НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Норвегия Корольдігінің экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Н о р в е г и я К о р о л ь д і г і
НОРВЕГИЯ (Norge), Н о р в е г и я К о р о л ь д і г і (Kongeriket Norge)Солт. Европадағы мемлекет. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі — Баренц теңізі, батысы — Норвегия, Солтүстік теңіздер, оңтүстігін Скагеррак бұғазы алып жатыр. Құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндия және Россиямен шектеседі.
Жер аумағы — 385,2 мың км2.
Халқы 4,6 млн адам (2005).
Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2 – 11,9 адамнан келеді.
Астанасы — Осло қ.
Әкімш. жағынан 19 фюлькеге ( губерния) бөлінеді (құрамына 435 коммуна кіретін). Солтүстік Мұзды мұхиттағы Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солт. бөлігіндегі Ян-Майен, оңт. бөлігіндегі Буве аралдары Норвегияға қарайды.
Мемлекеттік құрылысы. Норвегия — копституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1814 ж. 17 мамырда қабылданған (1905 және 1946 ж. едәуір өзгертілген, толықтырылған). Мемл. басшысы — король. Формальды түрде корольдің билігі зор: премьер-министр мен министрлерді т. б. қызмет адамдарын тағайындап босатуға, соғыс жариялауға бітім жасауға ерікті, қарулы күштеріне қолбасшы және мемл. шіркеу басы да сол. Заң шығарушы органы — парламент — стортинг (155 депутаты 4 жылға сайланады.). 20-ға толған азаматтар сайлауға құқылы. Атқарушы үкімет билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Король мен барлық министрлер ерекше орган — Мемл. кеңес құрады. Ол айрықша заң жобалары мен ел басқару мәселесін қарайды. Король тағайындайтын фюлькесман, оның жанындағы фюлькестинг қала, село коммуналық кеңестерінің өкілдерінен тұрады. Коммуналарды жергілікті өкілдер басқарады. Норвегияның сот жүйесі: 1-2 инстанция сотын және Жоғ. сотты король тағайындайды.
Табиғаты. Норвегия — таулы ел. Территориясының 2/3бөлігі теңіз деңгейінен 500 м биік жатыр. Бат. жағалауы фьордтармен тілімделген. Жағасы негізінен тік биік жартасты (Согне-фьорд, Хардангер-фьорд) келеді, Жайпақ жағалауының кей жерлерінде Тронхеймс-фьорд және Осло-фьорд сияқты қойнаулар, көптеген ірі (Лофотен, Вестерелон, Сенья, Магерё, Сёрё) және шағын аралдар, шхерлер бар. Ел территориясының басым бөлігіне Скандинавия таулары (ең биік жері Гальхёпигген (2469 м) жайласқан; жергілікті жерде фьельд аталатын бұның оңт. жағы Ютунхеймен, Доврефьелль, ІОстедальсбре, Телемарк литол. таулы үстірттерден құралады. Норвегияның таулы өңірлерінде рельефтің пенеплен, нyнaтак, қоймаңдай тас сияқты формалары көп кездеседі.
Климаты — негізінен қоңыржай; қиыр солтүстігінде субарктикалық, теңіз жағалауында мұхиттық климат. Ауа райына жылы Солт. Атлант ағысы көп әсер етеді. Қаңтар айындағы ауа темп-расы теңіз жағалауында -2-40 С, Скандинавия тауларында -90 С, оңт. жағында -10-120 С; шілдеде 10-150 С, кейде тіпті солтүстігінің өзінде ауа температурасы +250 С-қа дейін көтеріледі.. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау жоталарының бат. беткейлерінде 2000-3000 мм, шығ. беткейлерінде 300-800 мм. Таулық мұздықтар ауд. 5000 км2.
Норвегия территориясында жер беті ағын суларының торы өте жиі. Таулы аймақтармен ағатын өзендерінің суы мол, аңғарлары өте енсіз, арналары шоңғалды келеді; су құламалары кездеседі. Өзендері қар-жаңбыр суларымен қоректенеді, көктемде және жазда тасиды; энергия қорына бай. Ірі өзендері — Гломма, Логен (Гудбрансдаль), Логен (Нумедаль) . Көлдерінің жалпы ауданы территориясының 4%-н; негізінен мұздықтар және тектоник. қозғалыстар әсерінен пайда болған. Ең ірі көлі — Мьёса.
Н-да тундралық күлгін топырақ басым тараған; оңтүстігі ғана таулы шөгінді топырақты. Шыршалы, қарағайлы, орманды алқаптар жиі кездеседі. Түлкі, сілеусін, құну, сусар, бұлан, ақкіс, солтүстік бұғысы, қоян, тиін т. б. мекендейді. Теңіздері балыққа бай. Жануарлар мен өсімдік дүниесін сақтау үшін Бёргефьелль, Роннане, Нордкап-Хорнвика, Нордмарка, Фокстумюра, Юнкердальсура ұлттық парктері мен қорықтар құрылған. Табиғи жағдайына қарай Н. территориясы – Финмаркен таулы Үстірті (жері таулы тундралы және орманды тундралы, климаты өте қатал), Хьелен таулы аймағы мен Лофотен-Вестеролен аралдары (рельефінде алпілік формалар басым, қылқан және ұсақ жапырақты орманды келеді), Батыс Жағалау (ірі фьордтармен тілімделген, мұхиттың климаты), Биік Фьельдтер өңірі (таулы тундралы және тундралы шалғынды өсімдік өседі, көп жылғы қар жамылғысы және мұздықтар шоғырланған), Скандинавия тауларының шығыс беткейлері (ірі өзен аңғарларымен тілімделген, тайгалық орман жамылған) аудандарға бөлінеді.
Халқы. Н.- бір ұлтты ел; халқының 98%-і норвегтер. Олардан басқа саам (20 мың), квен (норвегия финдері) , оңт. аймақтарында шведтер (20 мың), даттap (18 мың), немістер (10 мың) тұрады.
Ресми тілі — норвег тілі. Діні жөнінен Н. тұрғындарының 87,8%-ы протестантизмнің лютерандық тобына жатады. Ресми календары григориандық. Ірі қалалары Осло, Берген, Тронхейм, Ставангер, Кристиансанн, Драммeн.
Экономикасы. Норвегия өнеркәсібі дамыған ел. Норвегияда суэнергетикасы, орман, балық, минералдық ресурстар, мұнай т.б. табиғи байлықтар мол. Экономикасында теңіздегі кеме қатынасы мен балық аулаудың маңызы зор. Машина жасау, металл өңдеу және экспортқа байланысты электротехника, кеме жасау салалары дамыған. Норвегияда темір рудасы, титан, пирит, мыс, мырыш, тас көмір, мұнай және газ өндіріледі. Энергетикасы СЭС-терге және импорттық мұнайға негізделген. Жалпы электр энергиясын өндірудің 99%-ы СЭС-тердің үлесіне тиеді. Ірі СЭС-тері: Токке, Рана, Винье, Тонстад, Эура, Недре-Рессога, Нес, Сульдаль, Нуре, Фортун, Люсе, Матре.
Ауыл шаруашылығында негізгі сала — мал шаруашылығы. Таулы рельеф басым болғандықтан жері ауыл шаруашылығына аз игерілген.
Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, машина жасау және балық өңдеу өнеркәсіптері өнімі, электорметаллургия, электрохимия, целлюлоза-қағаз т.б.
Импорты: кеме, машина және өнеркәсіп жабдықтары, автомобиль, қара металдар, мата, азық-түлік т.б.
Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Швеция, Франция, АҚШ.