МАЛАЙЗИЯ
МАЛАЙЗИЯ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Малайзияның мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: МАЛАЙЗИЯ
МАЛАЙЗИЯ (Malaysia), Малайзия Ф е д е р а ц и я с ы (Federation оІ Маlaysia) — Оңт.-Шығ. Азиядағы мемлекет. Ол Оңт. Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Б а т. М а лайз и я (Малайя) — Малакка түбегінің оңтүстігінде;
Ш ы ғ. М а лай з и я (Саравак және Сабах) — Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солт. батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді.
Жері 332,8 мың км . (Бат. М.-131,8 мың км2, Саравак — 124,9 мың км2, Сабах — 76,1 мың км2).
Халқы — 24,9 млн-ға жуық (2005).
Астанасы — Куала-Лумпур қ-сы.
Әкімш. жағынан 13 штатқа (9-ын сұлтан, 4-ін король 4 жылға тағайындайтын губернаторлар басқарады) бөлінген.
Мемлекеттік құрылысы. Малайзия -конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1957 ж. қабылданған. Оған түзету 1963 ж. акт бойынша енгізілген. Мемлекет басшысы — Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек сұлтанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті шақырады және таратып жібере алады, заң жобаларын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жүзеге асырып отырады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штаттардың заң шығарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы билеуші тағайындайды. Сенаторлар өкілдігінің мерзімі 6 жыл. Өкілдер палатасының 144 депутаты 5 жылдық мерзімге сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Жоғары атқарушы органы премьер-министр басқаратын үкімет — министрлер кабинеті. Әрбір штатта өзінің конституциясы, өкімет және басқару органдары бар. Әрбір монархиялық штатты мұрагерлікпен тағайындалған немесе сайланып қойылатын билеуші (сұлтан, раджа), ал монархиялық емес штаттарды Жоғарғы билеуші 4 жылға тағайындайтын губернаторлар басқарады.
Сот жүйесі федералдық сот және екі жоғары сот, округтық соттар мен магистрат соттарынан құралады. Әрбір штатта мұсылмандық және әдет право соттары бар.
Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді.Калимантан аралын солт/шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзия жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегінің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі — Тахан тауы, 2190 м) алып жатыр. Оңт.бат. және солт.-шығ. жағалаулар, Малакканың оңтүстігі мен Калимантанның жағалаулары да — аллювиалдық ойпат. Малайзияның ең биік жері — Кинабану тауы (4101 м). Малакка мен Саравактың оңтүстігінде экваторлық, солтүстікке қарай субэкваторлық, муссондық климат. Ауаның айлық орташа температурасы жыл бойына азғана өзгереді (жазықтықтарда 250 С-тан 280 С-қа дейін). Жағалаулық өңірлеріне жылына 2000-2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабану массивінің беткейлерінде 5000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Раджанг, Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзендердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін латерит топырақты, ойпаттар аллювиал топырақты. Малайзия жерінің ¾-не жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңді ағаш (пальма, панданус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя зоогеогр. облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, маймылдар (орангутан, гиббон) крокодил, айдаҺар жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді.
Халқының этникалық құрамы күрделі. 54%-тен астамы малайя полинезиялық семья тілдерінде сөйлейтін халықтар, 37%-тейі қытайлар, 8,6%-і үндістер. Малайялықтар бүкіл ел бойынша, әсіресе солт/бат. және шығ. бөліктерінде тығыз қоныстанған. Қытайлар мен үндістердің көбісі бат. жағалауда, сонымен бірге ірі қалаларда тұрады. Мемл. тілі — малайя тілі, Meмлекеттік діні-исламның сунниттік бағыты, сонымен қатар индуизм, сикхизм, буддизм, христиандық және даосизм де таралған. Ресми календары григорьев календары. Табиғи өсім (жылына 3%-тей) және Үндістан, Индонезиядан т. б. елдерден иммиграция есебінен Малайзияның халқы тез өсуде. 1995 жылғы санақ бойынша, еңбекке жарамды халықтың 57,6%-ы ауыл шаруашылығында, 6,3%-ы өңдеу өнеркәсібінде істейді. Халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 75,5 адамнан асады. Ірі қалалары: Куала – Лумпур, Пинанг, Ипох, Джорджтаун, Петалинг-Джая, Малакка.