Тест жұмысының сұрақтары:
Тест жұмысының сұрақтары:
- Маңызды теңіз жолдарының қиылысында … елдері жатыр.
А) Орта Азия В) Шығыс Азия С) Оңтүстік Шығыс Азия Д) Орталық Азия Е) Солтүстік Азия
- Бәдәуилер өзінің түйе, ешкі, табындарымен жайылымнан-жайылымға … көшіп жүреді.
А) Орталық Азияда В) Оңтүстік Батыс Азияда С) Шығыс Азияда
Д) Оңтүстік Шығыс Азия Е) Қазақстанда
- Конституциялық монархиялар болып табылатын Азия елдері:
А) Вьетнам, Лаос, Мьянма. В) Ирак, Түркия, Ауғанстан.
С) Пәкістан, Иран, Моңғолия. Д) Малайзия, Бутан, Иордания.
Е) Филиппин, Бангладеш, Сирия.
- Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда негізгі болып табылатын дәнді дақыл:
А) бидай В) жүгері С) күріш Д) тары Е) арпа
- Оңтүстік-Батыс Азия халқының басым бөлігі ұстанатын дін:
А) буддизм В) христиандық С) индуизм Д) ислам Е) синтоизм
- Оңтүстік-Батыс Азия елдеріне … жатады.
А) Әзербайжан, Кипр. В) Вьетнам, Пәкістан. С) Грузия, Ливан.
Д) Непал, Армения. Е) Сирия, Ирак.
- Иран Ислам Республикасының астанасы:
А) Багдад В) Дамаск С) Тегеран Д) Кабул Е) Манила
- Моңғолияның ақша бірлігі:
А) динар В) рупи С) лира Д) тугрик Е) йена
- Азияның оңтүстігінде, Шығ. Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе «айдаһар елі» деп те аталынады.
А) Бруней В) Бутан С) Малайзия Д) Лаос Е) Камбоджа
- Абсолюттік монархия байқалатын Азия елі:
А) Малайзия В) Сауд Арабиясы С) Жапония Д) Сирия Е) Ирак
- Швейцарияда басым болып табылатын үш тіл:
А) ағылшын, француз, неміс. В) неміс, француз, итальян.
С) француз, испан, британ. Д) орыс, ағылшын, неміс.
Е) Швейцарияның мемлекеттік тілі – бір ғана швейцар тілі.
- Электр энергиясының 99%-н СЭС беретін ел:
А) Дания В) Финляндия С) Исландия Д) Бельгия Е) Норвегия
- Ватикан мемлекеті орналасқан:
А) Францияда В) Италияда С) Данияда Д) Бельгияда
Е) Польшада
- Термальдық суларды жылытуға және жағуға кеңінен пайдаланатын мемлекет:
А) Исландия В) Ирландия С) Португалия Д) Болгария Е) Венгрия
- Солтүстік Еуропа елдерінен артығын көрсет.
А) Норвегия В) Швеция С) Финляндия Д) Австрия Е) Исландия
- Швецияның әкімшілік бөлінісі:
А) штаттар В) лен (округ) С) провинциялар Д) кантондар Е) облыстар
- София … астанасы.
А) Венгрияның В) Румынияның С) Болгарияның
Д) Польшаның Е) Македонияның
- Ағаш сүрегін және оның өнімдерін шығаруда жетекші елдер:
А) Болгария, Польша В) Италия, Дания С) Андорра, Австрия
Д) Швейцария, Бельгия Е) Финляндия, Швеция
- Әйгілі Әулие Петр соборы қай елде орналасқан.
А) Андорра В) Ватикан С) Люксембург Д) Монако Е) Сан-Марино
- Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде 1- ші орын алатын Еуропа елі:
А) Венгрия В) Босния және Герцеговина С) Румыния
Д) Болгария Е) Македония
- Федеративті мемлекеттерден артығын көрсет.
А) Малайзия В) Пәкістан С) Біріккен Араб Әмірлігі
Д) Үндістан Е) Ирак
- Камбоджаның мемлекеттік тілі:
А) урду В) кхмер С) араб Д) тагал Е) парсы
- Бангладештегі халықтың орналасу тығыздығы:
А) 1 км2-ге – 235 адам В) 367 адам С) 493 адам Д) 658 адам Е) 976 адам
- Территориясында 200-ден аса вулкан орналасқан ел:
А) Дания В) Норвегия С) Исландия Д) Финляндия Е) Швеция
- Филиппин архипелагында қанша арал бар?
А) 1000-ға жуық В) 3645 арал С) 5854 арал Д) 7 мыңнан аса
Е) 10 мыңдай
- «Аяз атаның мекені» аталған жер:
А) Исландия В) Дания С) Лапландия Д) Ирландия Е) Бельгия
- Мекке мен Медине қалалары орналасқан ел:
А) Сирия В) Сауд Арабиясы С) Біріккен Араб Әмірлігі Д) Бахрейн Е) Бруней
- Дүние жүзіне өзінің банктерімен танымал мемлекет.
А) Румыния В) Малайзия С) Сирия Д) Ливан Е) Швейцария
- Сауд Арабиясының мемлекет басшысы:
А) король В) әмір С) президент Д) шейх Е) сұлтан
- Аталған елдердің ішіндегі жер аумағы жөнінен үлкен мемлекет.
А) Ауғанстан В) Ирак С) Сирия Д) Моңғолия Е) Швеция