ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Иран Ислам Республикасыныңмемлекттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                   Иран Ислам Республикасы

ИРАН (1935 жылға дейін П е р ­с и я) — Азияның оңт.- бат. бөлігіндегі  мемлекет. Солтүстігінде Армения, Азербайжан және Түрікменстанмен, солт.- батысында Түркия, батысында Ирaкпен, шығы­сында Ауғанстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде — Каспий те­ңізі, оңтүстігінде — Парсы және Оман  шығанақтары.

Жер аумағы — 1,6 млн. км2.

Хал­ық  68 млн. (2005ж).

Астанасы- Теге­ран қ-сы.

Әкімш. жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді.

   Мемлекеттік құрылысы. ИРАН — конс­титуциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-11 ж. Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемл. басшысы — шаh. Ол парламент қа­былдаған заңдарды бекітеді, премьер­ министрді тағайындайды, үкімет құ­рамын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы­ — екі палаталы парламент. Төменгі па­латаның (меджлис) депутаттарын  (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шah тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды.Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау провасы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап — сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне:

Жоғарғы кассациялық сот, апелляция­лық, губ. және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери три­бунал т. б. арнаулы соттар да бар.

Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Ар­мян таулы қыратының оңт.-шығ. жа­ғы мен Иран таулы қыратының бат. бөлігінде орналасқан. И-ның шет жақ­тарын Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен- Хорасан таулары), Оңт. Иран (3агрос, Мекран таулары) және Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат жо­талары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-­Лут шөлдері алып жатыр. Солт/батысында Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт/шығысында Горган жазығы, оңт. шетінде-Гермезир шөлді жазығы. Геол. құрылымы жағынан алғанда, И-ның жері альпілік геосин­клиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар тө­менгі қабаттағы байкал фундаментін құрайды, ал оның үстіңгі жағын шө­гінді палеозой-триас, теңіздік мезо­зой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары — мұнай (та­биғи қоры 7,5 млрд. т), газ (6 три­ллион мЗ) , тас көмір (1 млрд. т), темір рудасы (560 млн. т), хромит (60 млн. т) т. б.

Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы сол­түстігінде салқын, оңтүстігінде жы­лы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа темп-расы 2,00 С-тан (Тегеранда) 19,40 С-қа (Оман шыға­нағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,50 С. Жауын-шашынның жыл­дық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысын­да 50-60 мм. И. территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд. қиыр солт. бө­лігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері — Резайе, Дерьячейе-Немеи, Хамун. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты ке­леді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, 3агрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары — шөлейт, шөл. И. жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құс­тың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. И. территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар — Солт. Иран, Оңт.-бат. Иран таулары, Шығ. Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңт. Иран таулары, Оңт. Иранның теңіз жағала­уындағы ойпаттары, Солт. Иранның ойпатты жазықтары.

   Халқы. И-да 30-дан астам халық тұ­рады. Халқының 75%-і иран тілі то­бына жатады, олар парсылар -51%, азербайжандар – 24%   гилактар мен мазендарандар – 8% , курдтар – 7%, арабтар – 3% лурлар – 2%, балохтар – 2%, түрікмендер – 2% Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шииттік бағыты – 95%, сунниттер – 4%, қалғандары – зорастрий, иудей, христиандар.

Ірі қалалары — Те­геран , Исфаhан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.