Оңтүстік-Батыс Азия елдері бойынша
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС №1
(Оңтүстік-Батыс Азия елдері бойынша)
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына баға бере білуге, картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу және оларды жинақтай, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастыру
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: практикалық
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Сарамандық жұмыс барысы:
Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің ЭГЖ-на баға беру.
- Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің шекараларын белгілеп, астаналарын, ірі қалаларын, өзендері мен көлдерін түсіру.
- Астаналарының географиялық координаталарын анықтау.
- «Оңтүстік-Батыс Азия аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі» атты жиынтық кесте құрастыру: кестенің
1-бөлігінде елдің аты, 2-бөлігінде ресурс түрлері.
- Анықтамалық деректер негізінде Оңтүстік-Батыс Азия елдері арасынан:
А) Аумағы үлкен 3 елді;
Ә) Халқының саны жөнінен ірі 3 елді;
Б) Халық тығыздығы жоғары 3 елді;
В) ЖІӨ-нің көлемі жоғары 3 елді анықтау.
- «Оңтүстік-Батыс Азия елдерінде туризмді дамыту»,
«Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экологиялық
проблемалары» деген тақырыптарда қысқаша
хабарламалар әзірлеу.