ИРАК
ИРАК
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Ирак Республикасының мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Ирак Республикасы
ИРАК, Ирак Республикасы (Әл-Жумхурия әл-Иракия) — Бат. Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде Түркиямен, батысында Сирия және Иорданиямен, шығысында Иранмен, оңтүстігінде Сауд Арабиясымен т. б. елдермен шектеседі. Оңт.-шығысында Парсы шығанағы.
Жері — 434,9 мың км2.
Халқы — 28,1 млн. адам (2005-ж).
Астанасы — Бағдад қ-сы.
Мемлекеттік тілі – араб, курд тілдері.
Әкімш. жағынан 16 мұхафазға (губернияға) бөлінеді. Құрамына Ирак пен Сауд Арабиясы арасындағы бейтарап аймақтың 1/2 бөлігі кіреді.
Мемлекеттік құрылысы. Ирак – парламенттік республика. Уақытша конституциясы 1970 ж. 16 шілдеде күшіне енді. Онда ирак халқы негізгі екі ұлттан-арабтар мен курдтардан құралатыны, сондай-ақ курдтарға ирактың мызғымас бірлігі шеңберінде барлық право толық берілетіні жарияланған. Мемл. үкіметтің ең Жоғарғы органы – Революциялық Басқару Кеңесі (РБС). Ол армияны, ішкі қауіпсіздік күштерін бақылайды, соғыс жариялауға және бітім жасауға праволы, министрлерді тағайындайды, заң шығарады т. с. с. РБС мүшелері (12 адам) Баас партиясы басшылығына да мүше болып есептеледі. Мемл. басшысы-президент, оны РБС сайлайды. Президент кең праволы өкілдіктермен пайдаланады. Үкіметі (атқарушы және әкімш. органы) — Мин. Кеңесі Сот жүйесі кәдімгі, діни және арнаулы соттардан (әскери трибуналдар ) құралады. Мухафаздарды губернаторлар басқарады. Көппартиялы жүйе жұмыс істейді. Ирак БҰҰ-ы, ОПЕК, Араб елдері лигасы сияқты көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.
Табиғаты. Жерінің көбін Жоғ. және Төм. Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығ. жағын Армян және Иран таулы қыраттары, оңтүстігін, Оңт.-батысын Арабия-Сирия таулы үстіртінің шеті алып жатыр. Ең биік жері — Боздaг тауы (3612 м). Пайдалы қазындылары: мұнай және газ, фосфорит (Рутба), күкірт (Месопотамия).
Kлиматы — жерортатеңіздік (солт. бөлiгінде) және тропиктік (оңтүстігі). Қаңтардың орташа темп-расы — 7-110 С, шілдеде 340 С; тамыз айында ауаның темп-расы 500 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм-ден (оңт.-шығысында) 500 мм-ге (тауда) дейін. Басты өзендері — Тигр және Евфрат (екеуі қocылып Шатт-әл-Араб өзенін құрайды) шағын өзендері — Дилла, Әл-Узап Үлкен Заб және Кіші Заб (Тигрдің салалары). Төм. Месопотамияда көлдер көп, олардың ірілері: Әл-Хаммар, Әл-Хаббания, Әл-Мильх. Жерінің көбі шөгінді және шалғын топырақты, батыс жағы сары топырақты. Территориясының негізгі бөлігі дала, оңт.-батыс шөл және шөлейт; тау беткейлері мен өзен аңғарлары бұталы, сирек орманды келеді. Шатт-әл-Араб, Дияла өзендерінің төменгі жағында пальма өceді. Жазық жерлерінде газель, жабайы есек, тарғыл қорқау қасқыр, қабылан т.б. аңдар, өзендерде көкқұтан, қоқиқаз, бірқазан т. б. құстар кездеседі.
Халқы. Ирактың негізгі тұрғындары Ирактық арабтар — 76% мен курдтер — 19% түрікмендер — 2% Арабтар елдің оңтүстік және орт. аудандарында, курдтер – солт/шығысында тұрады. Көшпелі арабтар мен курдтер руға, тайпаға бөлінеді. Арабтардың ірі тайпалары анайза, дафир, шаммар. Басқа ұлттардан парсылар, түріктер, армяндар, еврейлер т. б. тұрады.
Ресми діні: ислам — 96% (халқының 65%-ы мұсылман-сунниттер, 30%-ы шииттер), христиандар — 4%-ға жуық, йезид, мандейлер, йудеилер — 1%.
Экономикасы. Ирак – аграрлы-индустриялы мемлекет. Экономиканың негізін мұнай өнімдері (Дүние жүзінде 2-орын) құрайды. Мұнай өндіру, газ, күкірт, фосфат, мрамор өндіру жақсы дамыған. Елде мұнай өңдейтін, цемент, текстиль, тері-аяқ киім, азық-түлік (қант, темекі) кәсіпорындары жұмыс істейді. Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындар басым. Ауыл шаруашылығында көкөніс, бау-бақша өсіру мен экстенсивті мал шаруашылығы және балық аулау салалары дамыған. Иракта туризмді дамытуға мүмкіндік мол, алайда елдегі саяси тұрақсыздық бұған жол бермеуде. Экспорты: мұнай, тері және жүн өнімдері т.б.
Импорты: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар.
Негізгі сауда серіктестері: Иордания, Италия, Германия.