ИСЛАНДИЯ

ИСЛАНДИЯ

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Исландияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылымы, халқы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:           И с л а н д и я  Р е с п у б л и к а с ы

ИСЛАНДИЯ (Jsland), И с л а н д и я  Р е с п у б л и к а с ы — Aтлант мұхиты­ның солт. бөлігіндегі Исланд аралын алып жатқан мемлекет. Солтүстігін  Гренланд теңізі, шығысын — Норвег  теңізі, батысын — Дат бұғазы шайып  жатыр.

Жер аумағы — 103 мың км2.

Халқы — 292 мың адам.(2005 ж)

Халықтың орналасу тығыздығы  — 1км2 – 2,8 адамнан келеді.

Астанасы- Рейкья­вик қ-сы.

Ұлттық валютасы – Исланд кронасы

   Әкімш. жағынан округтарға  (Сислаларға) бөлінеді (құрамына 124 ауылдық өңірлер мен қалалар енетін 23 округке).

Мемлекеттік құрылысы. Исландия —  республика. Қазіргі конституциясы — 1944 ж. 17 маусымда күшіне енген.  Мемл. басшысы — президент, оны ха­лық 4 жылға сайлайды. Заң шығару  билігі президентке және екі палата­лы парламентке — альтингке беріл­ген. Альтинг депутаттары (60 адам)  пропорционалды өкілдік жүйесі бо­йынша жалпыға бірдей, тең және тө­те сайлау негізінде сайланады.

21  жасқа толған барлық азаматтарға  сайлау правосы беріледі. Жергілікті  басқару органдары — қалалардағы  сайланып қойылатын муниципалитеттер. Oкpyгтapды орталық үкімет та­ғайындаған чиновниктер басқарады.  Сот жүйесі төменгі соттар, қалалық  және апелляцпялық, Жоғарғы соттардан құралады.

Табиғаты. Исланд аралы — су астындағы Солтүстік Атлант жотасының жалғасы. Ол вулкандық процес­тердің салдарынан пайда болған. Же­рінің көбі қырат (биік. 400-800 м). кей жерлерінде биікт. 1000-1500 м-ге жететін тау массивтері кездеседі.  Ең биік тауы — Хваннадальсхнукур Byлканы (2119 м).

200-ге тарта вулкан  бар, олардың  30-ы әлі сөнбеген. Пайдалы қазындылары: исланд шпаты, күкірт.

Климатына (субарктикалық, теңіздік) Гольфстрим ағысы күшті  әсер етеді. Қаңтардың  орташа температурасы  00 С — 20 С, шілдеде 10-110 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері – 500-ден — 4000 мм-ге дейін. Жерінің 11,4%-ін

мұз басып жатыр. Басты өзені — Тьоурсау (237 км). Өзендері кеме жүзуге  жарамсыз, бірақ гидродроэнергияға (2,5 млн. квт) бай. Ең ірі көлі — Тингвадлаватн (83 км2). Аралдың жиек жағының топырағы — вулкан әрекеті әсер eткен шымтезек аралас топырақ, қалған жерлері арктикалық, батпақ топырақты келеді. Өсімдікке өте кедей; негізінен мүк және қына тектес өсімдіктер өседі. Ақ түлкі, солтүстік бұғысы, қара күзен, ақ аю (солтүстік жағалауында), итбалық, морж кездеседі. Іргелес теңіздері балыққа бай. Исландияда Тингведлир ұлттық бағы және басқа 5 табиғи қорық бар.

   Халықтың ұлттық және діни құрамы. Ұлттық құрамы негізінен біртекті, яғни халықтың 90%-дан астамын исланд тілінде сөйлейтін скандинавтардың ұрпақтары болып табылатын исланддықтар құрайды. Сонымен қатар елде даттықтар мен норвегтер т.б ұлттар тұрады.

Мемлекеттік тілі – исланд тілі, сонымен қатар ағылшын тілі де кең тараған. Мемлекеттік діні – лютерандық (96%), католиктер мен христианның басқа тармақтары 3%-ды құрайды.

Экономикасы. Исландия экономикасы орташа дамыған елдер қатарына жатады. Өнеркәсіптің басты саласы – балық аулау және оны өңдеу. Балық өнімдерін экспортқа шығаруда дүние жүзінде басты орындардың бірін алады. Балық өңдеудің ірі орталықтары – Рейкьявик, Сиглуфьордур, Акурейри, Вестманнаэйяр. Табиғи ыстық суды пайдалану кең дамыған: ол астанадағы үйлерді жылытуға, теплица шаруашылығында т.б. пайдаланылады. Химия, алюминий, цемент, кеме жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шағын кәсіпорындары бар.

Ауыл шаруашылығының басты саласы – етті-жүнді (қой), және сүтті мал (сиыр) өсіру. Егістік жерлерінде жемшөп пен картоп егіледі, жылыжайларда (теплица) помидор, қияр өсіріледі.

Экспорты: балық және мал шаруашылығы өнімдері т.б.

Импорты: мұнай, машина, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері т.б.

Негізгі сауда серіктестері – Германия, Франция, Дания, Швеция, АҚШ, Норвегия.