АЛБАНИЯ
АЛБАНИЯ
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Албанияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, тарихы, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Албания
АЛБАНИЯ Балкан түбегінің оңт.-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағaлауында орналасқан мемлекет.
Мемлекет басшысы — президент.
Жер аумағы — 28,7 мың км2
Халқы — 3,1 млн. адам (2005-ж)
Астанасы — Тирана қ.
Әкімш.- аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді.
Албанияның негізгі халкы — албандap (96%-ға жуық).
Халықтың — 75%-ы мұсылмандар.
Ірі қалалары: Тирана, Дурри, Шкодep, Влера, Корча, Эльбасан.
Табиғаты. Елдің Адрия теңізі жағалayы ойпатты (ені 40 — 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен топырағына қарай төменгі белдеу (1700 — 2000 м-ге дейін), таудағы орманды белдеу (2000 м-ден астам). биік альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Жазық жерлерде жазда ауа райы құpғaқ және ыстық; шілденің орташа температурасы 24 — 250С, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының орташа темп-расы 8 — 90С-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық, әрі ылғалды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкумбини, Семани, Вьоса; басты көлдері: Шкодер, Охрид, Препа. Негізгі кен байлықтары — хромит, мыс, никель рудалары; тау етектерінде мұнай, битум шығатын жерлер бар.
Тарихы. Албания жеріндегі ежелгі халық — пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген. Б.з.б. 2 мыңжылдықтaн бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғ. өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия кұрамына кірді (4-5 ғ.). Кейін Византия қарамағында калған Даррахи қ-нан басқа жері Болғар мемл-не қосылды. 11 — 14 ғ-да да Албания территориясы түрлі өзгерістерге ұшырады. 14 ғ-дың ақырында түріктер Албанияны өздеріне бағындырғаннан кейiнгi мерзімде елде ислам діні тарала бастады. Албания 20 ғ-дың бас кезіне дейін Осман империясының кұрамында болды. 1-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздiri жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемл-терге тәуелді күйінде қала берді. 1-дүн. жүз. соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскерлері басып кірді. Кең көлемдегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 — 31 қаңтарда Албанияның тәуелсіздігі калпына келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия Албанияны басып алды. Елде қайтадан ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Неміс басқыншылары жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демокр. үкімет құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда Албания халық респ. болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. 1946- 91 ж. Албанияда бір партиялы (Албан еңбек партиясы, 1985 жылға дейін Э. Ходжа басқарған) режим өмір сүрді. Соғыстан кейінгі жылдары жер реформасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер, көлік және байланыс құралдары национализацияланып, ел экономикасы шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесіне көшірілді.
1944 — 48 ж. Албания Югославиямен, кейін КСРО және Шығ. Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. 1949 ж. Экон. өзара көмек кеңесіне мүше болып қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылданды. 60-жылдардың бас кезінен Албания КСРО-мен қарым-қатынастарын үзді,
1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл мемл. Албания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле бастаған түбірлі өзгерістер тоталитарлық жүйенің жойылуына әкелді. Елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мемл.-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір айында Албания респ-сы болып жарияланды. 1992 ж. наурыз айында өткізілген кезектен тыс парламент сайлауында ел басқару тізгіні Демокр. партияға ауысты. 1996 ж. мамыр — маусым айларында өткен парламент сайлауында да Демокр. партия Халық жиналысында 87% орынға ие болды. Сыртқы саясатының басым бағыттары АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен ынтымақтастық қатынастар орнату деп жарияланды.
Экономикасы. Албания – аграрлы-индустриялы ел. Ұлттық табыстың
14%-і өнеркәсіптің, 55%-і ауыл шаруашылығы үлесіне тиеді (1990). Пайдалы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және темір-никель кендері. Ауыл ш-ның негізгі саласы — eгiн ш. (барлық егістік жерінің 60%-інде дәнді дақылдар өсіріледі). Экспорт сыртқы сауда айналымының үштен бірін құрайды. Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетгі шикізат, тағам әкелінеді. Әкімш.әміршілдік жүйені нарықтық қатынастар механизмімен ауыстыруға бағытталған экон. реформалар шаруашылық және қаржы-қаражат жүйесінің дағдарысы, тұрмыс нарқының қымбаттауы жағдайында жүзеге асырылуда. Жан басына шаққанда ұлттық табыс жылына 300 — 400 долларға дейін төмендеді (1996).