Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?

Советы родителям в воспитании детей

Есте сақтау қабілеті жасың ұлғайған сайын нашарлай түсетіні анық. Ал қазіргі экология нашар заманда тіпті жастардың өзінің есте сақтау қабілеті нашарлап жатыр. Бұл мәселе әлемдік дәрігерлердің мазасын алып жүргеніне біраз болды. Негізінен есте сақтау қабілетін жоятын әдіс табылған жоқ, бірақ жақсартатын әдіс тәсілдер көптеп саналады. Бүгін біз сіздерге осылар туралы айта кетеміз.

1) Тайвандық зерттеушілердің айтуы бойынша кел-келген адам күніне куркуманың (қазақша аудармасын таппадым?) тек 1 грамының өзі адамдың есте сақтау қабілетін күні бойына жақсы ұстап тұрады екен. Яғни олар куркуманы жеген және жемеген адамдардың есте сақтау қабілетін салыстырып тексеріп отырған. Зерттеулер нәтижесі оның пайдалы екенін дәлелдеген.

2) Тайвандық дәрігерлер куркуманың пайдасын зерттеп жүргенде Вашингтонда бір топ Техастық ғалымдар өлеңнің адамның есте сақтау қабілетін жақсартатынын дәлелдеген. Яғни, өлеңге қызығатын немесе өлең айтатын адамдардың есте сақтау қабілеті өте жақсы сақталатын көрінеді.

Осыны естіген Хиконг Парк (американдық атақты дәрігер болу керек) өлеңнің шынымен адамның есте сақтау қабілетін жақсартама соны тексермекші болады, Сонымен экспериментке 14 кәсіби музыкантшы адам қатысады және өлеңнен мүлдем алшақ 15 адам қатысады. Тексеру барысында барлығына бірдей суреттер мен жазулар таратылады. Олар суреттер мен жазуларды жаттап жатқанда олардың бастарындағы өзгерістерді энцефалограф көмегімен тексереді. Қорытындысында музыка шынымен есте сақтау қабілетін жақсартатынын дәлелдеді. Бірақ қатты өзгешеліктер байқалған жоқ екен.

Музыкантшылардың неге ондай жақсы есте сақтай алатына әлі күнге шейін белгісіз болып отыр. Мүмкін оларға қиын ноталарды жаттауға тура келгендіктен бастары қатты жұмыс істейтін шығар. Не десек те Техастық дәрігерлер дәлелдеп шыққан.

Сонымен барлық жолдарды айтып шығу мүмкін емес. Келесі жолы тағы да жолдарын айтамын. Әзірге қандай жолдары бар екенін сіз білетін шығарсыз. Астына өз пікіріңізді қалдарыңыз?

Ал, барлықтарыңызға денсаулық тілеймін!

Сурет vk com