ШВЕЙЦАРИЯ
ШВЕЙЦАРИЯ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Швейцария Конфедерациясы
Швейцария Конфедерациясы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі.
Жер аумағы — 41,3 мың км2.
Халқы — 7,24 млн. (2005).
Халықтың орналасу тығыздығы — 1км2-ге – 175,3 адамнан келеді.
Астанасы — Берн қ.
Мемлекеттік тілі – неміс, француз, итальян
Мемлекеттік құрылысы. Швейцария — федерациялық республика. Әкімш. жағынан 23 кантонға және 3 жартылай кантонға бөлінеді.
Қазіргі конституциясы 1874 ж. қабылданған. Одақтық өкімет билігіне соғыс пен бітім, сыртқы сауда, армия құру т. б. күрделі мәселелер жатады. Мемл. басы президентті Ұлттық советтің мүшелері 1 жылға сайлайды. Өкіметтің жоғ. заң шығаратын органы — екі палаталы парламент — Одақтық жиналыс, Ұлттық совет пен кантондар Советінен құрылады. Өкіметтің жоғ. атқару билігі үкіметке — Одақтық советке (7 мүше) жүктелген. Бұл совет мүшелерінің әрқайсысы бір департаментті (мин-ті) басқарады. Республика президенті мен вице-президентінің қызметін Одақтық советтің мүшелері кевенпелi атқарады. Барлық кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің заң шығару функциясы — үлкен советке (парламент), атқару міндеттері — кантондық советтерге (үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-өзі басқаратын органдар — азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантондарында) және қауымдық советтері (франц. контондарында) сайланады. Сот жүйесі федерациялық және кантондық деп бөлінеді..
Табиғаты. Швейцария — таулы ел. Территориясының 60%-ін Швейцария Альпісі, 1/3-не жуығын Швейцария таулы үстірті, 1/10-ін биіктігі орташа Юра тауы алып жатыр. Ең биік жері — Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м. Маңызды асулары Сен-Готард (2112 М), Симплон (2009м), Үлкен Сен-Бернар (2472 ж), Фурка (2436 М). Пайдалы қазындылары — тас тұзы, графит, қоңыр көмір.
Климаты негізінен қоңыржай жылы, ылғалды, тауларында қоңыржай салқын. Швейцария таулы үстіртінде қаңтардың орташа темп-расы -1,50 С, шілдеде 17,30 С. Жылдық жауын-шaшыны 800-1000 мм, Альпі тау аралық аңғарларында жерортатеңіздік климат белгілері басым; мұнда қаңтардың орташа темп-расы –
70 С, шілдеде 120 С. Жылдық жауын-шашыны 2000 мм. Өзендерінің суы мол, энергия қорына бай. Ірі өзендері — Рейн, Рона, Инн, Тичино, По. Көлдері көп, ірілері — Женева (582 км2) , Боден (538 км2) , Невшатель, Цюрих, Фирвальдштет. Жері қоңыр ормандық, күлгін және таулық шалғынды топырақты келеді. Швейцария таулы үстіртінде және оның беткейлерінің 800-900 м биіктікке дейінгі бөлігінде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген. Территориясының 25%-ы орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен, шамшат) және кейбір беткейлерде қылқан жапырақты (1800 м биіктік шамасында) орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биіктігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі, қоян, сусар, бұғы, альпі суыры және құстың көптеген түрлерінен құралады; өзен-көлдері балыққа бай.
Экономикасы. Швейцария жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Швейцария өнеркәсібінде жоғарытехнологиялық өнімдер шығаруға маманданған. Өнеркәсіптің негізгі салалары микроэлектроника, биотехнология, электротехника және фармацевтикалық өнеркәсіп салалры. Банк ісі мен сақтандыру секторлары экономикадағы негізгі рөлдердің бірін атқарады. Машина жасау, фармацевтика және химия өнеркәсіптері дамыған.Мұнай өңдейтін заводтар мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары жұмыс істейді. Мал шаруашылығы, көкеніс және жүзім шаруашылықтары дамыған. Туризм ісі де жақсы жолға қойылған.
Импорты: тұрмыстық және электрондық құралдар, тамақ өнімдері, болат және шойын, мұнай өнімдері т.б.
Экспорты: машиналар, сағаттар, текстиль, дәрі-дәрмек, электр құралдары, органикалық химия өнімдері т.б.
Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, АҚШ.