БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Босния және Герцеговинаның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА — Балкан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет.
Жерінің аумағы 51,3 мың км2.
Халқы 3,9 млн адам (2005-ж)
Халқының орналасу тығыздығы 1км2-ге 76,3 адамнан келеді.
Халқының 31,4%-і сербтер, 17,3%-і — хорваттар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері.
Астанасы — Сараево қ.
Ресми тілдері: босния, серб, хорват тілдері.
Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар (40%-ы), бұған қоса православие (31%) және католик (15%) дініндегілер де тұрады.
Париж бейбіт келісімі бойынша Босния мен Герцеговинаны 3 адамнан тұратын Президиум басқарады. Заң шығарушы орган — Парламент ассамблеясы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.
Табиғаты. Босния мен Герцеговинаның жер бедері таулы. Климаты жерортатеңіздік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы
-1 — 30С, шілдеде 200С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400-600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарыңда емен, шырша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.
Тарихы. Қазіргі Босния мен Герцеговина жерін 6 — 7 ғ-ларда славяндар қоныстана бастады. Олар 7 — 14 ғ-ларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғ-дан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия — Венгрияның қол астына өтті. l-дүниежүз. соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, «тәуелсіз Хорват үкіметінің» басқаруына берді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін Югославияның құрамына oдaқтac 6 республиканың бірі ретінде кірді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговина республикасында 1-рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика түрғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғындары көнбей, екі жақ ортасында қарулы қақтығыстар басталып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созылды. АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы елдерінің араласуымен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговина Югославия, Хорватия өзара бейбіт келісімге қол қойды.
Экономикасы. Елде металлургия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы дамыған. Босния мен Герцеговинаның экономикасына елдегі азаматтық соғыс (1992-1995 ж. қарашасына дейін) үлкен зардап әкелді. Ел экономикасының қалпына келуіне көптеген мемлекеттердің көмек қолын созуы мол ықпалын тигізді. Ел экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығында негізгі дақылдар – темекі, қант қызылшасы, жүгері және бидай.Сербиямен шекаралас ауданда жеміс-жидек, әсіресе өрік көптеп өсіріледі. Таулы аудандарда қой шаруашылығы дамыған.
Экспорты: текстиль, темекі және ауыл шаруашылығы өнімдері т.б
Импорты: азық-түлік тағамдары, машина жасау өнімдері т.б
Негізгі сауда серіктестері: Хорватия, Германия, Италия, Словения.