БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ.

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік:  Бахрейн әмірлігінің табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы  экономикалыққ байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                         БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ ­Оңт.-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мем­лекет.

Жері — 695 км2

Хал­қы — 64З мың адам (1998).

Астанасы — Манама (160 мындай).

Ірі қалалары: Мұ­харрәк, Рифаа, Иса.

Мемл. тілі — араб тілі.

Халқы ислам дінін ұстанады.

Бахрейн әмірлігі — конституциялық монархия. Мем­лекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы — Әмір. Заң шығару билігі 197З ж. қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындай­ды. Атқару билігі Мин. Ке­ңесіне жүктелген. Саяси пар­тиялар мен кәсіподақтар қыз­метіне тыйым салынған.

Мемлекет аум. 33 аралдан тұ­рады. Ірілері: Бахрейн, Мұ­харрәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді бо­лып келеді.

Климаты тропик­тік және субтропиктік. Ор­таша температурасы қыста 180С, көктемде 250С, жазда 400С, күзде 280С. Жауын-шашын­ның жылдық орташа мөлш. 90 мм.

Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. З мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. ба­сында Бахрейн жеке әмірлік болған. 4-6 ғ-ларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кір­ді. 13 ғ-да Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормуз әмірлігіне қосып алынды. 16 ғ-дың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, 17 ғ-да Иранның қол асты­на кірді. 18 ғ-дың 80-жыл­дарында әл-Халиф әулеті­нен шыққан араб шейhтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жария­лады, бірақ 19 ғ-да Ұлыбри­тания шейhтармен бірқатар келісімдер жасап (1820,1847, 1861), 1871 ж. елде өз про­текторатын орнатты. ) 1880 ж. және 1892 ж. келісімдер не­гізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. l-дүние­жүз. соғыс (1914-18) кезін­де Бахрейнде ағылшын әс­кери базалары орналасты. 1932 ж. мұнай көздері ашыл­ған соң, елге АҚШ капита­лы ене бастады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (l9З9-­45) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Ма­нама қ. Парсы шығанағын­дағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-­азаттық қозғалысы нәтиже­сінде 1971 ж. 14 тамызда Б. ә. тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Б. ә. экономикасының негі­зі — мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қам­тамасыз етеді. Барланған мұ­най қоры — 27 млн. т., газ­дың коры — 240 млрд. м3. Мұнай өндеу, алюминий өн­діру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр ст. жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім — 5 млрд. дол­лар шамасында. А. ш. оның 1%-ін ғана құрайды. Көкө­ніс, құрма, цитрусты жеміс­-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады.

Бахрейн әмірлігі ­Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония. Cыртқы саясаты Таяу Шы­ғыстағы жанжалдарды рет­теуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағыт­талған. Б. ә. 1992 ж. 28 ма­мырда Қазақстанмен дипло­матиялық қарым-қатынас ор­натты. Қазақстанмен экономикалық байланыстары дамып келеді.