ПӘКІСТАН
ПӘКІСТАН
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Пәкістан Ислам Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, ұлттық және діни құрамы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Пәкістан Ислам Республикасы
Ресми атауы – Пәкістан Ислам Республикасы.
Астанасы: Исламабад.
Жер көлемі: 83,9 мың км2.
Халқы: 154,8 млн. адам.(2005)
Ресми тілі: урду, ағылшын.
Діні: 97 % ислам, қалғаны 3 %
Мемлекеттік құрылымы: Федеративтік республика
Ақша бірлігі: пәкістандық рупи
Сауаттылық деңгейі: 38 %
Орташа өмір суру жасы: 58 жас
1 дәрігерге: 2940 адам
ХХ ғасырдың ортасына дейін бұл ел географиялық картада мүлдем болмады. Тіпті оның атауы — Пәкістан жаңа мемлекет провинцияларының басқы әріптерінен және шығыстың «ел» деген мағынасы бар «стан» сөзінен құрылған.
Әкімшілік жағынан 4 провинцияға, 1 федеральды-басқару аймағы, 1 федеральдық астаналық өңірге бөлінеді.
Ұлттық және діни құрамы: Пенджабдықтар — 55 %, сингхтер — 20%, пуштундар — 10%, белуджилер — 5% және т.б ұлттар тұрады.
Мемлекеттік тілі – урду және ағылшын тілдері. Халқының 97%-ы – мұсылмандар (сунниттер — 77%, шииттер — 20%), қалғандары христиан, индуизм дініндегілер т.б.
Ислам арманы. Пәкістан мемлекеті — бұл ислам арманының жүзеге асуы. Ол 1947 жылы Ұлыбритания колониясы — Британдық Үндістан территориясының мұсылмандар көп мекендейтін бөлігінде құрылды. Алғашында оның құрамына бұрынғы колонияның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аудандары, Шығыс және Батыс Пәкістан кірді. Бұл кездейсоқтық емес: дәл осы солтүстік-батыстан Үндістанға мұсылман жаугерлері келген еді. Бірақ Үндістандағы негізгі дін индуизм болғандықтан екі дін жақтары бір-бірімен жауласып жатты. Сондықтан Үндістанның мұсылмандары өздерінің саяси және діни құрылымды қоғамдары болуын армандады.
Әу бастан Пәкістан діни мемлекет болды немесе заң және дін мемлекет өмірінде жан-жақты басым және басқарушы болды. Бұл жағынан Пәкістан «ислам белдеуіндегі» басқа мемлекеттерге ұқсас болды. Мысалы: Иран және Сауд Арабиясы.
Пәкістанның батысы және оңтүстікбатысында Белужистан шөлді таулы қыраты, солтүстігінде Гималайдың биік таулы сілемдері орналасқан. Тек елдің шығысында ғана жасыл жолақ — Инд ұлы өзенінің аңғары бар. Бірақ оның сол жақ жағалаүымен ыстық Тар шөлі өтеді. Бұл жер бай өмір сүруге онша қолайлы емес, сондықтан да болар кейбір тайпалар (мысалы, оңтүстіктегі белужи тайпасы) көшпенді өмір сүреді. Халықтың басым бөлігі (пенджабтықтар, пуштундар, сингхтер, белужилер, т.б.) Инд аңғарында шоғырланған. Пәкістан Үндістаннан бөлінгеннен кейін мұсылмандардың көп бөлігі Үндістанда, ал индуистердің көбі Пәкістанда қалып қойды.
Содан кейін (1965 — 1971 жж.) көрші елдер арасында бірнеше рет соғыс болды. Соның салдарынан көп көшіп-қонулар болды. ХХ ғасырдың соңында олардың арасында діни конфликтілер әлі де болып тұрды, әсіресе үнді штаттары Джамму мен Кашмир (Пәкістан оларды Үндістанның бөлігі деп санамады) және Пенджабта. Осындай ұзақ жауласу Оңтүстік Азияда қарулану жарысына әкелді. Үндістан сияқты 1998 жылы Пәкістан да ядролық қаруға иеленді.
Үндістанмен шиеленісуіне ішкі қақтығыстар да қосылды. Жиырма жыл бойы Пәкістан Үндістанның үлкен территориясымен бөлінген — батыс (Пенджаб, Белужистан, Синд және т.б. кіретін және шығыс (Шығыс Бенгалия) екі бөліктен тұрды. Мұндай aра қашықтығы үлкен болуының елдің бірлігіне тигізетін пайдасы аз болып, 1971 жылы қысқа әрі қан төгісті азаматтық соғыстан кей Шығыс Бенгалия тәуелсіз Бангладеш мемлекетіне айналды. Ислам арманынан саяси шекараның қалыптасуына дейінгі жолдың тікенегі мол болды.
Пәкістанның қазіргі дамуын екі түсінікпен – «солтүстікке жылжу» және «діни державаға» айналу деп түсіндіруге болады. Ішкі территорияларды жақсы игеру үшін ел солтүстікке талпынды. Бірақ оның ірі қалалары оңтүстікте Үнді мұхитының жағалауында (Карачи) және шығыста, Инд аңғарында (Лахор) орналасқан. Жаңа астанасы — Исламабад (Ислам қаласы) елдің солтүстігінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдары батыс стандартымен арнаулы салынған еді. Қазір ол көрші ірі, таза «шығыс» қаласы Равалпиндимен ұласып жатыр. Сонымен қатар, елдің солтүстігіндегі тынымсыз пуштун тайпаларын орталықтан басқару оңай болды. Пәкістан өзі ойлағандай дәстүрлі ислам мемлекеті бола алмады. Саяси және экономикалық күшке ие болу үшін, оған батыстық тәсілдер — парламенттік демократия және нарықтық экономиканы енгізу қажет болды. Батыстық бағытта модернизациялау тегіс болмады. Өйткені елде қайта-қайта әскери төңкерістер болып жатты. Осындай топтардың басшыларының бірі — генерал Мұхаммен 3ия-Уль-Хан өзі құлатқан премьер-министр, өзінің әлеуметтік-саяси реформалары мен әйгілі 3улФакир Алихан Бхуттоны (1928 — 1979 жж) өлтірді.
Бірақ әкесінің ісін қызы Беназир Бхутто жалғастырды. Ол мұсылман мемлекеттері ішіндегі әйгілі саясаткер-әйел. Ол екі рет премьер-министр болды.
Пәкістан ХХ ғасырдың аяғында өзінің өңдеуші өнеркәсібін (негізгісі тоқыма) дамытты. Өйткені мақта елдің ауыл шаруашылық өнімінің негізін қалады. Осылайша саяси және экономикалық талпыныстарымен Пәкістан аймақтық державаға айналуды көздеді. Бұл мақсатты АҚШ-та (Үндістан мен Иранға қарсыластықтан пайда көру үшін) қолдады. Қытаймен сауда қарым-қатынаста болу үшін екі елді байланыстыратын Пәкістан биік таулы Қарақорым тас жолын (шоссе) салды. .
Бесөзен. Пәкістанның басты жер өңдеу аймағы Инд өзені маңындағы құнарлы Пенджаб жазығы. Инд — бұл тұщы судың негізгі көзі және электр энергиясын өндірудің негізгі көзі болып табылады. Инд өзенінің 5 саласы бар: Джелам, Рави, Чинаб, Биас және Сатлеж. Бұл осы аймақтың «Пенджаб» (бес су) деп аталуына себеп болды. Елдің басқа бөліктеріндегі шөлдер мен шөлейттер ірі ирригациялық құрылымдар арқылы құнарлы егістіктерге айналды.