БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Бельгия Корольдігінің мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Б ел ь г и я К о р о л ь д і г і
БЕЛЬГИЯ (Belgium), Б ел ь г и я К о р о л ь д і г і — Бат. Еуропадағы мемлекет. Жері — 30,5 мың қм2.
Халқы — 10,4 млн. (2005-ж).
Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2 – 340 адамнан келеді.
Астанасы — Брюссель (1 млн.)
Ірі қалалары:Антверпен,Гент, Льеж.
Әкімш. жағынан 10 провинцияға бөлінеді.
Ресми тілдері — француз, нидерланд (фламанд) және неміс тілдері.
Халқының 70%-і христиан-католиктер. Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы — бельгия франкі.
Ұлттық мейрамы 21 шілде (Леопольд І-нің парламентте Конституцияға адал болуға ант берген күні) мен 15 қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні).
Мемлекеттік құрылысы. Бельгия — конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемл. басшысы — король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент — өкілдер палатасынан (150 депутат) және сенаттан (71 мүше) тұрады. Атқарушы билікті парламент алдында есеп беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады.
Табиғаты. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденна тауы Б-ның оңт.-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері — Ботранж шоқысы (649 М). Қаңтардағы орташа темп-ра 30С, шілдеде 18 — 190С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 — 900 мм, Арденна тауыңда 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Теңіз жағалауы мен өзен сағалары құнарлы аллювийлі шөгінді топырақты келеді, ал қалғаны күлгін топырақты және ормаңды жерлері құба топырақты. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді.
Тарихы. Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Олардан қалған тарихи қоныстар ашель мәдениетіне жатады. Б.з.б. 57 ж. Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңт.батыс бөлігіңде Бельгика провинциясын құрады, ал 3-4 ғ-ларда бұл жерге герман тайпалары — франктер, ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады. Б. жері 5 — 9 ғ-ларда Франк мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бытыраңқылыққа ұшырап, бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан 12 — 13 ғ-ларда Еуропаның «шеберханасына » және халықар. сауданың маңызды торабына айналды. 16 ғ-да қазіргі Б. аумағындағы Нидерланд, Люксембург жері және Солт. Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 ж. Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған соғыстың (1701-14) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 ж. Б. Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814-15) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерланд корольдігіне бірікті. Осы кездерде Б-да өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банкілер көптеп ашылды.
1830 ж. 25 тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, 10 қарашада ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады. 1831 ж. Б. мәңгі-бақи бейтарап мемлекет және конституциялық монархия болып жарияланды. 19 ғ-дың екінші жартысында Б. өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. l-дүниежүз. соғыс (1914 — 18) кезінде Германия Б-ға басып кірген соң (1914, 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. 10 мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Соғыстан кейін 1947 — 49 ж. Спаак үкіметі Б-ны Маршалл жоспарына қосқаннан кейін, ел экономикасына шетел капиталы (негізінен АҚШ) тартылды. 1970 ж. басталған конституциялық реформа 1989 ж. 1 қаңтарда елді ресми түрде федеративтік мемлекет болып құрылуға алып келді.
Бельгия — БҰҰ-на, Солт. Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропа Одағына, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықар. ұйымдарға мүше 1992 ж. қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Б. Батыс Еуропа елдерінің мемлекетаралық саяси, әскери және экон. одақтарының орталығы болып табылады. Ел астанасы Брюссельде Солт. Атлантика Одағының (НАТО), Еуропа Одағының, Бенилюкс елдері одағының штаб-пәтерлері орналасқан.
Экономикасы. Бельгия — әлемдегі өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің бірі. Ең төм. айлық жалақы — 40 мыңдай бельгия франкі (1100 АҚШ долл.) болса, жұмыс істемейтіңдерге 20 — 27 мыңдай (700 — 850) жәрдемақы төленеді. Қара металлургия — Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жасау, құрылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиҺаз, қағаз), т.б. дамыған. А. ш. жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ін береді. Әлемдік саудадағы үлесі 2,7%. Экспортқа автомоб. бөлшектерін, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді.
Негізгі сауда серіктестері: Еуропа Одағына мүше мемлекеттер, АҚШ.
Бельгия кәсіпкерлері Қазақстанда да біріккен кәсіпорындар құрып ел экономикасының әр түрлі салаларында қызмет атқаруда.