Желкенді қайықтың үлгісін дайындау
Сабақтың тақырыбы: Желкенді қайықтың үлгісін дайындау
Сабақтың мақсаты: Желкенді қайықтың үлгісін дайындауға үйрету, қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.
Сабақтың міндеті: Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.
Сабақтың тәрбиелік мәні: еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге, өнерлілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, ойын.
Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, ғажайып сандық, еңбек туралы жазылған нақыл сөздер, қатырма және түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу:
-Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
(баяу, шапшаңырақ, өте жылдам).
- Келген қонақтарға бәрің қарап алыңдар деп (сабақ үстінде алаңдамауларын ескертемін)
- Біз сабақты ойын түрінде бастаймыз. Осы ойын арқылы үй тапсырмасын тексертесіңдер және өтілген сабақты қайталап еске түсіреміз.
2-ойын. «Ғажайып сандық» деп аталады.
Сандық ашылмайды. Ол үшін сендер еңбек туралы мақал-мәтел айтуларың керек деп, оқушыларға мақал-мәтел айтқызып, өзім де «Адамды адам еткен – еңбек», «Еңбек – еңбек бәрін жеңбек» деген мақалмен толықтырып, оның мағынасына тоқталып өтіп, сандықты ашамын. Сұрақтарға жауап аламын.
- Үй тапсырмасы бойынша жарыс автокөлігіне қосымша жасап келген машиналарына шолу жасау;
- Жаңа сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешу.
Ж | Е | Л | К | Е | Н | Д | І |
Қ | А | Й | Ы | Қ |
«Желкенді» сөзіне талдау жасау (түбірін, қосымшасын табу)
- Қызыл сызықтың ішіндегі бүгінгі жаңа тақырыбымыз болып саналады – деп, тақтаға желкенді қайықтың суретін ілемін.
- Ал енді желкенді қайықтың бөлшектерімен танысайық – деп, сурет бойынша таныстырамын және желкенді қайықтың үлгісін көрсетемін.
- Енді қайықтың үлгісін жасауға кірісейік. Ал іске сәт! – деп алып, оған керекті заттарды дайындатамын.
1) Қатырма қағаз, түрлі-түсті жұқа қағаз, желім, қайшы.
2) Қайықтың корпусын дайындау үшін оны қатырма қағаздан қорапша жасап аламыз.
Желкеннің, діңгектің жасалу жолдарын көрсету.
- Қорапша мен желкенді жасап болғаннан кейін сергіту сәтін өткізу.
«Ор теке» (домбырамен).
- Сонымен біз не жасадық?
(желкенді қайық)
Желкенді қайық қандай бөліктерден тұрады екен?
(қайықтың корпусы және діңгегі, желкені болады)
- Қайықты адамдар не үшін пайдаланады?
- Олай болса, желкенді қайық деген сөзді қалыптастырып, сөйлем құрап жіберейік.
- Қайықты бағалау.
Осымен сабақты қорытындылау.
- Үйге тапсырма:
«Желкенді қайықты» әшекейлеп келу.