы қысқа.

Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.

Мұндай мақал-мәтелдер: «көп», «аз», «тар», «ұзын», «қысқа» тағы басқа математикалық ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі.

Халықтық математика – біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертегі, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады.

Ертегілер сюжеті бойынша берілген есептер балаларға ұнайды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп, проблеманы шешкісі келеді. Қызықты математика сағатына математикалық ертеңгіліктерге ертегілерді көп пайдаланамын.  Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыруға қолайлы.  Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін. Ойынды  сабақтың басында қолдану үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады.

Ойындарды ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытамыз.

Осы аталып  өткен жұмыстар арқылы оқушылар өздігінен жұмыс істеуге үйреніп, ойлау қабілеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алатын болады. Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді ойын түрлері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Әр сабақта осы жұмыс түрлерімен қолданып, оны қызықты ету жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп,жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар,сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын.

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.

1.Олар  оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2.Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Оқытудың мәңгілік сауалы: “нені оқыту,қалай оқыту”күн өткен сайын күрделеніп келеді.Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді,технология дамып,ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс:

-озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;

-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;

-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат  ––––  мазмұн ––– форма –––– әдіс –––  оқыту көрнкілігі болса,бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрену –––– меңгеру ––– өмірге ендіру ––– дамыту болып өзгеріп отыр.

“Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік  білім беру стандарты жауап берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан,жаңа технологияны пайдалана білуінен,өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі,оқу материалы мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек.Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді.Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн.шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет.Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп санаймын. Бастауыш сыныптарда қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушылары үшін  сабақты қызықты да мазмұнды етіп жүргізу мұғалімнің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әртүрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты.

 

 Сабақтың тақырыбы: «Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға  жазбаша көбейту және бөлу» (242х2 және968:4)

ІІ. Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. 242х4 және 968:4 туралы білім қалыптастыру, оқушыларды есеп шығара білуге машықтандыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

ІІІ. Сабақтың дамытушылығы: Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.

  1. Тәрбиелік мәні: Алғырлыққа тәрбиелеу, Отанды сүюге, табиғат байлық-тарын қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  2. Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Ғарышқа ұшамыз.
  3. Сабақтың көрнекілігі: таблица, сурет, ребус, сандар, карточкалар, геометриялық фигуралар.

VII. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақ
  • Балалар, Қазақстан жер көлемінен дүние жүзінде нешінші орын алады?
  • Тоғызыншы орын.
  • Біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады?
  • Байқоңырдан.
  • Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа?
  • Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін.
  • Тұңғыш ғарышкер кім?
  • Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім?
  • Неше планета бар?

Осы сұрақтарға жауап ала отырып, олай болса, біздер сол ғарышкерлер ағаларымыз сияқты аспан әлемін өз білімдерімізбен зерттеуге ұшамыз.

Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы «Ғарышқа ұшамыз».

Оқушыларды 3-экипажға бөліп олардың ұшудағы мақсаттарын айтқызу.

 

І-экипаж                                     ІІ-экипаж                                 ІІІ-экипаж

Мақсаты:                               мақсаты: «Біріміз                мақсаты: «Білікті

«Болашаққа жол             бәріміз үшін, бәріміз          бірді жығар, білімді

бастау»                             біріміз үшін»                      мыңды жығар»

 

Командир: Экипаж ұшуға дайындал

Алыс айға Марсқа

Біз ұшамыз ғарышқа

 

а) Өткен сабақты қайталау есебінде

1) 1- сек- 2 қадам.                       2) Екі қолда қанша бармақ?

5сек — ?                                                             —

10 сек — ?                                          5 қолда қанша бармақ?

20 сек — ?                                       3) 2 мүйіз тұмсықта 2 мүйіз

1 мин — ?                                            100 мүйіз тұмсықта қанша мүйіз? –

 

Ал енді мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер, сонда ғана біз «Жаңалық планетасына» қонамыз.

 

 

267                                    345                                      642

 

 

VIIІ. Жаңа сабақ: (түсіндіру)

 

242х4=968        242                   968:4=242              968    4

4                                                  8         242

968                                                  16

16

08

8

0

Ойын: «Кім жылдам»

 

 

173х5=865                      167х4=668                          945:5=189

173                                      167                                     945    5

5                                          4                                     5       189

865                                      668                                     44

40

45

45

0

 

Тез шығарсақ, келесі планетаға ұшамыз.

а) Ал, балалар алдымызда аспан әлемінде тек планеталардан басқа неше түрлі жұлдыздар бар. Біз  өте үлкен, әрі қатерлі құйрықты жұлдыздан өтуіміз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек (1 оқушы оқиды есептің шартын).

Есептің шартына байланысты оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын.

  • Жануарлар неше топқа бөлінеді?
  • 9 топқа (ататып жіберу)
  • Жер бетінде құстардың неше түрі бар?
  • 8600-ге жуық.
  • Ал Қазақстанда соның ішінде неше түрі бар?
  • 474 түрі.

Есептің шартын құрып шығару.

 

Сүт қоректілер – 172

 

Құстар — ? 3 есе артық

 

бауырменжорғалаушылар — ? 4 есе кем

Шешуі: (172х3):4=516:4=129

Жауабы: бауырыменжорғалаушылар – 129

 

ә) Ойын: «Ойлау операциясы»

 

15               9                      89                    (15:3)+87=92

3                                    (18:3)+86=92

12                                       88                    (9:3)+89=92

18                     86

(логика)

Жарайды, балалар қауіпті жұлдыздан өттік.

 

б) Шолпан планетасына ұшып, соны зерттейміз.

 

 

Х · 6=912                                    848+х=908                             273:х=7

Х=912:6                                       х=908-848                              х=273:7

Х=152                                             х=60                                      х=39

 

 

152·6=912                                   848+60=908                           273:39=7

гео. тіктөртбұрыш                         шаршы                              үшбұрыш

 

Венн диаграммасын  құру. (ауызша)

Қазақ тілімен байланыстырамын. (түрі, түсі, пішіні, көлемі).

 

в) Шолпан жұлдызын зерттеу.

— Балалар Шолпан жұлдызы қай кезде туады?

— Таң алдында.

Кімнің әңгімесі еді?

Шолпан жұлдызын зерттеу үшін мына ребусты шешуіміз керек.

,                 ,                            , ,   , ,                      ,   , ,

ай                ту                         балық                    алма

 

  • Қандай сөз шықты?
  • Ауыл
  • Мынадай сұрақтар қоямын
  • Ауыл несімен көрікті?
  • Ел басымыз кім?
  • Қандай бағдарлама қабылдады?
  • Биыл қандай жыл деп аталды?
  • 2003-2005жыл ауыл жылы.

 

Мақал-мәтелдер сұрадым (суреттер көрсетем).

г) Балалар, аман-есен елімізге оралдық. Енді мынандай тапсырмаларды орындаймыз.

Математикалық диктант.

в мен 208 сандарының көбейтіндісінен 208-ді азайтуды өрнек түрінде жаз. в=1,2,3,4.  в*2058-208,  в=1,2,3,4.

(1·208)-208=0                      (3·208)-208=416-208=208

(2·208)-208=208                  (4·208)-208=832-208=624.

 

д) Тест аламын.

  1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3см, ені 2 см ауданын тап.

а) 3+2=5 см2

ә) (3+2) =14 см2

б) (3*2) =6 см2

  1. Ең үлкен үш таңбалы санды тап.

а) 333

ә) 999

б) 100

  1. Теңдеу құр және оны шеш.

а) а:4=5

ә) а-4=5

б) а*4=5

  1. 602 өрнегіндегі бөліндінің мәні неге тең?

а) 602:2=302

ә) 602:2=203

б) 602:2=301

 

е) (ауызша) жүздіктерін 3-ке бөлгенде қалдық шығатын 724, 726, 712, 543, 542, 534, 535 ондықтары 3-ке бөлінетін сандар. 534, 535.

ж) Логикалық есеп. Үш таңбалы бір сан ойла. Сол санның бірінші цифрын 2 есе арттыр, шыққан көбейтіндіге 3-ті қос. Қосындының мәнін 5-ке көбейт және оған ойланған санның екінші цифрын тіркеп жаз. Қандай сан шықты? Шыққан санды ата. Одан 150-ді шегер, сонда ойлаған сан шығады.

262      1) 2·2=4         2) 4+3=7           3) 7·5=35           4) 35+6=41

5) 412             6)  412

150

262

 

ІХ. Сабақты бекіту.

  • Біз не үйрендік?
  • Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтуді және бөлуді үйрендік.

 

Х. Бағалау.    

 

І-экипаж                                ІІ-экипаж                           ІІІ-экипаж

«жақсы»                                 «орта»                             «өте жақсы»

«бәрекелді»                                                                    «жарайсыңдар»

 

Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды жеке-жеке бағаладым.

 

ХІ. Үйге тапсырма №5 «Ойлан тап»       

 

Математика

         Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу.

          Мақсаты:  — Бір таңбалы санға жазбаша көбейтуге және бөлуге машықтандыру;

  • Сәйкес қалдықпен бөлуді пысықтау;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру;

         Тәрбиелік мәні: «Сауаттылық — өмір салты» бағытының мағынасын ашу, СПИД-ке, нашақорлыққа, темекі мен алкогольге қарсы іс-шаралардың бір саласы – спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс 21 ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ-жауап әдістері.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, ана тілі, халық тағылымы.

Көрнекіліктер: спорт ойындарының суреттері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, есептердің қысқаша шарты, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • оқушылардың сабаққа деген дайындықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық:

Алдымыздан кезіккен

Көп кісілерді көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

«Ой шақыру» стратегиясы:

Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуынан басталатыны сияқты сабақты « ой жаттығуынан» бастайық:

  • жылдың бесінші айын ата;
  • бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
  • Жылқының төлін ата;
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Көз адамға не үшін керек?
  • 513 пен 515-тің арасында қандай сан бар?
  • Есік қандай геометриялық фигура?

 

                                                   Жаңа сабақ.

               Кіріспе әңгіме:

Балалар, біз 1-3 сыныптарда «Ұлттық ойындар» бағыты бойынша жұмыстар жүргіздік. Үш жылдың ішінде бірнеше ұлттық ойын түрлерімен таныстыңдар. Енді естеріңе түсіріп, атап жіберіңдерші?

  • ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т.с.с.

Бұл ойындардың жылдың қай мезгілінде ойналатынын, шартын, мақсатын біз жақсы білеміз. Солай емес пе?

  • ие.

Қазір жылдың күз мезгілі. Дала табиғаты қандай? Қандай өзгерістер?

Қандай ойындар ойнауға болады?

-футбол, волейбол, суда жүзу, бәйге, көкпар.

Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды осы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз және сол ойындарды ойнаймыз. Сендерге күз мезгілінде ойналатын ойындар ұнайды емес пе?

-ие, ұнайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі «Қазақстан 2030» стратегиясының бір тармағы «Салауаттылық — өмір салты» бағытында жас жеткіншектерді 21 ғасыр індеті СПИД, нашақорлық, темекі мен алкогольден сақтандыруға, спортпен шынығуға, яғни денсаулықты қорғау, оның алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған.

Сондықтан да дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс азамат пен азаматшылар болып өсу үшін спортпен шұғылдану керек екен.

Енді әр спорт түрімен жақынырақ танысып, білу үшін, берілген тапсырмамаларды орындаймыз. Біздің ойындағы жеңісіміз тапсырмалардың орындалуына байланысты.

Әр тапсырманы орындап, ойын түрімен танысып, ойнап болған соң, әрбір нөмірдің артынан мақал-мәтелдер, жұмбақ оқимыз.

 

1-тапсырма: ФУТБОЛ

3 *8                                                        24:8

30* 8                                                      240:8

300* 8                                                    2400:8

3000* 8                                                  24000:8

— әр бағанның мысалдарын бір-бірімен салыстыр. Не байқадың?

Мотоцикл 20 км жолға 1 л бензин жұмсаса, 80 км жолға қанша литр бензин жұмсайды?

  • үш кісі шахмат ойнайды. Олар барлығы үш ойын өткізсе, әр кісі неше рет ойнаған?

( әр кісі екі рет ойнаған)

  • қосарлап жегілген үш ат бір сағатта 12 км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді?

( 12 км)

  • Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу?

(2 қой, 3 тауық)

— хайуанаттар бағында пони 3 үлкен адамды немесе 6 баланы арбамен қыдырта алады. Әкесі, шешесі және кішкентай ұлы мен қызы бар жанұяны пони қыдырта ала ма?

( қыдыртады, 2 бала 1 үлкен адамды алмастырады)

Мақал: « Спорт – жігер, спорт – бірлік»

 

2-тапсырма.БӘЙГЕ

Түсіндірме жұмысы:

 

1432                                     2864  2

*     2

 

 

 

 

Бет 56 № 2 ( кім жылдам?)

Мақал: « Шынықсан – шымыр боласың»

 

3-тапсырма: ВОЛЕЙБОЛ

Бет 56 № 4

  • қалдықпен бөлуді орында және оны тексер:

Мақал: « Дене қимылы – дәрісіз ем, шыныға жүріп дертті жең.»

 

4-тапсырма: СУДА ЖҮЗУ

Бет 57 № 5 (а)

Кран 1 сек – 3 м

90 метр биіктікке қанша уақытта көтере алады?

Шешуі:

Жауабы:

№ 5(б)

Жұмысшы 6 мин – 36 бұйым

10 минутта?

Шешуі:

Жауабы:

Мақал: « Ішпеген, шылым шеқпеген

Жасайды жылдар көптеген!»

 

5-тапсырма:ҚЫЗ ҚУУ

Теңдеулерді шеш:

Х*3=3969               х: 2=1342           х+1075=3806               х-287=593

Жұмбақ:

Түтіні кермек

Жалқауға ермек.

( темекі)

 

Сергіту сәті:

Игра « Перевертыши»

Читая слова наоборот, вы сможете прочитать пословицу:

ЕЦНЛОС,ХУДЗОВ И АДОВ – ИШАН ЕЫНРЕВ ЯЬЗУРД!

Солнце, воздух и вода – наши лучшие друзья!

 

6-тапсырма:ТЕҢГЕ АЛУ

Бет 57 № 9(а)

Ұзындығы – 5 см және 3 см

Р — ?

S — ?

Ақыл сөз:    XXI ғасыр індеті – СПИД-ке жол жоқ!

 

          Сабақты қорытындылау:

-Балалар, біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшан, епті, білімді екенімізді ойын барысында көрсеттік. Ал, сабақ барысында талданған мақалдарға қайтадан назар аударайықшы. Деніміз сау, шымыр болып өсу үшін немен шұғылдану керекпіз?

— Спортпен.

Иә, спортпен шұғылданып, еліміздің намысын қорғау, батыл да, батыр, жігерлі азамат болі өз қолдарыңда. 2014 жылы Сочи қаласында өтетін олимпиадасына барып, бүкіл дүние жүзіне қазақ елін паш етіп, аға-апаларыңыз биікке көтерілсін.

Жұлдыздай жарк етіп, арамыздан ерте кетіп қалған осы ауданының Даяндық ауылының түрғының Шаймерденов Елжас Біржанұлыңа бір сәт үнсіздік сақтайық.

(суреті)

 

үйге тапсырма:

Бет 56 № 3

№ 7

Алима, Лиана, Фархат: бет 57 «ойлан тап»

 

Оқушылар хормен:

  • Ел намысын қорғап, тәуелсіздік туын биіктерден желбіретеміз!

 

Оқушыларды мадақтау, бағалау.

Рефлексия:  сабақты жақсы түсіндім

Сабақты түсіндім

Сабақты түсінбедім

 

 

 

 

 

«Интеллектуалды ойын»

 

Тақырыбы: «Не? Қайда?Қашан?»

Мақсаттары: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын дамыту, оқушыларды табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: ойын үстелі, сұрақтар, суреттер, қара жәшік, зырылдауық, тордағы қоян.

Құрал-жабдықтар: теледидар, музыкалық орталық.

Ойын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, оқушылар. «Не? Қайда? Қашан?» атты танымдық ойынға келіп отырсыздар. Бүгінгі ойынға  4 оқушы қатысады. Себебі, олар тест арқылы іріктеліп алынған оқушылар. Ойынды бастамас бұрын сұрақ қою арқылы бүгінгі ойынның тақырыбын тауып алайық.

  • Қазір қай жыл мезгілі? Күз айларын ата.
  • Қасқыр үлкен, ал кірпі?
  • Күзде ауа-райы қандай болады?
  • Аңдар неге жуынады?
  • Өз үйін өзімен ала жүретін жануар?
  • Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ, әріне табиғат жайлы.
  1. Ойын ережесімен таныстыру

Әр тапсырманы ойлануға 2 минут беріледі. Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Нақты, толық жауаптпр ғана есепке алынады. Жанкүйерлердің жауабы саналмайды.

  1. Ойын барысы: 1-сұрақ:

(теледидардан)

Сайыскерлерге қарсы 1-сынып жетекшісі Қ.Ә Нұрмағамбетова ойнайды:

—  Төле би бабамыз қай құсты киелі құс деп санаған?

Жауабы: Төле би бабамыз қарлығашты қасиетті құс санап, көшпеген.

2-сұрақ:

(теледидардан)

Сайыскерлерге қарсы 5 сынып оқушысы Мүсен Бахытгүл ойнайды:

—  Мен бірде сабақтан келе жатсам, көрші атайдың жапырақты көміп жатқанын көрдім. Қалай ойлайсың, оның қандай пайдасы бар?

Жауабы: шіріндісі көп топырақ құнарлы болады. Келесі жылы мұндай топырақта өсімдік жақсы өседі. Күзде адамның түскен жапырақты жинап жерге көміп шірітетіні осыған байланысты.

3-сұрақ:

Орманшы сұрағы. Блиц-турнир:

—  Сендер орманға баруды жақсы көресіңдер, бірақ орманда өздеріңді дұрыс ұстай білесіңдер ме? Мына экологиялық белгілерге қарап, тыйым белгілерін атаңдар.

Жауабы:

Ормандағы ағаштарды кеспе!

Құмырсқаның илеуін бұзба!

Құстарға, құс ұясына тиіспе!

Гүлдерді жұлма!

Орманды өрттен сақта!

4-сұрақ:

Блиц-түрнир. Білімділерге қарсы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дәулет-ағай ойнайды:

—  Жұмбақ суретті қарап менің не салғанымды айтыңдар?

Жауабы:

1.Қоян томардың арғы жағында отыр.

2.Аю ағашқа өрмелеп бара жатыр.

3.Құмырсқа саңырауқұлақтың артында тығылып тұр.

5-сұрақ:

Қара жәшік.

3-сынып жетекшісі Рая Қожақызы:

—  Бұл аңда жаудан қорғанудың 2 тәсілі бар, ол бүркеніш реңі және аяғы. Тез жүгіреді және тез секіреді. Ол тек тез қашып қана қоймай, қауіпсіз жерге қысқа, тез жетудің жолын біледі. Кейде оған бұл қасиеттері көмектеспейді. Онда ол шалқасынан жата қалады да артқы аяқтарымен қорғанады.

Жауабы:

Бұл әрине қорқақ та, аңғал қоян болатын.

Тордағы қоянды әкелу.

6-сұрақ:

3-сынып оқушысы Нұртазинова Ляззат:

—  Адамдар мен туралы небір аңыз, ертегілер айтады. Оларға біздің қараңғыны көретініміз, басқа құстарға, аңдарға ұқсамайтынымыз ұнамайды. Бірақ, біз адамның жауы емес, досымыз ғой. Біз басымызды төмен қаратып үйықтаймыз.

Жауабы:

Жарғанат.

7-сұрақ:

Жанкүйерлермен ойын.

— Әлемдегі ең кішкентай құс?

(калибри)

— Қай құс жұмыртқа баспайды? Өз атын қайталайды?

(көкек)

— Әлемдегі ең үлкен құс?

(страус-тұйеқұс)

 

— Ағашты тазалайтын орман санитары?

(тоқылдақ)

— Жануарларға қажет жағдайларды ата.

(ауа, су, жарық, қорек, жылу)

—  Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.

(компас)

—  Өсімдікпен де, бұдақденелілерімен де қоректенетін құс.

(торғай!

—  Құлағы үлкен жануар?

(піл)

—  Улы жылан?

(кобра)

8-сұрақ:

Муз.пауза: би 8-сынып оқушылары

9-сұрақ:

Бастауыш сынып мұғалімі Шойбекова Н .Е. сұрағы:

—  Сен отбасымен бірге орманға бардың. Онда от жағып, картоп пісірдіңдер, кәмпіт жедіңдер, сусын іштіңдер, балық консервасын жедіңдер. Үйге қайтарда сендер не істедіңдер?

10-сұрақ:

Блиц-турнир.

Алия Қамальбековнаның сұрағы:

— Қандай қателік кеткен?

Бір күні досым екеуміз орманға бардық. Күзде орманда тыныш, тек қана тырна мен қараторғайдың даусы ғана естіледі. Жақында қар жауған, содан кейбір аңдардың ізі көрініп жатыр. Міне, қоян жүгіріп өтті. Тағы әрі қарай жүріп едік, емен ағашы көрінеді. Соның жанында дем алып отырдық. Досым Айгүл тиіндер көрінбейді ғой, — дейді. Сен білесің бе, тиіндер қыста ұйықтайды ғой дедім. Қайтар кезде жиналған шөптің қасынан көп із көрдік. Е, бұл жерден қасқыр тышқан аулаған шығар деді досым. Біраз уақыттан соң біз үйімізге қайттық.

Жауабы:

Тырна мен қараторғай жылы құстар.

Тиіндер қыста ұйықтамайды.

Қасқыр тышқан ауламайды, аулайтын түлкі

11-сұрақ:

Муз.үзіліс:

Тамашаның орындауында өлең.

12-сұрақ:

Логикалық сұрақ.

  • Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында да емес. Онда гүлдер қалай орналасқан?

Жауабы:

Сары, көк, қызыл.

Қорытынды. Марапаттау

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: «Күз-мереке, күз-береке»

Мерекелік сахналық көрініс

Сахна мерекеге сай жабдықталған: «Күз –мереке, күз-береке», «Бізде көп ән-жыр, ойын,қыздырамыз күз тойын» -секілді, «Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын, көңілдің серіппелі күйін ашсын.бақ пенен шаттық бірге қатар қонып береке бірлікпенен ортақтассын», -деген сөздер жазылынып ілінеді. Сахна шетінен»Күз  – жомарт маусым»,- деген бұрыш ашылып, оған күзде пісетін түрлі жеміс-жидектер қойылады.

 

Мұғалім: Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.Күз дегеніміз-байлық, мошылық.Күз дегеніміз-қауырт еңбек кезеңі.

 

Жүргізушілер: Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

Естімейтіндерге ымдаңыздар!

Бүгін мектебімізде «Алтын күз» мерекесі тойланға-

лы жатыр! Мерекеге дайындықпен келген көп бала қойылымда ойнағалы, ал оны көрген есті көрермен ойланғалы жатыр!

Баршаңызға!  Баршаңызға!

Жиналғанға ұқсайды барша мұнда!

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

 

Жұмбақ пен сөзжұмбақ шешіледі,

Ертегілер еселеп есіледі.

Орайын өз сөзінің ойлап айтар

Шешендер ал кеп сонда көсіледі.

 

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер жастардың әсем биін.

Қатыссаңыз кетірер көңіл кірін

Ойынның ойнайсыздар неше түрін.

 

Әзілге  сірә шорқақ ел емеспіз,

Қалайша қалжың сөзді елемеспіз.

Ойын-оспақ болса егер кұткеніңіз

Оған да риза болып кенелерсіз.

 

Әншінің шарықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ біраз серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Сонымен, ардақ тұтқан көрерменім! Соңында алғыстарыңызды айтасыздар, рақмет, рақмет деп бізге қайтасыздар!

Ал, енді кешімізді алып қару мәртебесін сыныбымыздағы ең озат оқушымыз- Аскерова Алимаға береміз,- дей бергенде ортаға Дымбілмес шығып:

—Жоқ,жоқ, тұра тұрыңыздар, олай болмайды, кім жақсы оқиды- Алима!Кім жүгізеді –Алима! Бірдеңе бола қалса Алима! Алима! Олай болмайды, сонда мен осылай шеттеп қала беремін бе? Балалар, айтыңдаршы  мыналарға, «Алтын күз» мерекесін Дымбілмес жүргізсін деп.

Балалар: Жарайды,солай-ақ болсын .

 

Дымбілместің өлеңі:  Дымбілместі кім білмейді,

Сабағынан дым білмейді.

Мұғалімі сұрай қалса,

Төмен қарап міңгірлейді.

 

Сөйтіп жүріп толам дейдй,

Жүргізуші болам дейді.

Мерекені қызықтырып,

Көп көңіліне қонам дейді.

 

Ал,жарайды,болса болсын,

Көрерменнің көңілі толсын.

Айтар сөзін айта алса

Дымбілмеске дарын қонсын.

 

Туа қалған бір күн кеште

Шынымен –ақ дым білмес пе?

Жалқаулығын қояр болса

Бәрін біліп үлгермес пе?

Дымбілмес: Іхі, іхі (тамағын кенеп, галстугін түзеп алады)

  1. Мектеп өмірінде ол бір пән

Бірінші нөмірімізде орындалатын…

(Басын қасиды,ұйқасын балалар тауып алады)

 

Балалар: Ән

 

Дымбілмес: Иә,иә,ән!

4-сынып оқушының орындауында ән.

Дымбілмес:

2.Тамашалап бәріңіз көріңіз

Назарларында (Шегіртке мен құмырсқа)атты..

Балалар: Көрініс

Дымбілмес:

 

3.Атап тұрмыз кұздің тойын,

Кезекті енді алады…

 

Балалар. Ойын

 

«Күз белгісі неде?» ойыны ойналады. Ойын аукцион тәртібімен жүргізіледі. Шарты: Жүргізуші  (Күзде) деп бастап береді

Ойынға қатасып отырған көрермендер:

Жапырақтар сарғаяды;

Құстар қайтады;

Күн суытады;

Жаңбыр жауады;

Жеміс-жидектер піседі— деп жауап береді.

 

  1. Дымбілмес: Енді не айтсам екен? -деп ары ойланып, бері ойланып тұрғанда сахнаға мұғалім шығады.

Мұғалім: Дымбілмес, рақмет, ары қарай енді өзім-ақ жүргіземін.

  Дымбілмес: Жарайды, өздерін біліңдер . Әйтсе де мен жаман жүргізгенім жоқ! Солай ғой, балалар?

 

 

 

Мұғалім: Біздің  «Алтын күз» кешімізге « Жігіт сұлтаны» атты сайысқа қатысамыз деп әр сыныптан ханзадалар келіп тұр.

1-сынып:

2-сынып:

3-сынып: Артур

4-сынып: Ермек

Сахнаға әділқазылар алқасы шақырылады: грамоталар —газеттер, дастархан және қол өнерә байқауынан беріледі.

Күз келді қазағымның жеріне

Жігіттер тұр сахнаның төрінде

Лайықты қазақтың баласына

Өз өнерін, жігіттігің көрсеткені!

 

Ханзадаларға қойылатын талаптар:

  1. Өзің- өзі таныстыру

Би———Лиана

  1. Өз өнерін көрсету

Көрініс——4-сынып

  1. Теңге алу ойыны

Өлең—1-сынып

  1. Шаш өру

Би——2-сынып

  1. Вареньяның түрін ажырату

Би—-4-сынып

  1. Жорға сайысы

Өлең—-2-сынып

  1. Бұа не? (картоп,сарымсақ, апельсин, лимон)

Көрініс—-2-сынып

 

Аділқазыларға сөз беру. Қорытынды

Тоңазып атырап

Бар жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

Аспанда сарғылт бұлт,

Жан-Жақта жатады.

Күн кеште суытып,

Жауын көп жауады.

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: Біз біріншеге келдік

 

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бүгінгі сабақ басқа сабақтарға қарағанда ерекше, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды  шеңбер жасап  тұрғызып, бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіру.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

-Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстасып тұрғанда нені сезінеміз?

Ендеше бәріміз орнымызға жайғасамыз.

2.Кіріспе.

Тақырыбы: «Мектеп, оқу құралдары»

Сабақтың мақсаты: Мектеп туралы түсінік беру. Оқу құралдарының атып атауға, әңгіме құрастыруға, жолдастарының айтқаның тыңдап ары қарай жалғастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Мектепті құрметтеуге оны қадірлей бағалай білуге тәрбиелеу.

Олай болса,біз сендермен мектеп, оқу құралдары жайлы тереңірек танысамыз. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Интерактивті тақта.

Тук-тук.

-Балалар, бізге қонаққа біреу келіп тұр ғой дейміін. Тыңдайықшы.

Тук-тук.

Есік ашылды.

Дымбілмес: (суреті) жылап тұр.

Мұғалім: Саған не болды? Сен неге тұрсың ?

Дымбілмес: Мен адасып кеттім, мынау не қылған үлкен үй?

Мұғалім: Балалар, бұл біздің Дымбілмес екен ғой, қане, көмектесіп жіберйік. Кім біледі? Мына үй қалай аталады?

Балалар: Мектеп(хормен)

Мұғалім: Олай болса, бәріміз мектепке кірейік.(есік ашылады)

Музыка «Учат в школе».

Мұғалімнің суретін көрсету.

-Балалар, мектепке біз келгенде кім қарсы алып тұр?

Балалар: Мұғалім дейді(хормен)

 

 

 

Мұғалім: Дұрыс,   1 сыныпқа келгенде  сендерді мұғалім қарсы алатын болады.

Мұғалім: Ал, балалар, біз енді сыныппен  танысайық.

Сыныптың суретін көрсету.

Мұғалім: Енді суретке қарап, сынып туралы әңгіме құрастырайық.

Сұрақтар:

1)Сынып бөлмесінде нелер бар?

Сынып бөлмесінде біз  көріп тұрмыз парталар, мұғалімнің үстелі, тақта, глобус,  әртүрлі стендтар,  гүл, компьютерлер.

2)Сынып бөлмесінде кім немен шұгылданады?

3)Сынып бөлмелері неліктен кең және жарық болады?

4)Сынып бөлмелерінде парталар неге көп?

5)Мұғалім үстелі неге парталарға қарам- қарсы қойылады?

6)Терезелер бөлменің  қай жағына орналасқан?

7)Сынып бөлмесі немен безендірілген?

8)Сыныпта гүлдер неліктен көп болуы керек?

Ал, балалар, біз шаршаған шығармыз. Қане, бәріміз орымыздан тұрып сергіту сәтін өткізе қояйық.

Топ-топ етіп басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Өте жақсы, бойымыз сергіп қалды. Енді біз «Қол соғу» ойынын ойнаймыз.

Ойын мақсаты:

Оқу-құралдары туралы білімдерін тереңдету, айтқайды  мұқият тыңдауға үйрету.

Ойын шарты:

Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарынды тексеремін. Әр түрлі заттардың атын  атаймын, сендер тек мектепке қажетті затты атағанда ғана,  қол соғасындар.

Мысалы:

Портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, жастық,  тақта, машина,   төсек,  доп, қалам, өшіргіш,  желім.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шыр-шыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

(қалам)

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

(бор)

 

 

 

Өшірді, сүртті,

Сүртті де құртты

Өзінде де құртты.

(өшіргіш)

 

Қанша болсын бойымыз,

Жазып қойдық жасырмай,

Бойымызға оны біз.

 

(сызғыш)

Өзі кішкене ғана,

Көп балаға бұйрық берер

Отыр да оқы деп.

 

(қоңырау)

 

Кім онда кіреді

Сол ақылды болады.

(мектеп)

 

3.Қорытындылау:

бірінші сыныптың оқу құралдарын портфельге салайық.

Интерактивті тақтада портфельді дайындаймыз.

Дымбілмес:

Балалар, мен көп нәрсені ұқтым. Мен де:

Портфелімді дұрыстап,

Түгел танып аламын.

Қыркүйекте гүл ұстап

Мен мектепке барамын.

Дымбілмес: Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыз! (хормен)

Мұғалім: Балалар, біз мектепке дайынбыз ба?

Балалар: Дайынбыз.

Мұғалім:                                Мектебің, мынау сыныбың,

Осында 11 жыл тұрасын.

Тарыдай  болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

деген Мұқағали Мақатаев ағаларымыздың өлеңімен бүгінгі сабағымызды аяқтағым келеді.

Балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстар біздің досымыз

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету, олардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін – табиғатын сүюге баулу.

Көрнекілігі: альбомдар, «Құс- табиғат байлығы» атты буклет, арнаулы торда өсірілген әртүрлі торғайлар, тоты, көгершіндер, үнтаспа.

Барысы: (Бейнетаспадан жазғы ормандағы құстардың әртүрлі әсем дауыстары көрсетіліп, «Көктем валсі» айтылады.

1-оқушы:

Наурыз келді,

Тіршілікке жан кірді.

Кең дала жасарып, жаңғырды.

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып ап жаңбырды.

2-оқушы:

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек –қаз қонды.

3-оқушы:

Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді – «менің тұрағым».

1-бастаушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі — құстар. Халық ежелден –ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамға құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

2-бастаушы: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін-бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын- қыранға, елден асқан сұлуды- аққуға теңеді.

4-оқушы:

Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты,

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.

Хормен «Торғай мен мысық» атты әнін орындайды.

5-оқушы:

Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап құттықтап,

Біз оларды қорғаймыз.

6-оқушы:

Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді.

(Ортаға вальс биін билеп Көктем шығады)

Көктем:

Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Шат-шадыман Көктеммін,

Шаттық болсын әманда.

Ән құрдым үніммен,

Сән құрдым гүліммен.

Қуантамын бәріңді

Құт-мереке күнімен.

(Ортаға құстың ұясын көтерген бір топ оқушы шығады. Көктемге сәлем береді.)

7-оқушы:

Үй салдым құстың алдынан,

Болсыншы ол өмір панасы.

Өзімдей сәби балдырған,

Өссінші құстың баласы.

Хормен. Біздің міндетіміз – қанатты досымыз құстарды қорғау.

1-бастаушы: Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.

2-бастаушы:   Халық «Көкек келді –көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?

Көкек: (Басына көкектің маскасын киген оқушы көкек туралы тақпақ айтады. Басқа құстар да маскасын киеді).

Жаршысымын көктемнің,

«Көкек» дейді мені жұрт.

Өз ой         ын айтар құс менмін.

Көктемді күтсең-мені күт.

Хор «Көкек» әні орындалады.

Жаз күні біздер

Далаға келдік.

Ағаштан бийік

Бір құсты көрдік.

Қайырмасы:

Сайрады сол құс:

«Көкек! Көкек!»

Аты оның содан

Аталған көкек.

1-бастаушы: Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне саналады. Көкектің балапаны бір күнде ғана 39 шегіртке, 43 жұлдыз құрт, зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздардың 50 жұмыртқасын, 4өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.

2-бастаушы: Үйіміздің маңына жүретін кіп-кішкене торғайдың бір өзі ғана бір жылда 4 миллионға жуық жәндік жейді.

Құстар туралы тыйым сөздер де өте көп.

-Қане, айтып көрейікші.

-Құстың жұмыртқасын жарма, бетіңе шұбар түседі, құстың ұясын бұзба.

 

Сөзжұмбақ шешу

 

 

 

«Құс» сөзтізбегін шешу.

1.Суда жұбын жазбай жүретін, ең әдемі достыққа берік құс.

2.4500 м. Шыңды, биік тауды мекендейтін құс.

3.Әдемі, дауысы мысықтың дауысына ұқсас құс.

 

 

Балалар, құстар арқылы ауа-райын біле аламыз.

А) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.

ә) Қосылып шықылдаса, жылы болады.

Б) қарғалар топтаса, қарқылдаса аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқыдасақар жауады.

В)Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.

 

Құстар әні орындалады. «Ақ көгершін»

 

«Құстарға жем шашаыйқ» ойынын ойнаймыз. Егер құстың артындағы сұраққа жауап берсек, құстарға жем бергеніміз.

 

1) Қыстап қалатын құстрады ата.

2) Құстардың қандай пайдасы бар?

3) Орман дәрігері қандай құс?

4) Құстар туралы тақпақ білесің бе?

5) Қай құстың дауысын сала аласың?

6) Құстар туралы қандай мақал білесің?

7) Тоқылдақ қалай дауыстайды?

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

Мектепшілік іс-шара: «Ұстаз болу жүректің батырлығы».

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен, плакаттармен, гүлдер және шарлармен залды әдемілеп безендіреміз.

Әннің ырғағымен залға қонақтар, ата-аналар мен мұғалімдер отырғызылады.

1-оқушы:    Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Өсер елдің әуелгі ойлайтыны — өз ұрпағынығ жай-күйі болмақ. Жан-жақты білім алған парасатты, саналы азаматты тәрбиелеп шығару, халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой-санасына орнықтыру – бүкіл ел-жұрт, ауыл-аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын білім баспалдағы – мектеп және мұғалімдер болып табылады. Сондықтан баланы оқыту мен тәрбиелеу ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай бейнеті ауыр еңбек ететін ескергеніміз жөн.

2-оқушы: Құрметті ұстаздар! Сіздерді мұғалімдер күнімен құттықтай отырып әр жаңұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

« 4-сынып: би»

1-оқушы:     

Ұстаз болу жүректің батырлығы

Ұстаз болу сезімнің ақындығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мың рахмет атап айттым ұстаз сізге

Оқытып білім бересің шәкірт бізге

Құттықтап келіп тұрмыз мерекеге.

2-оқушы:

Қазақстан дейтін менің елім бар,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған.

Бұл далада атам қаға туалған.

3-оқушы.

Әнұраным – жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім, сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны.

«Қазақстан Республикасының гимні орындалады»

1-оқушы:

Мектебіміздің басшысы да, тірегі,

Барлығы оны мейірбан деп біледі.

Әрқашанда басшы демей ол өзін

Ортамызда ойнап-күліп жүреді.

Құтты болсын мейрамыңыз бүгінгі

Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды.

Өзіңізге бақыт тілей отырып өмірде

Ұсынамыз сөз кезегін өзіңізге.

«Мектеп басшысына сөз беріледі»

3-сынып

2-оқушы:

Жадыраған жаздай жылы жаны бар

Жақсылықтың шырағы болып жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Ұстаздардың бар айтқан

Ұлағатын ұғындар.

Сөйтіп әрбір сабақтан

Сәл есейіп шығыңдар.

                                «ән: «Домбырасыз сән қайда»»

1-оқушы:  ҰСТАЗ! Осы бір сөздің өзіңде қаншама мән-мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі, — деген Ы. Алтынсарын атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол – ҰСТАЗ. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

1-сынып

2-оқушы:

Мектебім, сенсің білім мен өнер ордасы

Тұлпардың сенде жүйрігі мен жорғасы

Тәберегіңнің тәуірі маған тиер ме?

Кқрімдігіңнің қомақты болсын дорбасы

Биікте тұр менің бал қиялым,

Жақсы сөзді өзіңе арнап жинадым.

Тірегі де, жүрегі де өздердің

Мектеп атты білім берер ұяның.

3-оқушы:

Ұстаздарым жұрт аузына қараған

Білім нәрі өздеріңнен тараған,

Өздеріңнен алған білім бар адам

Туған елдің құрметіне жараған.

Тәрбиемсің сөз сөйлейсің санадан

Еңбекқорсың бал жинаған арадан.

Мен өзіңді жарық нұрға балаған.

Мен өзіңді алып қырға санағам.

1-сынып

3-оқушы:

Бізге үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз шәкірт, Біз Отанның болашағы

Білімнің басқышына қадам басқан.

4-оқушы:

Атағым Алатаудай  болып биік

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп

Тұрамыз «Ұстазым» деп басымды иіп.

3-сынып

4-оқушы:

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген аяулы – ардақты адам.

5-оқушы:

Ыстық мекен, алтын ұя – мектебім

Сен арқылы білім алып көктедім.

Дотарыммен бірге күліп, бір жүріп

Қарсы аламын жастық шақтың көктемін.

6-оқушы:

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғаның түсіндім –  дей келе сөз кезегін аяулы ұстаздарымызға береміз.

2-сынып

7-оқушы:

Мынау менің сезгенім

Ол кластың анасы.

Өзінің де, өзгенің,

Баласы – оның баласы.

Қай кезде де ол анық

Қайғырмайды өзі үшін

Біздер үшін қуанып,

Қуанады біз үшін.

Күнде бестік алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман.

Ал оқымай барсаң сен

Бір тал шашы ағарған.

8-оқушы:

Ұстаздың тыңдап дәрісін

Санаңа білім дарысын,

Елімнің мынау егемен

Болашақ ұландарысың.

Қиялды көкке самғасаң,

Қыздырар ғылым жарысын.

4-сынып

 

 

9-оқушы:

Мұғалім – бұл адамның ардақты аты

Білімдік бар биікке шығар саты

Ең алғаш басталады осы адамнан

Сүйеді оны сондықтанда жақын жаты.

 

Біз ұстаздар алдында:

-оқуда озат болуға;

-мектептің намысын қорғауға;

-ата-ана, ұстазды сыйлауға;

-тәртіпсіздік жасамауға;

-адал еңбек етіп, алтын ұя мектебіміздің салт-дәстүрін сақтап, ары қарай жалғастыруға

АНТ ЕТЕМІЗ!

2-сынып

10-оқушы:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әуелеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Демеңіз бір өнерді аяп қалдық,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Көп көріп кездескенше сау болыңыз

Осымен кешіміз аяқталды, — дей айта отырып, келесі өнерді тамашалаңыз.

                                                4-сынып

 

 

 

 

 

 

 

Ана тілі

 

 

Ата-аналар жиналысы.

 

 

ҚОСЫМША
4 сыныпқа арналған тапсырмалар

І деңгейлік тапсырма

Сөздерді жуан жіңішкелігіне қарай бөліп, көптік жалғауларын жалғаңдар.
Бала, етік, қаз, кеме, тас, мұғалім, өзен, көпір, шаңырақ, сырға, қоржын, көзілдірік, кебеже, сиыр, ешкі, ағаш.

ІІ деңгейлік тапсырма

Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың тиістісін қойып, олардың түрліше жалғау себебін түсіндір (дан, — нан, — ден,-тен).
ата … үйрен…, гүл… жаса, төсек… тұрды, ағам… сұра.

ІІІ деңгейлік тапсырма

«Менің анам», «Менің әжем», «Менің әкем», «Менің ағам» деген тақырыптардың біріне шығарма жаз.

І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу)
Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
Алатау, құмырсқа, жапырақ

ІІ деңгейлік тапсырма
Кестені толтыр

Берілген сөздерді қалай тасымалдауға болатынын дефиспен көрсет.
Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер, балмұздақ, әңгіме

ІІІ деңгейлік тапсырма
Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.

І деңгейлік тапсырма
Дауысты дыбыстан басталған сөздерді теріп жаз.
Отан, таң, ыдыс, қызыл, халық, жауын, ірімшік, жел, сөз, дала, үй, өрік, ел, әріп

ІІ деңгейлік тапсырма
Жасыл, бала, үлгілі, мектеп, оқушы, үлкен, көк, нан, жалау, тәтті, сүйкімді, жақсы, қыз, шөп
ІІІ деңгейлік тапсырма
Сөздерді сөз таптарына ажыратып, тиісті бағанға жаз
Ән, екі, кіші, жүр, бар, жасыл, өзен, гүл, жиырма, ақ, ащы, отыр, сұлу, төрт, дәптер, домбары, бес, тұр, күл, үш