АВСТРИЯ
АВСТРИЯ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Австрия Республикасының табиғат жағдайлары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Австрия Республикасы
АВСТРИЯ, Австрия Р е с п у б л и к а с ы — Орталық Еуропадағы мемлекет.
Жер аумағы 83,9 мың км2.
Халқы 8,17 млн. (2005).
Астанасы — Вена қ.
Әкімш.аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады.
Халқының 98%-і австриялықтар,
Дінге сенушілердің 84%-і католиктер.
Мемл. тілі — неміс тілі.
Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент.
Мемлекет басшысы — федералдық президент.
Табиғаты. А. — таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері — Биік Таузрн жотасындағы Грос- Глокнер шыңы (3997 М). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, теміp кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоныржай, шығысында континенттік болып келеді. Орташа тeмп-pa қаңтарда -1-40С, шілдеде 150-180С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өз. — Дунай. Жерiнің 38%-і орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген.
Экономикасы. Австрия экономикасы нapықтық қатынастар негізінде дамыған иңдустриялы-аграрлы мемлекет. Ел экон-сына ГФР компанияларының ықпалы күшті. Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВт сағ электр энергиясын өндіреді ([996 ж.). Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасаңды талшық, резина шығару), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.
А/ш-ңда мал ш-ның маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жылына 202,8 млрд. американ доллары болса, оны жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экон. аймағы бойынша алтыншы opындa. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардын өнімі сырттан әкелінеді. Ал дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А-ның үлесі 0,5%-тен сәл артық.
Тарихы. А. атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғ-дың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрцгepцoгтық.
18 ғ. Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17-18 ғ-ларда А. монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.
1867 ж. Австрия-Венгрия монархиясы құрылды. l-дүн. жүз. соғыста Австрия — Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада А. республикасы құрылды.
1938 ж. наурызда герман әскерлері А-ға басып кіріп, Германияға қосып алды (эншлюс). А-ның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тариxындaғы ең қаралы кезең болды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылдaнғaн декларация бойынша Германияның А-ны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері А шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат eтті. Бірақ А бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасыңда 4 оккупац. аймаққа бөлінген қалпыңда қала берді.
1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері А-ның тәуелсіздігін қалпынa келтіру туралы шартқа қол қойды. А-дан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айыңда елдің парламенті А-ның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсаңда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. А-ның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұpaқты бейтараптық мәртебесіне негізделген. 1996 жылдың қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломат. қатынастар орнатты.