БАНГЛАДЕШ
БАНГЛАДЕШ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Банглдеш Халық республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Б а н г лад е ш Х а л ы қ Р е с п у б л и к а с ы
БАНГЛАДЕШ, Б а н г лад е ш Х а л ы қ Р е с п у б л и к а с ы — Азияның оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында, солт-нде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік шығысында Мьянма Одағымен шектеседі.
Жері 142,6 мың км2.
Халқы 139,2 млн. (2003-ж).
Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2-ге – 976 адамнан келеді.
Астанасы — Дакка қ. (3,3 млн.).
Мемл. тілі — бенгал тілі,
Ресми діні — ислам (85%).
Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі — бенгалдар (барлық халықтың 95%-і). Қалған 5%-ке жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар және т.б. үлесіне тиеді.
Елді президент басқарады.
Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс.
Табиғаты. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан. Климаты субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа темп-ра 30оС- тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 — 250С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.
Тарихы. Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемл. құрылымдар б.з.б. 1-мың жылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10-12 ғ-лар шамасындағы деректерге түсті. 13 ғ-дың басына дейін Бангладеш жерінде Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. Сен мемлекеті ыдырап, бірнеше ұсақ княздіктерге бөлінгеннен кейін, Дели сұлтандығы оны өзіне қосып алып, ислам дінін кең түрде таратты. 14 ғ-дың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады. Еуропа мемлекеттері Үндістанды отарлауға кіріскенде Бангладеш ыдырау жағдайында болды. Елдегі алауыздықты пайдаланған ағылшындар Бангладешті 1757 ж. 23 маусымда болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғ-да отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды 2-ге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкстан (халқының 98% бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығ. Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Пәкстанның ұлттық жиналысындағы 313 орынның 167 -сіне, ал провинциялық ассамблеядағы 310 орынның 288-іне ие болды. Пәкстан үкіметінің бұл партияға билікті бермеуіне байланысты туған талас-тартыстар елдегі жағдайды ушықтырып жіберді де, ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың 16 желтоқсанында Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. 26 наурыз Тәуелсіздік күні деп жарияланды. 1972 ж. қаңтарда Халықтық Лига партиясының басшысы Муджибур Рахман түрмеден босап, жаңадан құрылған үкіметті басқарды. Елдің қарулы күштеріндегі наразылық, жұмыссыздық, бағаның өсуі елдегі саясиэкон. тұрақсыздықты күшейтті. 1975 ж. қаңтарда президенттік басқару мен бір партиялық жүйенің енгізілуі шиеленісті бәсеңсіте алмады. 1975 ж. 15 тамызда бір топ офицерлер төңкеріс жасап, өкімет басына К.-М. Ахмад бастаған жаңа әкімш. келді. Бұл үкіметті қараша айында генерал Зиаур Рахман таратып жіберіп, 1977 ж. сәуірде өзін президент жариялады. Ол өзінің 19 тармақтан тұратын бағдарламасын ұсынып, бірнеше әлеум.-экон. шараларды жүзеге асырды. Тәуелсіздік алғаннан бері Бангладеште бірнеше мемл. төңкерістер болып, 13 президент ауысты. 1996 ж. қараша айында өткен сайлауда Шахабуддин Ахмед президент болып сайланды.
Экономикасы. Бангладеш — аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Ұлттық табыстың 37%-і а.ш-нан, тек 34%-і өнеркәсіптен түседі. Бангладеш — әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлш. 235 долл. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына 2 — 3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары — банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Транспорттың басты түрі — өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұз. 4,5 мың км. Темір жолдарының ұз. 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйымының, Оңт. Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экон. байланыстар жасайды. Қазақстанмен 1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан.
Бенгал халқының әдебиетіндегі ең көне туындылар 10-12 ғ-лар аралығыңда жазылған тұрмыс-салттық мазмұндағы гимндер жинағы »Чорджанод» және Моноши (жылан құдайы), Чонди (аңдар құдайы), т.б. туралы дастандар мен аңыз әңгімелер (монголкаббо). 16 ғ-дан бастап лирика жанры өркендеп, 17 ғ-да бенгал мұсылмандары арасынан шыққан сарай ақындары Доуолт Кази мен Сайед Адаоль үнді поэзиясының дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезде санскриттік поэтика өркендеп, эротикалық сезімге ден қойылды. 19 ғ-дан бастап филос. поэзия дамыды. Бенгал әдебиетінің көрнекті өкілі Рабиндранат Тагордың (1861-1941) шығармалары үнді халықтары әдебиетінің дамуына үлкен әсер етті. 20 ғ-да Абдул Фазл, Маник Богдапаздхай, Назруил Ислам, Джошим Уддин, т.б. ақын-жазушылар бенгал әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Даккадағы Бангладеш ұлттық мұражайында өнер мен сәулет экспонаттарының көптеген тамаша туындылары сақтаулы. Қалада 700-ден астам мешіт бар. 17 ғ-да салынған Ла-Бад форты сәулет өнеріндегі сирек кездесетін туынды. Екінші бір ірі қала Паралыгагидегі 16 ғ-да салынған мешіт пен 1660 ж. салынған Идракпур форты елдің сәулет өнеріндегі өзіне тән ерекшеліктерді айқындап тұрады.