ВЬЕТНАМ
ВЬЕТНАМ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Вьетнам Демократиялық Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен экономикасының негізгі салалары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Вьетнам Демократиялық Республикасы
Вьетнам Демократиялық Республикасы -Оңт.-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет.
Жерінің аум. 330 мың км2.
Халқы 83,1 млн. адам (2005).
Астанасы — Ханой қ.
Халқының 85-90%-і — вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары қытай(3%), кхмер, таи, т.б. халықтар.
Ресми тілі — вьетнам тілі.
Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады.
Мемлекет басшысы — президент.
Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс.
Жерінің 4/5 бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа темп-расы 150С, шілдедегі орташа темп-ра 260с. Жауыншашынның орташа мөлш. 1500 — 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол т.б. жануарлар кездеседі.
В. жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемл. құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін б. з. б. 2 ғ-да Қытай жаулап алды да, 10 ғ-ға дейін бодандықта ұстады. 11 ғ-дың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 — 13 ғ-ларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Kaмбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. В. халқы 1257 -1288 ж үш дүркін Шыңғыс хан имlпериясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 -1427 жылдар аралығында қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғ-дың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1804 жылдан бастап Зя Лонг Оңт. Вьетнамда күшті армияға арқа сүйеген монархия орнатты. Оған қарсы Франция 1858 — 62 ж. соғыс ашып, оңт-тегі 3 провинцияны өздеріне қаратты. 1884 жылдан бастап В. толықтай Францияның отарына айналды. Франция В-ға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. Мыңдаған тұрғындар Францияға қара жұмысқа алынды. 20 ғ-дың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1920 жылдан бастап Франциядағы вьетнамдықтар арасында әр түрлі саяси партияларға бірігу орын алды. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үнді қытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүз. соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солт-нде 1959 ж. 31 желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал. оңт-нде 1955 ж. 26 қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы соғысқа алып келді (қ. Вьетнам соғысы). 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экон. реформалар жүзеге аса бастады.
Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді (жылдық өсім 9%). Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңт. Корея.
Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның 160 елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар. 1995 ж. АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.