«Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық кешінің сценарииі
«Балаға мейірім сыйла»
қайырымдылық кешінің сценарииі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.
Атаң болса, анаң мен
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса, ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса, жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе бауыр, жүрегің.
Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін аудандық білім беру бөлімінің бастығы Наурызбаев Орынбасар Қызылғұлұлын және білім беру бөлімінің бас маманы қайырымдылық шараның ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы Қошимова Амангүлге беріледі.
Жүргізуші: Басқа төлдер жатқан кезде жамырап,
Жетім қозы анасы жоқ маңырап,
Сүт іздейді таңдайына таматын,
Оны көру ақын үшін ауыр тым
Ауыр алып демімді мен ішімнен,
Оның жайын болам, рас, түсінген,
Өзге қойға телімесе қозыны,
Асыраймын жырдың сауған сүтімен.
Облыстық «Менім қуанышымды бөліс» балалар шығармашылығында мәнерлеп оқу байқауынан I орын алған 6 «б» сынып оқушысы Жәкен Нүркеннің орындауында көрекмсөз «Бақыт» .
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен…
Құттықтау сөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Өмірбековке беріледі.
Жүргізуші: Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына
« Шаттық » биі бишілер тобы
Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың
Аудан мектептерінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан,жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларды яғни әлеуметтік жағдайын анықтап және олармен тығыз байланыс орнатып олардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік –педагогтар жұмыс істейді. Ә.Жангелдин атындағы мектеп интернатынын әлеуметтік педагогы Болысов Есен мырзаға сөз беріледі.
Жүргізуші: Жетім қозы жетілер де марқаяр,
Қарын тояр, қайғы, уайым ортаяр,
Шілдехана жасап ертең ата -анам,
Нәрестенің қалжасына мал сояр.
Жас нәресте апыл- тапыл жүгірер,
Аяқтағы ала жіп те үзілер,
Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын,
Жетімдерді жебей берсін, дүйім ел!
Ән: «Туған елім» Жолбергенов Данияр
Жүргізуші: Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық,
Именіп жүретін игіліктен,
Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық ( Б. Момышұлы )
Ән: «Бақытты балалық шақ» орындайтын Рабаева А
Жүргізуші:
Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты,
Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе
Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес пе
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой»
Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт ойнау»
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой!
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой!»
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым,
Безбеймін мен байлықтан да, баладан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты.
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты ! деп ақын атамыз айтқандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз,мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Балаға мейірім сыйла» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілеймін! Қош сау болыңыздар.
«Бейнеу лицейі» ММ педагог ұйымдастырушы: Әжібаева Г
Маңғыстау облысы . Бейнеу селосы
Құрметті редакция!
Әжібаева Гулназ Айтжанқызы «Бейнеу лицейі»ММ -де 2001жылдан бері мұғалімдік қызмет атқарып келеді. Атырау қаласындағы Х.Досмухаммедов атындагы Атырау мемлекеттік университетінің «денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. I- санатты мұғалім.
Бейнеу лицейінде педагог- ұйымдастырушы боп қызмет атқарады.Ол өзінің жасаған жұмыстарын, іс-тәжірибесін өзінің әріптестеріне көмек болсын деп баспасөз беттеріне жариялап жүр. Соның бірі мектебімізде өткізілген «Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық кешінің сценарииін ұсынып отыр. «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева Алпысқызының 70 жас мерейтойына арналған кешінде демеуші жасаған ата аналар шақырылып, оларға алғыс айтылды.Кеш өте әсерлі өткізіліп, көрермендер жүрегіне жылылық, адамгершілік сияқты қасиеттер себе білді.Көмек алған білім алушылар дән риза болып алғыстарын жаудырды. Осындай тәрбиелік мәні бар кештер жалғасын таба берсін деп Гүлназға шығармашылық табыс тілейміз.
«Бейнеу лицейі»ММ директордың тәрбие ісінің орынбасары: Г.Шәудірбаева