Өткенді пысықтау Математика
Математика.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың білімін,біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.
2.Ауызша,жазбаша есептеу дағдысын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыру.
3.Өз бетімен жұмыс жасай отырып,өзінің де өзгенің де еңбегін қадірлей білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі:қайталау
Типі: білімді пысықтау.
Әдісі:талдау,топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қималар.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
Ұранымыз:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
- II. Қызығушылығын ояту.
Математикалық диктант.
1.Екінші кластың 70 бірлігі және бірінші кластың 690 бірлігі бар санды жаз.
2.Алтыншы разрядтың 9 бірлігі,бесінші разрядтың 5 бірлігі және төртінші разрядтың 2 бірлігі санды жаз.
3.Тіктөртбұрыштың ауданы 63 см 2 ,ал ені 7 см. Ұзындығы нешеге тең?
4.3 сағ 20 минутта қанша минут бар?
5.Екі жүз бес мың алты жүз санын цифрмен жаз.
III. Оқулықпен жұмыс.
- «Өз орнын тап».
5-ке бөлінетін,2-ге бөлінетін,10-ға бөлінетін сандарды табу.
2.Мағынаны тану.
I нұсқа. II нұсқа.
30 660:420 25 200 :560
221 130:630 132 300:540
430 500:3500 993 300:4300
3.Есепте,тексер.
I қатар. II қатар. III қатар.
6009х34 2403х93 38 208:96
56х1230 2020х22 351 456:84
- «Өрнек құр».
- «Есепте». Бөлінгішті тап.
: 80 =60 (қалд.53) : 50 = 29 (қалд.15)
- «Ойлан тап». Есептемей-ақ салыстыр.
5 604х21 * 84 504
9803-703 * 8 804 -603
284 208 : 28 * 284 208 : 48
- Есептерды шығар.
А).Жүк кемесі 160 км қашықтықты бірдей жылдамдықпен қозғала отырып, 8 сағатта жүзіп өтті. Жүк кемесінің жылдамдығын тап.
Ә).Жүк кемесі 20 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып, 320 км қашықтықты жүзіп өтті. Жүк кемесі неше сағат жүзді?
Б.) Екі машина бір- біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты.Бірінші машинаның жылдамдығы 60 км/сағ, ал екінші машинаныңжылдамдығы 80 км/сағ.Авто көліктердің бір-біріне жақындау жылдамдығы қандай?
В) в) Арақашықтығы 280 км екі елді мекеннен екі машина бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты.Бірнші машинаның жылдамдығы 60 км/сағ, ал екінші машинаның жылдамдығы 80 км/ сағ. Машиналар неше сағаттан кейін кездесті?
(сызбаны толықтыр).
IV.Қорытынды. Тест тапсырмасы.
1.Жетінші разрядтың атауы.
А) Миллион Ә)Жүз мың Б)Он мың В)миллиард
2.Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. Жаяу адам
3 сағатта неше километр жүреді.
А)18 км Ә)15 км Б) 2км В)8 км
3.Өрнекте: 3 т 256 кг
А)3526кг Ә)3256 кг. Б)30256 кг. В) 3652 кг.
- Ең кіші санды белгіле.
А) 60 085 Ә) 600 085 Б) 600 058 В) 80 605
5.6 000 саны 1 000 – нан неше есе артық?
а)5 000 ә) 600 б) 7 000 В)6
V.Бағалау.
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.
- VI. Үйге тапсырма.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық