АНДОРРА КНЯЗЬДІГІ мен ВАТИКА
АНДОРРА КНЯЗЬДІГІ мен ВАТИКАН
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеттерінің мемлекеттік құрылымы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен мәдениеті, саяси жағдайлары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті.
А н д о р р а к н я з д ы ғ ы (Андорра-ла Вьеха) — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағыңда орналасқан.
Жер көлемі 465 км2,
Халқы 66,9 мың адам (2005),
Олардың ішінде байырғы халқының (аңдорралықтар) саны 19 мың шамасыңда, қалғаңдары португалдықтар,испандықтap, француздар.
Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (А-ның желепжебеушісі).
1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламенттік княздық болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қ., Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — Андорра тәуелсіздiгінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген «институттар реформасы» бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар.
Андорра жөніңдегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеуде-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелiгі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін А. Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздық болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшің 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның Андорраның мемл. құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдirі, Француз Респ. және А княздығы арасыңда шарт жасалып, А-ның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. А 1993 ж. БҰҰ-на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 ж. шілдеде А Ядролық қаруды таратпау жөніңдегі шартқа ресми түрде қocылды. Халқының негізri табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — саудамен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді), экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал ш-мен айналысады. Teгiн және міндетті бастауыш білім беру жүйесі енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.
Ватикан
ВАТИКАН, Ватикан қ а ла — м е м л е к е т і — католик шіркеуінің орталығы. Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағыңда.
Жер көлемі 0,44 км2. Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртыңда В-ға қарайтын 3 собор бар (жалпы көлемі 0,7 км2).
Тұрғын халқы 1 мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. В. азаматтығын тек 700-дей адам ғана алған.
Ресми тілдері: латын және Италия тілдері.
В. абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы — Рим папасы (1978 ж. 16 қазаннан бері — Иоанн Павел 11). Оның қолыңда барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді (қ. Рим папасы). Папаның жанындағы кеңесші орган Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шірқеу істерін қарайды және өз аралары нан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың 1/3 бөлігі Рим куриінің (В. үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет В-ның діни, саяси, экон. істерінің барлығына басшылық жасайды. Рим куриінің құрамына мемл. секретариат, 9 конгрегация (діни мекемелер), З трибунал, 12 комиссия, Т.б. мекемелер кіреді. Мемл. хатшы (премьер-министр) қызметін 1990 жылдан бері архиепископ
А. Содана атқаруда. В. тарихы 756 Ж. Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 ж. Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді.
1929 ж. жасалған Латеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы В. мемлекетінің тәуелсіздігін мойыңдады. 1984 ж. екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіңдігі берілді. Қазір әлемде 800 млн-нан аса христиан-католик тұрады (1999). Олардың ішіңде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 млн. дін қызметкері, 0,4 млн. священник, 2 мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса В. діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Бұл ұйымдардың көбі В-ның мемл. хатшысы басқаратын халықар. католик ұйымдарына кіреді. В. басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, Т.б.) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығыңды олар өз есептерінен төлейді. В. дүние жүзіңдегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры — 13 млрд. долл.).
В. сәулет өнерінің тарихы 4 — 5 ғ-лардан бастау алады. Әлемдік сәулет өнерінің көрнекті үлгісі — әйгілі Әулие Петр соборы орналасқан алаң (сәулетші Л. Бернини, 1657 — 6З) В-ға кіретін салтанатты қақпа қызметін атқарады. Собордан солт-ке қарай ауқымды сарай ансамблі (55 мың м2) басталады (15 — 16 ғ-лар). Онда Николай V Сикстин, Паопин капеллалары, Бельведера, Сан-Дамозо сарайлары (150З — 45 ж.), сарайларға көтерілетін Король басқышы (166З- 66) бар. Сарайларда Ватикан кітапханасы, ежелгі дәуір мүсін өнерінің музейлері, т.б. мұражайлар шоғыры, ал В. бау-бақшаларында Пий ІУ казиносы, Ватикан пинакотекасы (17 ғ-ға дейінгі италиялық кескіндеу өнерінің мұралары сақталған), Т.б. тарихи-мәдени ғимараттар орналасқан. Соңдай-ақ, Римдегі Сан-Джовани ин Латерано, Санта-Мария Маджоре және Сан Паоло фуори ле Мура (бәрі де ІҮ ғ салынған). Латеран(16ғ) сарайлары, Кастель-Гандольфодағы папаның жаздық резиденциясы т.б ғимараттар Ватиканның меншігі болып табылады.