БРУНЕЙ
БРУНЕЙ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Брунейдің табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: БРУНЕЙ
БРУНЕЙ (Вгиnеі), Бруней Даруссалам Оңт.-Шығыс Азиядағы Калимантан аралының солт.батыс бөлігіндегі мемлекет.
Жері — 5,8 мың км2.
Халқы — 314 мың (1997).
Астанасы — Бандар-Сери-Бегаван қ.
Мемл. тілдері — малай және ағылшын тілдері.
Халқының көпшілігі — мұсылмандар.
Бруней — конституциялық монархия (сұлтандық), Британ Достастығына мүше.
Бруней жерінің басым бөлігі жазық. Климаты экваторлық. Жылдық орташа темп-расы 260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 2000 — 4000 мм. Жерінің 75%-ін тропиктік ормандар алып жатыр. Күріш, кокос, банан өсіруге қолайлы. Басты өзені — Белайт. Брунейдің ежелгі тарихы аз зерттелген. 15 ғ-да жергілікті тайпа көсемі Алак-бер- Тата өзіне Мұхаммед есімін алып Брунейдің алғашқы сұлтаны болды. 1580 ж. елге испан отаршылдары басып кірді. Оларға қарсы соғыста Бруней әлсіреп, тек Калимантан аралының солт. бөлігіне ғана ие болып қалады. 1847 ж. Ұлыбритания Брунейді отарлауға кірісіп, 1888 ж. өз протекторатына айналдырды. 1906 ж. мұнай қоры ашылған соң, елді басқаруға ағылшын резиденті тағайындалды. Бруней 1941 — 45 ж. Жапония қол астына қарады. Соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде 1959 ж. Бруней ішкі билікті өзі жүргізуге мүмкіндік алды. Бірақ 1962 ж. болған қарулы көтерілісті ағылшын әскерлері жаныштаған соң, елде төтенше жағдай енгізіліп, заң шығару кеңесі таратылды. 1979 ж. қаңтарда Ұлыбритания мен Брунейдің тәуелсіздік жөніндегі жасаған шарты 1984 ж. 1 қаңтарда күшіне енді. 1992 ж. «Малай ислам сұлтандығы» тұжырымдамасы мемлекеттің даму негізін анықтады. Елде шариғат заңдары, сұлтандық басқару жүйесі толық орнады. Бруней БҰҰ-на, Оңт.-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясына (АСЕАН), т.б. ұйымдарға мүше.
Бруней бұрынғы ағылшын отары болғанымен, экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Бруней сұлтаны дүниедегі ең бай адам саналады. Елдің басты байлығы — мұнай (жылына 10 млн. т өндіріледі) және табиғи газ (12 млрд. мЗ). Олар ел экспортының 99%-н құрайды. Жалпы ішкі өнім 4556 млн. доллар. Жан басына шаққанда табыс 14240 АҚШ доллары. Бұл дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ағаш өндіру мен өңдеу кәсіпорындары бар. А.ш. өнімдерін өсіруге мемлекет жерінің 5,5%-i ғана қолайлы. Күріш өсіріледі. Тамақ өнімдерінің 80%-і шет елден тасылады. Алтын-валюта қоры 35 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Сыртқы сауда серіктестері: Жапония, Сингапур, АҚШ, Тайланд, Малайзия.