Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері

ОҚО  Мақтарал ауданы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта

мектебі»  мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі

Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

«Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері «

Жалпы білім беретін орта мектептің 6 сыныбына арналған бағдарлы оқыту бойынша өлкетану курсы

Түсінік хат

Мектептегі өлкетану бағдарлы курсы -оқыту мен тәрбиелеуді өмірмен байланыстыратын маңызды құрал.Қазақстан тарихы пәні бағдарламаларында жергілікті өлке тарихы мен ескерткіштері туралы мәліметтер қамтылмаған.Мектептегі өлкетанудың қоғамдық өлкетанудан айырмашылығы,өлкетану оқу-тәрбие үрдісінде педагогтың басшылығымен жүргізілелі.Өлкетану курсының маңыздылығы кәсіптік бағдар беруді екі бағытта шешуге көмектеседі.ОҚО аймағына тән ауылшаруашылығы мамандықтарының маңыздылығын көтеру және әр ауданның экономикалық  ерекшелігіне сәйкес мамандық түрлерін игерту.

Отан тарихын өлкетану курсы арқылы бекітетін болсақ,оқушының тарихи санасы мен патриоттық сезімі арта түседі.Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың.»Өлкетану «курсы көмегімен оқушылар,ОҚО мен әкімшілік аумақтарының құрылу және зерттелу тарихы,зерттеушілердің еңбектері,тарихи-мәдени ескерткіштері мен табиғат кешендері жайлы оқып үйренеді.

Бұл авторлық бағдарламаны дайындаудағы мақсатым-ОҚО өлкесінің әкімшілік аумақтарының тарихы туралы зерттеушілер еңбектерінен терең мағлұмат беру.ОҚО өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі орындары туралы ғылыми зерттеу деректері негізінде оқып үйрету.Отантану білімі негізінде оқушылардың өлкетану курсын оқып үйренуге қызығушылығын арттыру.ҚР -ның өзге аймақтарымен салыстыра білу қабілетін дамыту.

Мақсаты:

білімділік: Оңтүстік өлкесінің табиғи-тарихи ескерткіштерінің орнын,салыну кезеңін,қай тұлғаға арнап тұрғызғанын,құрылу әдістерінің ерекшеліктерін зерттеу.Уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру

дамытушылық: Оқушыларды жеке зерттеушілік жобаларға тарта отырып,шығармашылық дарындылығын дамыту

тәрбиелік:Табиғи-тарихи ескерткіштерді қастерлі,қасиетті мұра ретінде,оны дәріптеуге,бағалауға,өз Отанымен мақтануға тәрбиелеу

Міндеттері:

-«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес таным мен рухты ұрпақтар санасына сіңіру;

-Тарихи ескерткіштер тарихына,сәулет өнерінің сырларына жетелеу арқылы бала көкірегін имандылық нұрымен сәулелендіру;

-Ежелгі тарихи ескерткіштерді,киелі орындарды зерттеу арқылы  оқушыларда тарихи таным қалыптастыру;

-Тарихи таным арқылы оқушыларды адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу;

-Тарихи ескерткіштерді сақтап-қорғау жайлы заңнамалық құжаттармен таныстыра отырып,ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрету;

Бағдарламаның ерекшеліктері:

-Өлкенің тарихы мен ескерткіштері туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен таныстыра отырып,тарих ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру;

-Өлке тарихын зерттеу барысында танымдық қабілетін дамыту;

-Өлке тарихын зерттей отырып,оқушы бойында ғылымға қызығушылығын ояту;

-Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып,өзіндік жұмыстар орындау барысында өз білімін көтеруін ұйымдастыру;

-Туған өлке тарихын зерттеп,оның материалдарын күнделікті сабақта қолдана білу;

Курс мазмұны

І. Оқтүстік Қазақстан облысы-Қазақстанның оңтүстіктегі қақпасы

1.ОҚО-ның әкімшілік — аумақтық картасы.ОҚО әкімшілік — аумақтық бөлінісі.ОҚО-ның аудандары.Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан,4 қалалық әкімдік,7 қала (Шымкенттен басқа) 13 кент,171 ауылдық округ,932 ауыл бар.

2.ОҚО-ның құрылу тарихы.Облыс 1932 жылы 10 наурызда құрылған.1962-1992 жылдары Шымкент облысы деп аталды.Аумағы 117,3 мың ш.ш. немесе республиканың 4,3 %  аймағын алып жатыр. Тұрғындары  2567707 адам (2011 ж).Орталығы-Шымкент қаласы.

3.Географиялық жағдайы.Жер бедері.Топырағы.Климаты.Геологиясы мен кен байлықтары.Гидрографиясы.Өсімдік және жануарлар дүниесі.

4.Халық саны 2 567 707 адам.ОҚО республика халқының 15 %-ы тұрады.Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 ш.ш-ға 22 адам.Республика бойынша №1 орында.Обдыс халқының 70 % -ын қазақтар құрайды.Облыс тұрғындарының 47 %-ы қалада,53 % -ы  ауылда тұрады.

5.Шаруашылығы.Облыс республиканың барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9  -ын өндіреді.Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6  -ы,фармацевтикалық препараттардың 70,1 — ы,минералды және газды сулардың 51,5  — ы,мотор майы мен бензиннің 38,9  -ы,рафинатты қорғасынның 23,6 -ы,цементтің 19,7  -ы,мақта майының барлығы облысымызда өндіріледі.Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар.Ауылшаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн.га.Ауылшаруашылығында 63,3 мың шаруа қожалығы бар.Көлігі.

6.Шымкент қаласының құрылған уақыты,тарихы.Жер аумағы 347 ш.ш. Тұрғыны 660300 адам (2013 ж).Ұлттық құрамында қазақтар үлесі 56  -ды құрайды.»Шымкент» атауының этимологиясы.

7.Экономика және бизнес. Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде «Петро Казахстан Ойл Продактс» АҚ (мұнай өңдеу), «Интеркомшина» (шина өндеу), «Химфарм» (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда «Южполиметалл» АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда «Карданвал» (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), «Южмаш» (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), «Электроаппарат» (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – «Восход» фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркәсібі), «Эластик» (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» АҚ (цемент өндіру) және «Құрылыс материалдары» (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен «Шымкентмай» және «Қайнар» (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), «Шымкентпиво» (сыра ендіру), «Визит» (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады.

ІІ.ОҚО аудандарының тарихи ескерткіштері мен киелі орындары.

8.Созақ ауданы 1928 жылы қаңтарда құрылған.Жерінің аумағы 41,0 мың ш.ш.Тұрғыны 54,0 мың адам.Аудан аумағында 36 елді мекен,2 кент (Қыземшек,Таукент),10 ауылдық округке біріктірілген.Орталығы-Шолаққорған ауылы.                                                                                             Жер бедері тасты-құмды шөлді жазықтар-Бетпақдала мен Мойынқұм алып жатыр.Оңтүстік,оңтүстік-батысында Қаратау жотасы орналасқан.Климаты тым континенттік.Уран кентасы мен таскөмір өндіріледі.

9.Созақ ауданының тарихи ескерткіштері:Ақсүмбе ежелгі қаласыжәне 500 метр жерде Ақбикеш мұнарасы (ХІІғ).Созақ -ортағасырлық көне қамал-қала болған.»Хан Мазары» деген қасиетті жерде Әбілқайыр,Жәнібек хандар жерленген.Кесенелер:Баба Түкті Шашты Әзіз әулие,Қара бура әулие,Ысқақ баб әулие,Саңғыл би.»Келіншектау» табиғи ескерткіші.Сүгір Әлиұлы.

10.1928 жылы Шаян ауданы болып негізі қаланды.1965-1996 жылдары Алғабас ауданы деп аталды.1996 жылдан бастап Бәйдібек ауданы болып аталады.Жер аумағы 7,2 мың ш.ш.Тұрғыны 54,7 мың адам.Ауданда 52 елді мекен,11 ауылдық округ бар.Орталығы — Шаян ауылы.Жер бедері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі қырқалы жазық.Климаты континентті.Байжансай полиметалл кені,әктас,құрылыс материалдары бар.

11.Тарихи ескерткіштері:Бәйдібек кесенесі,Домалақ Ана кесенесі,Аппақ Ишан мешіт-мұражайы,Ақмешіт әулие үңгірі,»Қызыл көпір» тарихи ескерткіші.Шаян ауылындағы мешіт-медресе.

12.Отырар ауданының тарихы.1935 жылы 16 ақпанда Шәуілдір ауданы болып құрылды.1962 жылы Арыс ауданының құрамына өткен.1963 жылы Шәуілдір ауданы негізінде Қызылқұм ауданы ұйымдастырылған.1991 жылы Қызылқұм- Отырар ауданы болып өзгертілді.Жері 18,1 мың ш.ш.Тұрғыны 55,2 мың адам.Ауданда 43 елді мекен,11 ауылдық округке біріктірілген.Әкімшілік орталығы- Шәуілдір ауылы.Жер бедері жазық,басым бөлігін Қызылқұм шөлі алып жатыр.Климаты қоңыржай континенттік.

13.Тарихи ескерткіштері.Отырар археологиялық мемлекеттік қорық- мұражайы,Әл Фараби атындағы Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы,Арыстанбаб кесенесі,Отырар қаласы,Марданкүйік қаласы,Ботайтөбе ежелгі қаласы,Қостөбе,Шаушыққұмтөбе.

14.Отырарлық дарындар:Әбу Наср әл-Фараби,Социалистік Еңбек Ері-21,Кеңес Одағының Батыры- 2,Халық Қаһарманы М.Әлиев,академик Р.Бердібаев,С.Ерубаев,К.Әмірбеков,Ә.Қалыбекова,Б.Шойбеков…

15.Ордабасы ауданы 1964 жылы құрылған.1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келген.Аумағы 2,7 мың ш.ш.Тұрғыны 107 мың адам.Ауданда 59 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген.Орталығы- Темірлан ауылы.Жер бедері жазық.Ең биік жері Қайнар ауылында 383 метр.Климаты континенттік.

16.Тарихи ескерткіштері:Қажымұқан мұражайы.Күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлы.Кеңес Одағының Батыры Қ.Сыпатаев.

17.Сайрам ауданы 1928 жылы құрылған.Жер көлемі 1760,4 ш.ш.Ауданда 56 ұлттың өкілінен құрылған,302700 адам тұрады.Әкімшілік құрылымы 78 елді мекенді біріктірген,17 ауылдық окргтен тұрады.Орталығы- Ақсу  кенті.

18.Сайрам ауданында 58 тарихи  мекендер мен қалашықтар және архитектура скерткіштері бар.Ортағасырлық қалалары- Сайрам және Манкент.Кесенелері: Ибрагим ата,Қарашаш ана,Әбділ Әзіз баб,Мір-Әлі баб,Қожа Тәліп, т.б.

19.Түлкібас ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған.1930-1935 жылдары Жуалы ауданына қосылған.1935-1963 жылдары аудан қайта құрылып,орталығы Ванновка селосы болды.1963-1966  жылдары Сайрам ауданы құрамында болды. 1993 жылы Ванновка селосы т.Рысқұлов ауылы  болып өзгертілді.Жер аумағы 2,3 мың ш.ш.Тұрғыны 100 мың адам.

20.Ауданда «Шарафкент»,»Будухкент»,»Томтодж»,»Абардадж»сияқты ескі қалалар орны,31 археологиялықескерткіштері бар.Қасқасу петроглифтері.М.Х.Дулати мен Т.Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.     Кеңес Одағының Батыры и.И.Рыбалко.Ақсу-Жабағылы қорығы.

21.Төлеби ауданы 1932 жылы құрылған.1991 жылға дейін Ленгер деп аталған.Жер аумағы 3,1 мың ш.ш.Тұрғыны 118,4 мың адам.Аудан жеріндегі 59 елді мекен 1 қалалық,13 ауылдық округке біріктірілген.Аудан отталығы- Ленгер қаласы.Жер бедері таулы,дөңесті жазық.Климаты континенттік.Кен байлықтарынан қоңыр көмір мен құрылыс материалдары өндіріледі.

22.Мәдени-тарихи ескерткіштері:»Төрткүлтөбе»,»Тастақсай»,»Сулы үңгір»,»Дәуіттөбе»,»Қасқасу».Кесенелер:Бекасыл әулие,Дүзелбай-Данай,Жаныс баба…

23.Қазығұрт ауданы 1928 жылы құрылған.Орталығы Тұрбат,Шарапхана кейін Ленин селолары болған.Жерінің аумағы 4,1мың ш.ш.Тұрғыны 103 мың адам.Аудан орталығы — Қазығұрт ауылы.

Жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан.Жер қойнауынан минералды су,ақ құм,қиыршық тас,т.б.құрылыс материалдары барланған.Климаты континенттік.

24.Қазығұрт ауданының туристік орындары.Нұх пайғамбар.Қазығұрт жайлы ежелгі аңыз.Қазығұрт тауы.Өгем тауы.Алтынтөбе.Ақбура әулие.Қырық қыз.Атбұлақ.Тесіктас.Исмаил ата.Ысқақ ата.Мақпал көл.

25.Сарыағаш ауданы 1928  жылы Келес ауданы болып құрылған.1939 жылдан Сарыағаш деп аталады.1992 жылы Келес,Абай,Сарыағаш аудандары ірілендіріліп,Сарыағаш ауданы болып қайта құрылды.Жер аумағы 7,7 мың ш.ш.Тұрғыны 285 мың адам.Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық,1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген.Жер бедері төбелі,жазықты.     Климаты континенттік.Табиғи байлығы минералды емдік ас-сулары.

26.Емдік-сауықтыру орталықтары және тарихи орындары.»Сарыағаш шипажайы»МҚК,»Алтын-Бұлақ»,»Арман» санаториясы,»Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар.

27.Шардара ауданы 1969 жылы қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған.Жер аумағы 13,0 мың ш.ш.Облыстың 11,1 % жерін құрайды.         Тұрғыны 76 мың адам.Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және 10 ауылдық округке біріктірілген.Жерінің көбін шөлейтті алқап алып жатыр.Климаты айқын континенттік.

28.Тарихи орындары.»Шардара» этимологиясы.Ұзын Ата кесенесі.УІІІ ғ.     қамал-қалалары:Бірінші Ақтөбе,Екінші Ақтөбе,Жаушықұмтөбе.»Мұңлық-Зарлық». Шардара бөгені.Шардара СЭС.

29.1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып құрылды.1930 жылдан Мақтаарал ауданы.Тұрғыны 290 мың адам.Жер аумағы 1800 ш.ш. Аумағындағы 176 елді мекен 1 қалалық,3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген.Орталығы- Жетісай қаласы.

30.Ауданның тарихи ескерткіштері.Мырзарабат сардобасы.Асық Ата кесенесі.Үтірлі қаласы.ҰОС жауынгерлеріне арналған және тәуелсіздік жылдарының ескерткіштері.Жер-су атауларының тарихы.

ІІІ.ОҚО қалалық аумақтарының тарихи-мәдени ескеркіштері

31.Түркістан ауданы 1932 жылы құрылған.1973 жылы аудан құрамынан Түркістан облыстық дәрежедегі қала «еншісін» алып шықты.1997 жылы 24 сәуірде Түркістан ауданы ҚР Президентінің  №3474 Жарлығымен таратылып, қалалық әкімшілік аумағында ауылдық жерлерді қоса есептегенде,Түркістан қаласы болып құрылды.Әкімшілік аумағы 9,4 мың ш.ш.Аумағындағы 35 елді мекен,5 мөлтек аудан,12 ауылдық округ Түркістан қаласы әкімшілігіне біріктірілген.Тұрғыны 200 мыңнан астам.Оның ішінде 94 мыңнан астамы қалада,ауылдық жерде 106 мың адам тұрады.

Түркістан аумағының тарихи ескерткіштері.Қ.А.Иасауи қорық мұражайы. Р.С.Бегім кесенесі.Сауран,Қарнақ,Күлтөбе,Жүйнек қалалары. Шойтөбе. Жылаған Ата.Укаш Ата.Көк тонды Ата.

32.Кентау қаласы 1955 жылы тамызда құрылды.Қаланың бұрынғы атауы Мырғалымсай болатын.Кентау қаласы- «Қаратаудың тәжі» деп аталады. Кентау қаласында 4 ауылдық округ ,7 елді мекен бар.Тұрғыны ауылдық округтермен қоса 88 мың адам.Кентаудың танымал өнер қайраткерлері: Р.Сейтметов,С.Байтереков,Ә.Сығай.Қалада Д.Қонаев,С.Қожанов,ҰОС-да  қаза тапқан жауынгерлерге арналған және «Тәуелсіздік монументі» ескеркіштері бар.

33.Арыс ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған.1956 жылы аудандық қала мәртебесіне ие болды.1992 жылы Арыс қаласы ауылдық аймақтары бар қала болып құрылып,қаланы басқару Арыс қаласының әкіміне өтті.Арыс қаласы әкімдігіне 6 ауылдық округ кіреді.Арыс қаласының аумағында 65 мың адам тұрады.Оның ішінде Арыс қаласы  тұрғындарының саны 39,5 мың адам.

Арыс өңірінің  ескерткіштері.Бөріжар,Алтынтөбе,Қаратөбе зираттары.Тас дәуірінің ескерткіштері-Тасқотан,Бесқотан,Байтоғай.Қатынкөпір ескерткіштері (Х-ХУІІІ ғ).

34.Қорытындылау.Ескеркіштер еліміздің ертеңі.Рефераттарды қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

«Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері «

өлкетану курсының күнтізбелік жоспары

Сабақтың тақырыбыСағат

саны

І.ОҚО — Қазақстанның оңтүстіктегі қақпасы
1ОҚО әкімшілік-аумақтық құрылымы.ОҚО аудандары.1
2ОҚО құрылу тарихы.Халқы.Орталығы-Шымкент қаласы1
3ОҚО географиялық жағдайы.Жер бедері.Пайдалы қазбалары.Климаты.Ішкі судары1
4ОҚО халқының саны,өсуі,тығыздығы,ұлттық құрамы1
5Шаруашылығы.Өнеркәсіп орындары1
6Шымкент қаласының тарихы.Халқы.»Шымкент» атауының этимологияясы1
7Экономика және бизнес саласы1
ІІ.ОҚО аудандарының иарихи ескерткіштері мен киелі орындары
8Созақ ауданы тарихы.Халқы.Жер бедері.Климаты.Пайдалы қазбалары1
9Созақ ауданының тарихи ескерткіштері1
10Бәйдібек ауданы тарихы.Халқы. Жер бедері.Климаты.Пайдалы қазбалары1
11Созақ ауданының тарихи ескерткіштер1
12Отырар ауданының тарихы.Халқы.Жер бедері.Климаты.Шәуілдір ауылы1
13Отырар ауданының тарихи ескерткіштер1
14Отырарлық дарындар.Әл Фараби.Еңбек ерлері.Батырлары.Өнер қайраткерлері1
15Ордабасы ауданының әкімшілік құрылымы,тарихы.Халқы.Жер бедері.Климаты1
16Ордабасы  ауданының тарихи ескерткіштері.Қажымұқан мұражайы1
17Сайрам ауданының тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Климаты1
18Сайрам  ауданының тарихи ескерткіштері1
19Түлкібас ауданы тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Табиғаты.Климаты1
20Түлкібас  ауданының тарихи ескерткіштер1
21Төлеби ауданының тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Кен байлықтары1
22Төлеби ауданының тарихи ескерткіштері1
23Қазығұрт ауданының тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Кен байлықтары1
24Қазығұрт  ауданының тарихи ескерткіштер.Туристік орындары1
25Сарыағаш ауданының тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Табиғи байлықтары1
26Сарыағаш  ауданының емдік-сауықтыру орындары,тарихи ескерткіштері1
27Шардара ауданының тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Кен байлықтары1
28Шардара  ауданының тарихи ескерткіштері.»Шардара» этимолоиясы1
29Мақтаарал ауданының тарихы.Жер аумағы.Халқы.Жер бедері.Табиғи  байлықтары1
30Мақтаарал ауданының тарихи ескерткіштері.Жер-су атауларының тарихы1
ІІІ.ОҚО қалалық аумақтарының тарихи-мәдени ескерткіштері
31Түркістан қаласы әкімшілігі аумағы,тарихы.Халқы.Тарихи-мәдени ескерткіштері1
32Кентау қаласының тарихы,әкімшілік құрылымы.Халқы.Тарихи орындары1
33Арыс қаласы әкімшілігі аумағы,тарихы.Халқы.Тарихи ескерткіштері1
ІУ.Қорытындылау
34Ескерткіштер еліміздің ертеңі.Рефераттарды қорғау1

 

 

 

Аннотация

Бағдарлы оқыту өлкетану курсы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тарихи ескерткіштері мен киелі орындары туралы ғалымдардың зерттеу еңбектері мен статистика мәліметтеріне сүйене отырып,оқушылардың тарихи білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Аннотация    (орыс тілінде)

 

Аннотация     (ағылшын)

 

Кілт сөздер:Әкімшілік аумақ,этимология,кент,кесене.

Әдебиеттер

1.Мырзантай Қожабайұлы Жақып «Мырзашөлім-мырза елім»-Алматы,»Әл-Фараби»,1998 ж

2.С.Ысқақов,Ж.Тілеуұлы,Ш.Шахай «Мақтаарал-жердің жәннаты»-Алматы,1998 ж

3.О.Нұржанов,Қ.Иса,Ж.Тілеуұлы,С.Қалдыбаев,С.Ысқақов,Ж.Ғаппапов «Мақта ордасы-Мақтарал»-Алматы,»Тұран»,2003 ж

4.С.Қамбарұлы,Ә.Тауов.»Алатау батыр» «Мақтаарал»газеті-1012 ж

5.А.Дүйсенбаев.»Отантану» курсы,»География және табиғат»журналы,№5-2003 ж.24-28 беттер

6.А.Айрамбаева.»Өлкетану»үйірмесі,»География және табиғат»журналы,№5-2006ж.69-72 беттер

7.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

8.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы:»Аруна Лтд»ЖШС,20005ж

9.Қазақ әдебиеті,Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы:»АрунаЛтд» ЖШС

10.Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, http://www.akorda.kz

11.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты,www.ontustik.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

 

 

Мақтаарал ауданы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің» тарих пәнінің мұғалімі Т.Алибекова ауданымыздағы шығармашылықпен табысты жұмыс істеп жүрген ұстаз.

Соңғы жылдардағы оқушыларға арналған авторлық бағдарламалары осыған дәлел.

Ұсынылып отырған «Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері «   7 сыныптарға арналған бағдарлама және оқу әдістемелік құралы  ҚР Президентінің 2012 жыл 3-ші шілдесінде жарияланған  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында Отан тарихын оқыту,өлкетану жұмыстарын мектептерде жүргізу туралы айтылған тапсырмаларын орындауға қосылған үлес.

Бағдарлама мен оқу әдістемелік құралды пайдалану оқушылардың жан-жақты білімді,тәрбиелі азамат болып өсуіне үлкен көмек болатыны анық.

 

Мақтаарал ауданы  білім бөлімінің әдіскері:                      Ө.Ратов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚО  Мақтаарал ауданы «Т.Аубакиров

атындағы жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі

 

ОҚО Мақтаарал ауданы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі»   мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызының

«Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері »

өлкетану бағытындағы авторлық бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің   7  сыныптарына арналған

Мектепішілік сараптау комиссиясында қаралып,пайдалануға ұсынылған

 

Хаттама №___5               «25__»мамыр__2013 ж

 

Сараптау комиссиясының төрағасы : Қожакелдиев Б С

Пікір жазған оқу ісінің меңгерушісі: Ерназарова Т М

Пікір

Алибекова Тәрбиенің Қазақстан тарихынан

«Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері »

авторлық бағдарламасы   жалпы білім беретін мектептің  7  сыныптарына «Өлкетану» бағытында факультатив курс ретінде жазылған.Бағдарламада ОҚО тарихы,географиялық орны,халқы,әкімшілік аумақтары және тарихи-мәдени ескеркіштері туралы мәліметтер кең қамтылған.ОҚО өлкесінің әкімшілік аумақтарының картасы мен халқы туралы статистикалық деректер берілген.Бағдарлама ОҚО әкімшілік аумақтарының  тарихи ескерткіштері мен табиғи кешендерін қастерлі ,қасиетті мұра ретінде дәріптеуге, бағалауға,ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған.

Заман талабына сай Отан тарихын өлке тарихы материалдарымен толықтыра түскен.Бағдарлама ғалымдардың зерттеу еңбектері мен статистика мәліметтеріне және интернет желісі деректеріне сүйене отырып жазылған.

 

«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесінің оқу ісі меңгерушісі:                 Ерназарова Т М

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтаарал ауданы Игілік ауылы

Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі

Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

 

 

 

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

 

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар

 

Қазақстан тарихынан 7 сыныптар үшін

«Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары

мен тарихи ескерткіштері » бағдарлы оқыту курсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы

Игілік ауылы   Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі

Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

 

 

 

 

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

 

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар

Қазақстан тарихынан  7 сыныптар үшін

«Оңтүстік Қазақстан өлкесінің әкімшілік аумақтары

 мен тарихи ескерткіштері «

бағдарлы оқыту курсы